СҚО// АҚПАРАТ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ МАМЛЮТ АУДАНЫНДА ӨТТІ

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Uaqyz»  насихат бөлімінің  жылдық жоспарына сәйкес жергілікті ақпарат-насихат тобы құрылған болатын. Соған орай Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарын аралап кездесу, семинар және уағыз-насихат бойынша жұмыстар жоспарланған. Жұма күні аталған жоспарға сәйкес, Қызылжар орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы Мамлют ауданының мәдениет үйінде жергілікті жастармен және мемлекетік қызметкерлерімен кездесті. Онда «Бала тәрбиесі-баршаның ісі » тақырыбында уағыз айтып, жамағаттың да пікірлерін тыңдады. Содан кейін аудан орталығында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысын барып көрді. Құрылыс жұмысын аяқтау келесі жылғы құрбан айт мерекесіне дейін жоспарланған. «Мамлют қаласының тұрғындары Алланың қалауымен келесі жылғы құрбан айт мерекесін үш қабатты сәнді мешітте мерекелеуді нәсіп етсін, деп тілегін білдірді», – Қызылжар орталық мешітінің бас имамы.

Осы күнгі іссапар Бексейіт ауылында жалғасты. Ауылдағы мешіттің жамағатымен кездескен бас имам жастар тәрбиесі жөнінде уағыз айтты. Мешіттің наиб имамы жастар арасында араққұмарлық, нашақорлық басқа да теріс қылықтардың мұсылман тәрбиесіне жат екенін, оның адам тағдырына, отбасына ауырлық, қиындық әкелетінін түсіндірді.

Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲