Исламдағы қасиетті айлардың басталуы «Қызылжар» орталық мешітінде атап өтілді. Осыған орай шешен-ингуш диаспорасының өкілдері мешіттің асханасында кең дастархан жайды.
Онда ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы «Қызылжар» мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай ережеп айының қадір-қасиеті туралы уағыз айтты. Ал орыс тілінде уағыз айтқан «Қызылжар» мешітінің наиб имамы Қанат Мұстафин де осы тақырыпты қозғады . Бұл күні кездесуді ұйымдастырған «Вайнах» шешен-ингуш қоғамдық бірлестігінің төрағасы Саип Байдуев өз лебізін білдірді. Сондай-ақ бас қосуға қатысқан диаспоралардың жетекшілері алғыстарын арнады.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі