Қасиетті айлардың құрметіне

Исламдағы қасиетті айлардың басталуы «Қызылжар» орталық мешітінде атап өтілді. Осыған орай шешен-ингуш диаспорасының өкілдері мешіттің асханасында кең дастархан жайды.

Онда ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы «Қызылжар» мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай ережеп айының қадір-қасиеті туралы уағыз айтты. Ал орыс тілінде уағыз айтқан «Қызылжар» мешітінің наиб имамы Қанат Мұстафин де осы тақырыпты қозғады . Бұл күні кездесуді ұйымдастырған «Вайнах» шешен-ингуш қоғамдық бірлестігінің төрағасы Саип Байдуев өз лебізін білдірді. Сондай-ақ бас қосуға қатысқан диаспоралардың жетекшілері алғыстарын арнады.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

img-20170403-wa0020-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f

Return to Top ▲Return to Top ▲