Рамазан айының бір-екі жұлдызы көрінісімен ауызашар берген түрік диаспорасының өкілдері оразаның соңғы онкүндігінде тағы да жамағатқа жыпырлатып дастархан жайды. Сөйтіп, мешітіміздің үлкен асханасын келушілер нық толтырды.
Ауызашарда ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай Рамазан айының орасын зор сауабы туралы уағыз-насихат қана айтып қоймай, сонымен бірге ұлтаралық татулық туралы құанышты лебізін білдірді. Бұл шарада түрік диаспорасының өкілі Ыдырыс Картал ғана емес, басқа да диаспоралардың жетекшілері алғыстарын жеткізді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі