Алғыс арқалаған тәжіктер

Өңіріміздегі сан жағынан ең көп диаспораларың бірі – тәжіктер. Сонау  90 жылдардан бері өңір тұрғындарымен бірге түтін түтетіп келе жатқан тәжіктер дінге де берік. Мешітіміз ұйымдастырған шараларға олар белсене қатысады.

Міне осындай белсенділік жексенбі күні мешітімізде өткізілген ауызашар барысында айқын аңғарылды. Оған жиналған жұртшылық бір емес, екі асхананы толтырды. Нәтижесінде 400-дей адамға ауызашар берілді.

Ауызашарда ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай тәжік диаспорасының белсенділігіне алғысын білдірді. Ауызашарға қатысқан Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі Наиль  Салимов ұлтаралық татулыққа қомақты үлес қосып жүрген тәжік диаспорасы туралы жылы лебіз білдірді. Сондай-ақ ауызашарға қатысқан бүкіл диаспоралардың жетекшілері ақ тілектерін білдірді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

DSC09798 DSC09769 DSC09770 DSC09817DSC09767 DSC09772 DSC09808 DSC09778 DSC09787 DSC09836DSC09828 DSC09813 DSC09812

Return to Top ▲Return to Top ▲