Жамбыл аудандық «Тәубе» мешітінің ұйымдастыруымен және жастар ісінің мұрындық болуымен кәсіпкер, мұғалім, дәрігер, журналист жастардың арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында Жамбыл ауданының «Тәубе» мешіттің бас имамы Ғабит Блисов жастар арасында туындап жатқан төмендегідей келеңсіз мәселерді қамтыды:
- Сабырсыздық;
- мейірімсіздіктің екі дүниедегі зардабы;
- өскелең ұрпақтың ел болашағы туралы кеңінен түсінік берді.
Жамбыл ауданының бас имамы Ғабит Блисов ата дінімізді бекем ұстасақ дәстүр мен сабақтастырсақ, ел болашағы үстем болмақ дегендей мәселелерді көтерді.
Кездесу соңында жиналған қауым тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап берілді. Жастарға алдағы уақытта келелі іс-шаралар мен қайырымдылық жоспарын нығайту жайында ұсыныстар айтылды.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі