ЖУНТ Тайынша ауданында

13-қараша «Қызылжар» орталық мешітінде құрылған жергілікті уағыз-насихат тобы (Топ мүшелері: «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат, «Мухсин» мешітінің наиб имамы Бакаев Қаратай, Тайынша ауданының бас имамы Қайыргелді Руслан) «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлының тапсырмасымен  Тайынша ауданында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда Тайынша қаласындағы №1 қазақ мектебінде болып, 9-10 сынып оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында ислами тәрбиенің қазіргі жастарға тигізер пайдасы, жат ағымдардың зардабы т.б тақырыптар қамтылды. Кездесу соңында оқушылардың сұрақтарына жауап берілді. Сондай-ақ мешіт жамағатына жұма намазының алдында уағыз айтылды.IMG-20151113-WA0002 IMG-20151113-WA0004 IMG-20151113-WA0010

Return to Top ▲Return to Top ▲