1. 40 Құдыси хадис
  2. 40 Зікір туралы хадис
  3. ҚАЙТАР КҮНГЕ ДАЙЫНДЫҚ

Question: 40 Құдыси хадис

Answer:

أَرْبَعُونَ حَدِيثاً قُدْسِيّاً

تَأْلِيف: الدُّكْتُورُ عَائِض بْنُ عَبْدِاللهِ الْقَرَنِيّ

40 ҚҰДЫСИ ХАДИС

Авторы: Аид әл-Қарани

Аударған: Сәбит Ибадуллаев

Аннотация

Хадистер ғылым мен діннің Құраннан кейінгі қайнар көзі. Сонымен бірге, хадис пен аяттың арасында құдыси хадис деген де хадистің түрі бар. Осынау еңбекте зікір, дұға етудің пайдалары туралы қырық хадис пен тағы да қырық құдыси хадис топтастырылған. Кітап игі ниетті оқырманға арналады.

Кіріспе

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ

إِنَّ الْحَمْدَ لِلَّهِ، نَحْمَدُهُ وَنَسْتَعِينُهُ، وَنَسْتَغْفِرُهُ وَنَسْتَهْدِيهِ، وَنَعُوذُ بِهِ مِنْ شُرُورِ أَنْفُسِنَا، وَسَيِّئَاتِ أَعْمَالِنَا، مَن يَهْدِهِ اللهُ فَلاَ مُضِلَّ لَه، وَمَن يُضْلِلْ فَلاَ هَادِيَ لَه، وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى رَسُولِ اللهِ، وَآلِهِ وَصَحْبِه.

Барлық мадақ Аллаға тән, біз Оны мадақтаймыз, Одан жәрдем, жарылқау һәм һидаят сұраймыз. Оның атымен нәпсілеріміздің кесапаттарынан, істеріміздің кесірлерінен сақтанамыз. Алла кімді тура жолға бастаса, оны ешкім адастыра алмайды, ал кімді адастырса, оны тура жолға салушы жоқ. Салауат пен сәлем Алланың елшісіне, оның әулеті мен сахабаларына болсын!

Бүгін біз һижрамен 1419 жыл зул-хиджа айының тоғызы, яғни Арафа күніндеміз. Сағат кешкі алты, жұма күні. Бәлкім дұғаның қабыл уақыты болар. Бұл осы кітапты дайындауды бастаған шағым. Мұнда бәрін қамтушы, шешен сөз, әрнәрсеге жеткілікті және шипалы, мүміндердің ауыздарында жүрген, бір-біріне риуаят етіп, іс жүзіне асыратын һәм күллі қайырлығынан, сауабынан құр қалмайтын сахих хадистерді сұрыптап алдым.

Содан кейін ардақты сахаба, әділ риуаятшы Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен қырық құдыси хадисті жинақтадым. Алла оларды жинаған мен оқығанға пайда-сауабын, берекесін берер деп үміттенемін. Расында Ол бәрін Естуші һәм Жауап қатушы.

Ұлы Алладан осынау қасиетті жерде, осынау қасиетті сағатта Оның егер сұраса беретін, дұға қылса жауап қататын Ұлы Есімімен осы кітапты авторына, оқырманы мен естушісіне пайдалы етіп, сауапты һәм Алла жолында жасалған ықыласты, разылығына жетелейтін, жарылқауы мен есіркеуіне лайықты ететін жұмысқа айналдырғай, рахымы мен игілігінің себебі қылғай, жомарттығы мен мол сыйының ордасы – жәннатқа жеткізетін жақсылық қылғай деп дұға қыламын.

Алла Тағала жаратылысының жауһары, уахиының жауапкері, пенделеріне жіберген пайғамбары – пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның әулеті менсахабаларына салауаты мен сәлемін жолдағай.

Аид ибн Абдулла әл-Қарани

40 құдыси хадис

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ

Құдыси хадис туралы түсінік

Құдыси хадис дегеніміз Пайғамбардың (с.а.с.) Алла Тағаладан жеткізген сөздері. Бұл хадистердің «құдыси» деп сипатталуының сыры Алла Тағаланың «әл-Қуддус», яғни, «Ерекше Қасиетті, Киелі, Саф Таза» деген мағынадағы көркем есімімен қатысты айтылуында. Құдыси хадис Құран аяттары мен кәдімгі хадистердің арасындағы дәрежеде. Құдыси хадистің дәрежесі Құран Кәрімнің дәрежесіне жетпейді. Олардың арасында мынадай айырмашылықтар бар:

1. Құран Кәрім Пайғамбарымызға (с.а.с.) Жебірейіл періште арқылы түсірілген. Ал құдыси хадис Пайғамбарымызға (с.а.с.) Жебірейіл періште арқылы емес, аянмен берілген.

2. Құран Кәрім мутауатир жолымен, яғни, мүлтіксіз жеткізу жолымен жеткен. Ал құдыси хадис олай емес.

3. Құран Кәрімде ешқандай қателік жоқ. Ал құдыси хадистерде ішінара қателіктер болуы мүмкін. Олардың сахихтарымен бірге әлсіздері де бар.

4. Құран аяттары намазда оқылады, ал құдыси хадистер оқылмайды.

5. Құран Кәрім сүрелерге, аяттарға бөлінген, ал құдыси хадистер олай емес.

6. Құран Кәрімді тиләуетпен оқудың сауабы көп, құдыси хадистер дәл ондай емес.

7. Құран Кәрім қанша заман өтсе де кереметтері еш таусылмайтын теңдессіз мұғжиза. Ал құдыси хадис мұғжиза емес.

8. Құран кітабын жүніп жағдайындағы кісіге ұстауға болмайды. Ал құдыси хадисті ұстауына болады.

9. Құранды теріске шығарған адам кәпір болып саналады, ал құдыси хадистің кейбір сөздерін, риуаяттарын теріске шығарған адам кәпір болмайды.

10. Құдыси хадисті мағыналық жағынан риуаят етуге болады, ал Құран Кәрімді тек сөзбе-сөз жеткізу шарт.

Құдыси хадистер мен Пайғамбардың (с.а.с.) әдеттегі хадистерінің арасында мынадай айырмашылықтар бар:

1. Құдыси хадис Пайғамбардың (с.а.с.) Алла Тағаладан жеткізген сөздері. Ал кәдімгі хадистер Пайғамбардың (с.а.с.) өзі айтқан сөздер.

2. Құдыси хадистерде көбіне-көп Раббы Тағаланың жаратылысына айтқан сөздері, үрей мен үміт жайлы әңгіме болады да, нақтылы үкімдер туралы айтылмайды. Ал хадис шәрифтерде ғибадат үкімдері айтылады.

Негізінде құдыси хадистер Пайғамбардың (с.а.с.) өз аузымен айтылған әңгіме болғандықтан көбіне жалпы хадистердің қатарында қарастырылып, зерттеледі.

Осы бөлімде Алланың елшісінен (с.а.с.) ардақты сахаба Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген қырық құдыси хадис берілді.

Бірінші хадис

الْحَدِيثُ الأَوَّلُ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : «قَالَ اللهُ عَزَّ وَجَلَّ: يُؤْذِينِي ابْنُ آدَمَ: يَسُبُّ الدَّهْرَ، وَأَنَا الدَّهْرُ، بِيَدَيَّ الأَمْرُ، أُقَلِّبُ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Даңқты һәм Ұлық Алла былай дейді: «Адам баласы Мені жәбірлейді: тағдырды сөгеді. Ал тағдыр деген Мен. Түгел іс Менің қолымда, түн мен күнді де ауыстырамын». Бұхари риуаят еткен.

Екінші хадис

الْحَدِيثُ الثَّانِي

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «أَلَمْ تَرَوْا إِلَى مَا قَالَ رَبُّكُمْ؟ قَالَ: مَا أَنْعَمْتُ عَلَى عِبَادِي مِنْ نِعْمَةٍ إِلاَّ أَصْبَحَ فَرِيقٌ مِنْهُمْ كَافِرِينَ، يَقُولُونَ: اَلْكَوَاكِبُ، وَبِالْكَوَاكِبِ». رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Сендер Раббыларыңның не дегенін естідіңдер ме? Ол былай дейді: «Мен құлдарыма қандай да бір нығмет сыйламайын, олардың бір бөлігі оны теріске шығарады. Олар: «Жұлдыздар, жұлдыздар арқылы болды», – деседі». Мүслім риуаят еткен.

Үшінші хадис

الْحَدِيثُ الثَّالِثُ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: «قَالَ اللهُ عَزَّ وَجَلَّ: وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنْ ذَهَبَ يَخْلُقُ كَخَلْقِي؟ فَلْيَخْلُقُواْ ذُرَّةً، أَوْ لِيَخْلُقُواْ حَبَّةً، أَوْ شَعِيرَةً». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Әбу Һурайра (р.а.) Алланың елшісінің (с.а.с.) былай дегенін естігендігін айтады: «Даңқты һәм Ұлық Алла былай дейді: «Менің жаратылысым сияқты жаратуға тырысқан біреуден артық қандай залым бар? Қане, олар жоқтан бір түйір жаратып көрсін, не бір дәнекті, не бір арпаның дәнін жаратсын!». Бұхари риуаят еткен.

Төртінші хадис

الْحَدِيثُ الرَّابِعُ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «إِنَّ اللهَ يَقُولُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ: أَيْنَ الْمُتَحَابُّونَ فِي جَلاَلِي؟ اَلْيَوْمَ أُظِلُّهُمْ فِي ظِلِّي يَوْمَ لاَ ظِلَّ إِلاَّ ظِلِّي». رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Шындығында Алла Қиямет күні былай дейді: «Менің ұлылығым үшін бір-бірін жақсы көргендер қайда? Бүгін, Өзімнің көлеңкемнен басқа көлеңке жоқ күні Мен оларды көлеңкелетемін!». Мүслім риуаят еткен.

Бесінші хадис

الْحَدِيثُ الْخَامِسُ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «يَقُولُ اللهُ: إِذَا أَرَادَ عَبْدِي سَيِّئَةً: فَلاَ تَكْتُبُوهَا عَلَيْهِ حَتَّى يَعْمَلَهَا، فَإِنْ عَمِلَهَا فَاكْتُبُوهَا بِمِثْلِهَا، وَإِنْ تَرَكَهَا مِنْ أَجْلِي فَاكْتُبُوهَا لَهُ حَسَنَةً. وَإِذَا أَرَادَ أَنْ يَعْمَلَ حَسَنَةً فَلَمْ يَعْمَلْهَا، فَاكْتُبُوهَا لَهُ حَسَنَةً، فَإِنْ عَمِلَهَا فَاكْتُبُوهَا لَهُ بِعَشْرِ أَمْثَالِهَا، إِلَى سَبْعِمَائَةِ ضِعْفٍ، إِلَى أَضْعَافٍ كَثِيرَةٍ». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Алла (періштелеріне) былай дейді: «Егер де Менің құлым бір жамандықты қаласа, қашан оны істегенше оны жазбаңдар. Ал егер істесе, оған соның мөлшеріндей ғана жазыңдар. Ал егер де оны Мен үшін тастаса, оған бір жақсылық жазыңдар. Егер де ол бір жақсылықты істеуді қаласа, бірақ істемесе, оған бір жақсылық жазыңдар. Ал егер оны орындаса, оған оның он мысалындай, жеті жүз есеге дейін, одан да көп еселеп жазыңдар». Бұхари риуаят еткен.

Алтыншы хадис

الْحَدِيثُ السَّادِسُ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: يَقُولُ اللهُ تَعَالَى: «أَنَا عِنْدَ حُسْنِ ظَنِّ عَبْدِي بِي، وَأَنَا مَعَهُ إِذَا ذَكَرَنِي فِي مَلأٍ ذَكَرْتُهُ فِي مَلأٍ خَيْرٌ مِنْهُمْ، وَإِنْ تَقَرَّبَ إِلَىَّ شِبْراً تَقَرَّبْتُ إِلَيْهِ ذِرَاعاً، وَإِنْ تَقَرَّبَ إِلَىَّ ذِرَاعاً، تَقَرَّبْتُ إِلَيْهِ بَاعاً، وَإِنْ أَتَانِي يَمْشِي أَتَيْتُهُ هَرْوَلَةً». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ وَمُسْلِمٌ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Аллаһ тағала былай дейді: «Мен пендемнің Мен туралы ойлаған жақсы ойындамын. Ол Мені жария түрде зікір етсе, Мен де оны одан да жақсы жария түрде есіме түсіремін. Ол Маған бір сүйем жақындаса, Мен оған бір шынтақ жақындаймын. Ол Маған бір шынтақ жақындаса, Мен оған бір құлаш жақындаймын. Ол Маған аяңдап келсе, Мен оған асыға басып жетемін». Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

Жетінші хадис

الْحَدِيثُ السَّابِعُ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «قَالَ اللهُ: أَعْدَدْتُ لِعِبَادِي الصَّالِحِينَ مَا لاَ عَيْنٌ رَأَتْ، وَلاَ أُذُنٌ سَمِعَتْ، وَلاَ خَطَرَ عَلَى قَلْبِ بَشَرٍ، فَأَقْرَؤُواْ إِنْ شِئْتُمْ: ﴿فَلا تَعْلَمُ نَفْسٌ مَا أُخْفِيَ لَهُمْ مِنْ قُرَّةِ أَعْيُنٍ﴾». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Алла Тағала былай дейді: «Мен ізгі пенделеріме көз көрмеген, құлақ естімеген, ешбір адамзаттың жүрегіне кіріп те шықпаған нәрселерді (жұмақ рахаттарын) әзірледім». Қаласаңдар, мына аятты оқыңдар: «Ешбір жан өзіне қандай көзайымдар жасырылғандығын бімейді» (Сәжде, 17)». Бұхари риуаят еткен.

Сегізінші хадис

الْحَدِيثُ الثَّامِنُ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «يَتَنَزَّلُ رَبُّنَا تَبَارَكَ وَتَعَالَى كُلَّ لَيْلَةٍ إِلَى السَّمَاءِ الدُّنْيَا، حِينَ يَبْقَى ثُلُثُ اللَّيْلِ الآخِرِ، فَيَقُولُ: مَنْ يَدْعُونِي فَأَسْتَجِيبَ لَهُ؟ مَنْ يَسْأَلُنِي فَأُعْطِيهِ؟ مَنْ يَسْتَغْفِرُنِي فَأَغْفِرَ لَهُ؟». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Раббымыз Тәбәрака уа Тағала әрбір түні түннің соңғы үштен бір бөлігі қалғанда аспан дүниесіне түседі де былай дейді: «Кім Маған дұға қылып жатыр, дұғасын қабыл алайын? Кім Менен сұрап жатыр, сұрағанын берейін? Кім Менен жарылқау тілеп жатыр, жарылқайын!». Бұхари риуаят еткен.

Тоғызыншы хадис

الْحَدِيثُ التَّاسِعُ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «إِذَا أَحَبَّ اللَّهُ تَعَالَى الْعَبْدَ، نَادَى جِبْرِيلَ: إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى يُحِبُّ فُلاَناً، فَأَحْبِبْهُ، فَيُحِبُّهُ جِبْرِيلُ، فَيُنَادِى فِي أَهْلِ السَّمَاءِ: إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ فُلاَناً، فَأَحِبُّوهُ، فَيُحِبُّهُ أَهْلُ السَّمَاءِ، ثُمَّ يُوْضَعُ لَهُ الْقَبُولُ فِي الأَرْضِ». مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Алла Тағала бір пендені жақсы көрсе, Жебірейіл періштеге: «Алла Тағала пәлен деген пендені жақсы көреді, сен де оны жақсы көр!» – деп бұйырады. Жебірейіл періште оны жақсы көреді де, аспан жұртына: «Алла Тағала пәлен деген пендені жақсы көреді, сендер де оны жақсы көріңдер!» – деп жар салады. Сөйтіп, ол пендені аспан жұрты періштелер жақсы көреді. Сосын ол үшін жер бетінде де сондай келісім қойылады». Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

Оныншы хадис

الْحَدِيثُ العَاشِرُ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «إِنَّ اللهَ تَعَالَى قَالَ: مَنْ عَادَى لِي وَلِيّاً فَقَدْ آذَنْتُهُ بِالْحَرْبِ، وَمَا تَقَرَّبَ إِلَيَّ عَبْدِي بِشَيْءٍ أَحَبُّ إِلَيَّ مِمَّا افْتَرَضْتُهُ عَلَيْهِ، وَمَا يَزَالُ عَبْدِي يَتَقَرَّبُ إِلَيَّ بِالنَّوَافِلِ حَتَّى أُحِبُّهُ، فَإِذَا أَحْبَبْتُهُ كُنْتُ سَمْعَهُ الَّذِي يَسْمَعُ بِهِ، وَبَصَرَهُ الَّذِي يَبْصُرُ بِهِ، وَيَدَهُ الَّتِي يَبْطُشُ بِهَا، وَرِجْلُهُ الَّتِي يَمْشِي بِهَا، وَإِنْ سَأَلَنِي لَأُعْطِيَنَّهُ، وَلَئِنِ اسْتَعَاذَنِي لَأُعِيذَنَّهُ، وَمَا تَرَدَّدْتُ عَنْ شَيْءٍ أَنَا فَاعِلُهُ تَرَدُّدِي عَنْ نَفْسِ الْمُؤْمِنِ يَكْرَهُ الْمَوْتَ وَأَنَا أَكْرَهُ مُسَاءََتَهُ». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Әбу Һурайра (р.а.) риуаят етуінше Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Алла Тағала былай дейді: «Кім менің сүйікті құлыммен жауласса, Мен оған қарсы соғыс жариялаймын. Пендемді Маған жақындатқан нәрселерінің ішіндегі Мен үшін ең сүйіктісі – оған парыз еткен нәрселерім. Ал пендем Маған қосымша амалдармен жақындаса, Мен оны одан сайын жақсы көре түсемін. Мен оны жақсы көрсем, еститін құлағы, көретін жанары, ұстайтын қолы, жүретін аяғы боламын (яғни, кереметтер беремін). Егер ол менен қажетін сұраса беремін. Мен арқылы сақтанса, сақтаймын. Менің басқа істе дәл мүміннің жанын алар кезде қобалжығанымдай қобалжымадым. Ол өлімді ұнатпайды, ал Мен оның қиналғанын ұнатпаймын». Бұхари риуаят еткен.

Он бірінші хадис

الْحَدِيثُ الحَادِي عَشَرَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «إِنَّ أَوَّلَ مَا يُسْئَلُ عَنْهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ مِنَ النَّعِيمِ: أَلَمْ نُصِحِّ لَكَ جِسْمَكَ وَنُرْوِيكَ مِنَ الْمَاءِ الْبَارِدِ». رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ.

Әбу Һурайра (р.а.) таратқан риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Қиямет күні ең бірінші сұралатын нығметтер туралы: «Біз сенің деніңді сау қылмап па едік? Әрі сені салқын сумен сусындатпап па едік?» – деп сұралады». Термези риуаят еткен.

Он екінші хадис

الْحَدِيثُ الثَّانِي عَشَرَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «خَلَقَ اللهُ آدَمَ وَطُولُهُ سِتُّونَ ذِرَاعاً، ثُمَّ قَالَ: إِذْهَبْ، فَسَلِّمْ عَلَى أُولَئِكَ مِنَ الْمَلاَئِكَةِ، فَاسْتَمِعْ مَا يُحَيُّونَكَ، تَحِيَّتُكَ وَتَحِيَّةُ ذُرِيَّتِكَ، فَقَالَ: السَّلاَمُ عَلَيْكُمْ، فَقَالُوا: السَّلاَمُ عَلَيْكَ وَرَحْمَةُ اللهِ، فَزَادُوهُ: وَرَحْمَةُ اللهِ، فَكُلُّ مَنْ يَدْخُلُ الْجَنَّةَ عَلَى صُورَةِ آدَمَ، فَلَمْ يَزَلِ الْخَلْقُ يُنْقَصُ حَتَّى الآنَ». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Алла Адам атаны жаратқанда оның бойы алпыс шынтақ болатын. Сосын оған: «Бар да, ана тұрған періштелерге сәлем бер! Олардың саған қалай сәлем қайтаратындарын тыңда. Ол сенің һәм сенің ұрпақтарыңның сәлемі болады», – дейді. Адам періштелерге барып: «Ассаламу алейкум!» – дейді. Олар болса: «Ассаламу алейка уа рахматуллаһ!» – деп «уа рахматуллаһ» дегенді қосып айтады. Жұмаққа кіретіндердің бәрі де Адам атаның бейнесінде (бойлары сондай) болады. Жаратылыс қазірге дейін кішірейіп барады». Бұхари риуаят еткен.

Он үшінші хадис

الْحَدِيثُ الثَّالِثُ عَشَرَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «لَمَّا خَلَقَ اللهُ آدَمَ مَسَحَ ظَهْرَهُ، فَسَقَطَ مِنْ ظَهْرِهِ كُلُّ نَسَمَةٍ هُوَ خَالِقُهَا مِنْ ذُرِّيَّتِهِ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ، وَجَعَلَ بَيْنَ عَيْنَيْ كُلِّ إِنْسَانٍ مِنْهُمْ وَبِيصاً مِنْ نُورٍ، ثُمَّ عَرَضَهُمْ عَلَى آدَمَ، فَقَالَ: أَيْ رَبِّ، مَنْ هَؤُلاَءِ؟ قَالَ: هَؤُلاَءِ ذُرِّيَّتُكَ. فَرَأَىَ رَجُلاً مِنْهُمْ، فَأَعْجَبَهُ وَبِيصُ مَا بَيْنَ عَيْنَيْهِ، فَقَالَ: أَيْ رَبِّ، مَنْ هَذَا؟ قَالَ: هَذَا رَجُلٌ مِنْ آخِرِ الأُمَمِ مِنْ ذُرِّيَّتِكَ، يُقَالُ لَهُ دَاوُدُ. قَالَ: رَبِّ، وَكَمْ جَعَلْتَ عُمُرَهُ؟ قَالَ: سِتِّينَ سَنَةً. قَالَ: أَيْ رَبِّ، زِدْهُ مِنْ عُمُرِي أَرْبَعِينَ سَنَةً. فَلَمَّا انْقَضَى عُمُرُ آدَمَ جَاءَهُ مَلَكُ الْمَوْتِ، فَقَالَ: أَوَ لَمْ يَبْقَ مِنْ عُمُرِي أَرْبَعُونَ سَنَةً؟ قَالَ: أَوَ لَمْ تُعْطِهَا ابْنَكَ دَاوُدَ؟ قَالَ: فَجَحَدَ آدَمُ، فَجَحَدتْ ذُرِّيَّتُهُ، وَنَسِيَ آدَمُ، فَنَسِيَتْ ذُرِّيَّتُهُ، وَخَطِئَ آدَمُ، فَخَطِئَتْ ذُرِّيَّتُهُ». رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Алла Адам атаны жаратқанда арқасынан сипайды да, сонда арқасынан Алланың Қиямет күніне дейінгі жаратқан оның ұрпақтарының бәрі түседі. Ол Алла әрбір адамның екі көзінің алдына нұрдан жарқыл жасаған екен. Сосын оларды Адам атаға көрсетеді. Ол: «Уа, Раббым, Бұлар кімдер?» – деп сұрайды. Ол Алла: «Бұлар – сенің ұрпақтарың», – деп жауап береді. Сонда Адам ата олардың арасынан бір кісіні көреді де, оның екі көзінің алдындағы нұр жарығына таңданады. «Уа, Раббым! Бұл кім?» – деп сұрайды. Алла: «Бұл – сенің ұрпақтарыңның соңғыларынан болатын Дәуіт деген ер», – дейді. Адам ата: «Уа, Раббым! Оның ғұмырын қанша қылдың?» – деп сұрайды. Алла: «Алпыс жыл», – дейді. Сонда Адам ата: «Уа, Раббым! Менің ғұмырымнан алып, оның өміріне қырық жыл қоса гөр!» – дейді.

Адам атаның ғұмыры таусылған кезде оған өлім періштесі келеді. Сонда Адам ата: «Менің өмірімнің әлі қырық жылы бар емес пе еді?» – дейді. Періште: «Сен ол қырық жылды ұрпағың Дәуітке сыйламап па едің?» – дейді. Сөйтіп, Адам ата оны теріске шығарады. Ұрпағы да теріске шығаратын болдаы. Адам ата ұмытады да, ұрпағы да ұмытатын болады. Адам ата қателеседі де, ұрпағы да қателесетін болады». Термези риуаят еткен.

Он төртінші хадис

الْحَدِيثُ الرَّابِعُ عَشَرَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «خَلَقَ اللهُ الْخَلْقَ، فَلَمَّا فَرَغَ مِنْهُ قَامَتِ الرَّحِمُ، فَأَخَذَتْ بِحَقْوِ الرَّحْمَنِ، فَقَالَ لَهَا: مَهْ، قَالَتْ: هَذَا مَقَامُ الْعَائِذُ بِكَ مِنَ الْقَطِيعَةِ، قَالَ: أَلاَ تَرْضَيْنَ أَنْ أَصِلَ مَنْ وَصَلَكَ، وَأَقْطَعُ مَنْ قَطَعَكَ؟ قَالَتْ: بَلَى، يَا رَبِّ، قَالَ: فَذَاكَ». قَالَ أَبُو هُرَيْرَةِ: اِقْرَؤُواْ إِنْ شِئْتُمْ: ﴿فَهَلْ عَسَيْتُمْ إِنْ تَوَلَّيْتُمْ أَنْ تُفْسِدُوا فِي الْأَرْضِ وَتُقَطِّعُوا أَرْحَامَكُمْ﴾». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Алла жаратылысты жаратты. Жаратылысты жаратып болған соң ана жатыры орнынан тұрды да, Аса Мейірімдіге жармасты. Алла Тағала оған: «Қой!» – деді. Жатыр болса: «Бұл – туыстық қатынасты үзуден сақтанушының халі», – деді. Сонда Алла Тағала оған: «Менің сені (яғни, жатырлық, туыстық қатынасты) жалғағанмен қатынасып, сені үзгенмен үзісетініме разы боласың ба?» – деді. Жатыр: «Әлбетте!» – деп жауап берді. Раббы Тағала: «Ендеше сенің хағың сол болсын!» – деді». Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Қаласаңдар, мына аятты оқыңдар: «Бәлкім, сендер егер (иманнан, жиһадтан) теріс айналсаңдар, жер бетінде бұзақылық қылып, туыстық байланысты үзетін боларсыңдар?» (Мұхаммед, 22). Бұхари риуаят еткен.

Он бесінші хадис

الْحَدِيثُ الْخَامِسُ عَشَرَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: «قَالَ اللهُ تَعَالَى: قَسَّمْتُ الصَّلاَةَ بَيْنِي وَبَيْنَ عَبْدِي نِصْفَيْنِ، وَلِعَبْدِي مَا سَأَلَ. فَإِذَا قَالَ الْعَبْدُ: اَلْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ، قَالَ اللهُ تَعَالَى: حَمِدَنِي عَبْدِي، وَإِذَا قَالَ: الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ، قَالَ اللهُ تَعَالَى: أَثْنَى عَلَيَّ عَبْدِي، وَإِذَا قَالَ: مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ، قَالَ: مَجَدَنِي عَبْدِي، (وَقَالَ مَرَّةً: فَوَّضَ إِلَيَّ عَبْدِي)، فَإِذَا قَالَ: إِيَّاكَ نَعْبُدُ وَإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ، قَالَ: هَذَا بَيْنِي وَبَيْنَ عَبْدِي، وَلِعَبْدِي مَا سَأَلَ، فَإِذَا قَالَ: اِهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ، قَالَ: هَذَا لِعَبْدِي، وَلِعَبْدِي مَا سَأَلَ». رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

Бұл жайында Алланың Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Алла Тағала: «Намазды Өзім мен пендемнің арамызда екіге бөліп қойдым. Пендеме сұраған нәрсесін беремін», – дейді. Пенде: «Әлхамдулилләһи раббил-ъаләмин», – дегенде, Алла: «Пендем Мені мадақтады», – дейді. «Ар-рахманир-рахим», – дегенде, Алла: «Пендем Маған мақтау айтып, дәріптеді», – дейді. (Пенде: «Мәлики йәумид-дин», – дегенде, Алла: «Пендем Мені даңқымды айтты», – дейді. Не «пендем ісін маған тапсырды», – дейді). «Ийәкә нәъбуду уа ийәкә нәстәъин», – дегенде, Алла: «Бұл – Мені мен пендемнің арамыздағы нәрсе, пендеме сұрағанын беремін», – дейді. Пенде: «Иһдинәс-сираталь-мустәқим сираталь-ләзинә әнъәмтә әләйһим, ғайрил-мағдуби әләйһим уә ләд-даллин», – дегенде, Алла: «Бұл (тура жол) – пендеме, пендеме сұрағанын беремін», – дейді». Мүслім риуаят еткен.

Он алтыншы хадис

الْحَدِيثُ السَّادِسُ عَشَرَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قال: «اَلْمَلاَئِكَةُ يَتَعَاقَبُونَ: مَلاَئِكَةٌ بِاللَّيْلِ، وَمَلاَئِكَةٌ بِالنَّهَارِ، وَيَجْتَمِعُونَ فِي صَلاَةِ الْفَجْرِ، وَفِي صَلاَةِ الْعَصْرِ، ثُمَّ يَعْرِجُ إِلَيْهِ الَّذِينَ كَانُواْ فِيكُمْ، فَيَسْأَلُهُمْ، وَهُوَ أَعْلَمُ، فَيَقُولُ: كَيْفَ تَرَكْتُمْ عِبَادِي؟ فَقَالُواْ: تَرَكْنَاهُمْ يُصَلُّونَ، وَأَتَيْنَاهُمْ يُصَلُّونَ». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Періштелер кезектесіп айналып жүреді: түнгі періштелер және күндізгі періштелер. Олар таң намазы мен екінті намазында жиналады. Сосын сендердің араларыңда болғандары Алла Тағалаға көтеріледі. Ол – Алла олардан, Өзі біле тұра, былай деп сұрайды: «Менің құлдарымды қандай күйде тастадыңдар?». Сонда періштелер: «Олар біз кетіп бара жатқанда да намаз оқып жатты, барған кезімізде де намаз оқып жатты», – дейді». Бұхари риуаят еткен.

Он жетінші хадис

الْحَدِيثُ السَّابِعُ عَشَرَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «إِنَّ أَوَّلَ مَا يُحَاسَبُ بِهِ الْعَبْدُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ صلاته، فَإِنْ وُجِدَتْ تَامَّةً، كُتِبَتْ تَامَّةً، وَإِنْ كَانَ انْتَقَصَ مِنْهَا شَيْءٌ قَالَ: اُنْظُرُواْ هَلْ تَجِدُونَ لَهُ مِنْ تَطَوُّعٍ يُكْمِلُ لَهُ مَا ضِيعَ مِنْ فَرِيضَةٍ مِنْ تَطَوُّعِهِ، ثُمَّ سَائِرُ الأَعْمَالِ تَجْرِي عَلىَ حَسَبِ ذَلِكَ». رَوَاهُ النَّسَائِيُّ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Қиямет күні пенденің ең бірінші есеп алынатын амалы, ол – оның намазы. Егер онысы толық болса, толық болып жазылады. Ал егер одан бір нәрсені кеміткен болса, Ол (Алла Тағала періштелеріне): «Қараңдар! Оның қосымша амалдары бар ма екен, жоғалған парыздарының орнын толықтыратын?» – дейді. Сосын бүкіл іс-амалдар сол тәртіппен есептеледі». Нәсәи риуаят еткен.

Он сегізінші хадис

الْحَدِيثُ الثَّامِنُ عَشَرَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «قَالَ اللهُ عَزَّ وَجَلَّ: أَنْفِقْ عَلَيْكَ. وَقَالَ: يَدُ اللهِ مَلْأى، لاَ تُغِيضُهَا نَفَقَةٌ، سَحَّاءُ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ، وَقَالَ: أَرَأَيْتُمْ مَا أَنْفَقَ مُنْذُ خَلْقِ السَّمَاءِ وَالأَرْضِ؟ فَإِنَّهُ لَمْ يَغِضْ مَا فِي يَدِهِ، وَكَانَ عَرْشُهُ عَلَى الْمَاءِ، وَبِيَدِهِ الْمِيزَانُ يَخْفِضُ وَيَرْفَعُ». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Даңқты һәм Ұлық Алла былай дейді: «Өзің үшін қайыр жұмса!» («Садақа бер»). Алланың қолы толы, ол жұмсағаннан азаймайды. Күні-түні (ырзық-несібені) төгіп тұрады. Сендер Оның көк пен жерді жаратқанынан бері қанша жұмсағанына қарамайсыңдар ма? Солай бола тұра, Оның қолындағы еш азаймайды. Оның Аршысы судың үстінде болатын. Оның қолында түсіріп-көтеріп тұрған таразысы бар». Бұхари риуаят еткен.

Он тоғызыншы хадис

الْحَدِيثُ التَّاسِعُ عَشَرَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قال: «اَلصِّيَامُ جُنَّةٌ، فَلاَ يَرْفُثْ، وَلاَ يَجْهَلْ، وَإِنِ امْرُؤٌ قَاتَلَهُ، أَوْ شَاتَمَهُ، فَلْيَقُلْ: «إِنِّي صَائِمٌ»، مَرَّتَيْنِ. وَالَّذِي نَفْسٍي بِيَدِهِ لَخَلُوفُ فَمِ الصَّائِمِ أَطْيَبُ عِنْدَ اللهِ مِنْ رِيحِ الْمِسْكِ، يَتْرُكُ طَعَامَهُ وَشَرَابَهُ وَشَهْوَتَهُ مِنْ أَجْلِي، اَلصِّيَامُ لِي، وَأَنَا أُجْزِي بِهِ، وَالْحَسَنَةُ بِعَشْرِ أَمْثَالِهَا». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Әбу Һурайра (р.а.) таратқан риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Ораза – қалқан. Ораза тұтушы жаман сөз айтпасын, надандық қылмасын. Тіпті, егер бір адам онымен төбелессе, не сөксе де, «Мен – оразамын!» деп екі мәрте айтсын. Жаным қолында болған Алланың атымен ант етейін, сөзсіз, ораза тұтушының аузының исі Алланың дәргейінде мисктің жұпар исінен артық. Алла Тағала айтады: «Ол Мен үшін тағамын, сусынын, қызықтауын тастады. Ораза тек Мен үшін, сондықтан да оның Өзім сауабын беремін. Әрбір жақсылық он еселенеді». Бұхари риуаят еткен.

Жиырмасыншы хадис

الْحَدِيثُ الْعِشْرُونَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «قَالَ اللهُ عَزَّ وَجَلَّ: أَحَبُّ عِبَادِي إِلَيَّ أَعْجَلُهُمْ فِطْراً». رَوَاهُ أَحْمَدُ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Даңқты һәм Ұлық Алла былай дейді: «Құлдарымның ішіндегі Маған ең сүйкімділері оразасын ашуға асыққандары (яғни, дер кезінде ашқандар)». Ахмет, Термези риуаят еткен.

Жиырма бірінші хадис

الْحَدِيثُ الحَادِي وَالْعِشْرُونَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «اِنْتَدَبَ اللهُ عَزَّ وَجَلَّ لِمَنْ خَرَجَ فِي سَبِيلِهِ لاَ يُخْرِجُهُ إِلاَّ إِيْمَانٌ بِي وَتَصْدِيقٌ بِرُسُلِي، أَنْ أُرْجِعَهُ بِمَا نَالَ مِنْ أَجْرٍ أَوْ غَنِيمَةٍ، أَوْ أُدْخِلَهُ الْجَنَّةَ. وَلَوْلاَ أَنْ أَشُقَّ عَلَى أُمَّتِي مَا قَعَدْتُ خَلْفَ سَرِيَّةٍ، وَلَوَدَدْتُ أَنِّي أُقْتَلُ فِي سَبِيلِ اللهِ، ثُمَّ أُحْيَا، ثُمَّ أُقْتَلُ، ثُمَّ أُحْيَا، ثُمَّ أُقْتَلُ». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Даңқты һәм Ұлық Алла Өзінің жолында шыққандарға мынадай кепілдік берді: «Оларды осы жолға Маған деген иман-сенімдері мен Менің елшілерімді растаулары ғана шығарса, Мен оларды не өздері қол жеткізген сый-сияпат пен олжалармен қайтарамын, не оларды жұмаққа кіргіземін». Егер де үмбетіме қиындық келмесе, мен (Алланың елшісі) бірде-бір жасақтың артында қалмас едім. Алланың жолында бір өліп, сосын қайта тіріліп, сосын тағы өліп, сосын қайта тіріліп, сосын тағы да өлгенімді қатты қалаймын». Бұхари риуаят еткен.

Жиырма екінші хадис

الْحَدِيثُ الثَّانِي وَالْعِشْرُونَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ يَقُولُ: سَمِعْتُ أَبَا الْقَاسِمِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: «عَجِبَ رَبُّنَا عَزَّ وَجَلَّ مِنْ قَوْمٍ يُقَادُونَ إِلَى الْجَنَّةِ فِي السَّلاَسِلِ». رَوَاهُ أَحْمَدُ وَأَبُو دَاوُدَ.

Әбу Һурайра (р.а.) Алланың елшісінің (с.а.с.) былай дегенін естігендігін айтады: «Даңқты һәм Ұлық Раббымыз жұмаққа шынжырлармен айдалған қауымды көріп таңданды». Ахмет, Әбу Дәуіт риуаят еткен. (Мұнда мұсылмандарға тұтқын болып түсіп, кейіннен өздері мұсылман болғандар туралы айтылып тұр).

Жиырма үшінші хадис

الْحَدِيثُ الثَّالِثُ وَالْعِشْرُونَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «يَقُولُ اللهُ تَعَالَى: مَا لِعَبْدِي الْمُؤْمِنِ عِنْدِي جَزَاءٌ إِذَا قَبَضْتُ صَفِيَّهُ مِنْ أَهْلِ الدُّنْيَا، ثُمَّ احْتَسَبَهُ، إِلاَّ الْجَنَّةُ». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Алла Тағала былай дейді: «Мен дүние жұртындағы сүйіктісін алған соң оның сауабын тілеген иман келтірген құлым үшін Менің дәргейімдегі сый – жұмақ!». Бұхари риуаят еткен.

Жиырма төртінші хадис

الْحَدِيثُ الرَّابِعُ وَالْعِشْرُونَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «ثَلاَثَةٌ لاَ تُرَدُّ دَعْوَتُهُم: الصَّائِمُ حَتَّى يُفْطِرَ وَالإِمَامُ الْعَادِلُ وَدَعْوَةُ الْمَظْلُومِ يَرْفَعُهَا اللهُ فَوْقَ الْغَمَامِ وَيَفْتَحُ لَهَا أَبْوَابَ السَّمَاءِ وَيَقُولُ الرَّبُّ: وَعِزَّتِي لَأَنْصُرَنَّكَ وَلَوْ بَعْدَ حِينٍ». رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ وَابْنُ مَاجَه.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Үш адамның дұғасы кері қайтарылмайды: ораза тұтушы аузын ашқанша, әділ басшының және қиянат көргеннің дұғасы. Алла оны (қиянат көргеннің дұғасын) бұлттардан жоғары көтереді де, оған аспанның қақпаларын ашады. Сосын Раббы: «Ұлықтығыммен ант етемін, кейін болса да саған көмектесемін», – дейді». Термези, Ибн Мәже риуаят еткен.

Жиырма бесінші хадис

الْحَدِيثُ الْخَامِسُ وَالْعِشْرُونَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «مَا مِنْ مُسْلِمَيْنِ يَمُوتُ بَيْنَهُمَا ثَلاَثَةُ أَوْلاَدٍ لَمْ يَبْلُغُوا الْحِنْثَ، إِلاَّ أَدْخَلَهُمَا اللهُ بِفَضْلِ رَحْمَتِهِ إِيَّاهُمُ الْجَنَّةَ، يُقَالُ لَهُمْ: اُدْخُلُوا الْجَنَّةَ، فَيَقُولُونَ: حَتَّى يَدْخُلَ آبَاؤُنَا، فَيُقَالُ: أُدْخُلُوا الْجَنَّةَ أَنْتُمْ وَآبَاؤُكُمْ». رَوَاهُ النَّسَائِيُّ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Екі мұсылманның (жұбайлардың) балиғатқа жетпеген үш баласы қайтыс болса, Алла ол екеуін (ата-анасын) Өзінің рахымымен жұмаққа кіргізеді. Оларға (шетінеген балаларына): «Жұмаққа кіріңдер!» – делінеді. Олар болса: «Жоқ, әуелі ата-анамыз кірсін», – дейді. Сонда оларға: «Сендер де, ата-аналарың да жұмаққа кіріңдер!» – делінеді». Нәсәи риуаят еткен.

Жиырма алтыншы хадис

الْحَدِيثُ السَّادِسُ وَالْعِشْرُونَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَنَّهُ عَادَ مَرِيضاً، وَمَعَهُ أَبُو هُرَيْرَةَ، مِنْ وَعْكٍ كَانَ بِهِ، فَقَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «أَبْشِرْ، فَإِنَّ اللهَ عَزَّ وَجَلَّ يَقُولُ: هِيَ نَارِي أُسَلِّطُهَا عَلَى عَبْدِي الْمُؤْمِنِ فِي الدُّنْيَا، لِتَكُونَ حَظُّهُ مِنَ النَّارِ فِي الآخِرَةِ». رَوَاهُ ابْنُ مَاجَه.

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша ол Пайғамбармен (с.а.с.) бірге қызуы көтеріліп жатқан бір науқастың халін сұрауға барады. Сонда Алланың елшісі (с.а.с.) науқасқа былай дейді: «Қуан! Шындығында Даңқты да Ұлық Алла былай дейді: «Ол (дерт) – Менің иман келтірген пендеме осы дүниеде беретін тозағым. Оның ақырет тозағынан алған бар үлесі сол болуы үшін солай етемін». Ибн Мәже риуаят еткен.

Жиырма жетінші хадис

الْحَدِيثُ السَّابِعُ وَالْعِشْرُونَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «نَزَلَ نَبِيٌّ مِنَ الأَنْبِيَاءِ تَحْتَ شَجَرَةٍ، فَلَدَغَتْهُ نَمْلَةٌ، فَأَمَرَ بِجِهَازِهِ فَأُخْرِجَ مِنْ تَحْتِهَا، ثُمَّ أَمَرَ بِبَيْتِهَا فَأُحْرِقَ بِالنَّارِ، فَأَوْحَى اللهُ إِلَيْهِ: فَهَلَّا نَمْلَةً وَاحِدَةً؟». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Пайғамбарлардың бірі бір ағаштың астына келіп отырғанда оны бір құмырсқа шағып алады. Сонда ол нөкерлеріне заттарын ағаштың астынан шығартады. Сосын құмырсқаның илеуін өртеуге бұйырады. Сонда Алла оған: «Бір құмырсқаны ғана (өзіңді шаққанын) өлтірмедің бе?» – деп уахи етеді». Бұхари риуаят еткен.

Жиырма сегізінші хадис

الْحَدِيثُ الثَّامِنُ وَالْعِشْرُونَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «لَمَّا خَلَقَ اللهُ الْخَلْقَ كَتَبَ فِي كِتَابِهِ، وَهُوَ يَكْتُبُ عَلَى نَفْسِهِ، وَهُوَ وَضْعٌ عِنْدَهُ عَلَى الْعَرْشِ: إِنَّ رَحْمَتِي تَغْلِبُ غَضَبِي». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Алла Тағала жаратылысты жаратып болған соң Өзінің Кітабында Өзіне мынадай кепілдікті жазды, ол өз дәргейінде Аршының үстінде сақтаулы: «Шындығында Менің рахымым ашуымды жеңетін болады». Бұхари риуаят еткен.

Жиырма тоғызыншы хадис

الْحَدِيثُ التَّاسِعُ وَالْعِشْرُونَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «إِنَّ عَبْداً أَصَابَ ذَنْباً، وَرُبَّمَا قَالَ: أَذْنَبَ ذَنْباً، قَالَ: رَبِّ أَذْنَبْتُ، وَرُبَّمَا قَالَ: أَصَبْتُ، فَاغْفِرْ لِي. فَقَالَ رَبُّهُ: أَعَلِمَ عَبْدِي أَنَّ لَهُ رَبّاً يَغْفِرُ الذَّنْبَ، وَيَأْخُذُ بِهِ؟ غَفَرْتُ لِعَبْدِي. ثُمَّ مَكَثَ مَا شَاءَ اللهُ ثُمَّ أَصَابَ ذَنْباً، أَوْ أَذْنَبَ ذَنْباً، فَقَالَ: رَبِّ، أَذْنَبْتُ، أَوْ أَصَبْتُ آخَرَ، فَاغْفِرْهُ. فَقَالَ: أَعَلِمَ عَبْدِي أَنَّ لَهُ رَبّاً يَغْفِرُ الذَّنْبَ، وَيَأْخُذُ بِهِ؟ غَفَرْتُ لِعَبْدِي ثَلاَثاً، فَلْيَعْمَلْ مَا شَاءَ». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін естігендігін айтады: «Бір пенде күнә жасап қояды да: «Раббым! Мен күнә жасап қойдым, мені кешір», – дейді. Сонда Раббысы Алла Тағала: «Құлым өзінің күнәларын кешіретін, сол үшін жазалайтын Раббысы барын білді ме? Ендеше ол құлымды кешірдім!» – дейді. Сосын әлгі пенде Алланың қалауымен біраз уақыт болады. Сосын тағы да күнә жасап қояды. «Раббым! Мен тағы күнә жасап қойдым! Мені кешір!» – дейді. Сонда Алла Тағала тағы: ««Құлым өзінің күнәларын кешіретін, сол үшін жазалайтын Раббысы барын білді ме? Ендеше ол құлымды үш мәрте кешірдім! Енді қалағанын істей берсін!» – дейді». Бұхари риуаят еткен. Хадисте тәубе ете отырып, күнә жасап қойған пенде туралы айтылып отыр. Ал күнәны біле тұра, қайта-қайта құлшына істей беру кешірілмейтін күнә болып саналады.

Отызыншы хадис

الْحَدِيثُ الثَّلاَثُونَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «يَقْبِضُ اللهُ الأَرْضَ وَيَطْوِي السَّمَاءَ بِيَمِينِهِ ثُمَّ يَقُولُ: أَنَا الْمَلِكُ، أَيْنَ مُلُوكُ الأَرْضِ؟». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Алла Тағала (Қиямет күні) жерді құдірет қолымен ұстап, аспанды бүктейді. Сосын: «Мен – Патшамын! Жер бетінің патшалары қайда?!» – дейді». Бұхари риуаят еткен.

Отыз бірінші хадис

الْحَدِيثُ الحَادِي وَالثَّلاَثُونَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «لاَ يَأْتِي ابْنَ آدَمَ النُّذُرُ بِشَيْءٍ لَمْ يَكُنْ قَدْ قَدَّرْتُهُ، وَلَكِنْ يُلْقِيهِ الْقَدَرُ، وَقَدْ قَدَّرْتُهُ لَهُ، أَسْتَخْرِجُ بِهِ مِنَ الْبَخِيلِ». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Алла Тағала былай дейді: «Адам баласына нәзір-серттері тағдырына жазбаған нәрсені келтіре алмайды. Алайда оны (нәзірді) Менің оған жазған тағдырым тастайды, сол арқылы сараңнан (бұрын шығармағанын) шығартамын». Бұхари риуаят еткен.

Бұл құдыси хадистің мағынасы «егер ауруымнан жазылсам», не «басқадай қиыншылықтан шықсам, Алла Тағала үшін ақсарбас атаймын, қайыр-садақа қыламын» деп айту келіп тұрған жазмышты өзгерте алмайды дегенді білдіреді.

Отыз екінші хадис

الْحَدِيثُ الثَّانِي وَالثَّلاَثُونَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَنَّهُ قَالَ، يَعْنِي اللهُ تَبَارَكَ وَتَعَالَى: «لاَ يَنْبَغِي لِعَبْدٍ لِي أَنْ يَقُولَ: أَنَا خَيْرٌ مِنْ يُونُسَ بْنِ مَتَي عَلَيْهِ السَّلاَمُ». رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Алла Тәбарака уа Тағала былай дейді: «Менің ешбір құлымның: «Мен Метейұлы Жүністен (Жүніс пайғамбардан), оған бейбітшілік болсын, артықпын», – деп айтуына болмайды». Мүслім риуаят еткен.

Отыз үшінші хадис

الْحَدِيثُ الثَّالِثُ وَالثَّلاَثُونَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنْ رَسُولِ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «إِنَّ رَجُلاً لَمْ يَعْمَلْ خَيْراً قَطُّ، وَكَانَ يُدَايِنُ النَّاسَ، فَيَقُولُ لِرَسُولِهِ: خُذْ مَا تَيَسَّرَ، وَاتْرُكْ مَا عَسُرَ، وَتَجَاوَزْ، لَعَلَّ اللهُ تَعَالَى أَنْ يَتَجَاوَزَ عَنَّا. فَلَمَّا هَلَكَ، قَالَ اللهُ عَزَّ وَجَلَّ: هَلّْ عَمِلْتَ خَيْراً قَطُّ؟ قَالَ: لاَ إِلاَّ أَنَّهُ كَانَ لِي غُلاَمٌ، وَكُنْتُ أُدَايِنُ النَّاسَ، فَإِذَا بَعَثْتُهُ لِيَتَقَاضَى، قُلْتُ لَهُ: خُذْ مَا تَيَسَّرَ، وَاتْرُكْ مَا عُسِرَ، وَتَجَاوَزْ، لَعَلَّ اللهُ يَتَجَاوَزُ عَنَّا. قَالَ اللهُ تَعَالَى: قَدْ تَجَاوَزْتُ عَنْكَ». رَوَاهُ أَحْمَدُ وَالنَّسَائِيُّ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Ертеде бірде-бір қайыр іс қылмаған кісі болыпты. Ол адамдарға қарыз береді екен. Шабарманына: «Адамдардан жеңіл келгенін ал да, қиын болғанын қоя бер, кешіре сал. Бәлкім, Алла Тағала (Қиямет күні) бізді де кешірер», – дейтін. Сол кісі қайтыс болғанда Даңқты һәм Ұлық Алла оған: «Сен бір жақсылық жасап көріп пе ең?» – дейді. Ол кісі: «Жоқ. Бірақ менің қызметшім бар еді. Өзім адамдарға қарыз беретінмін. Қарызды алуға жібергенімде мен оған: «Адамдардан жеңіл ке

Question: 40 Зікір туралы хадис

Answer:

أَرْبَعُونَ حَدِيثاً فِي الأَذْكَارِ

تَأْلِيف: الدُّكْتُورُ عَائِض بْنُ عَبْدِاللهِ الْقَرَنِيّ

40 ЗІКІР ТУРАЛЫ ХАДИС

Авторы: Аид әл-Қарани

Аударған: Сәбит Ибадуллаев

Аннотация

Хадистер ғылым мен діннің Құраннан кейінгі қайнар көзі. Сонымен бірге, хадис пен аяттың арасында құдыси хадис деген де хадистің түрі бар. Осынау еңбекте зікір, дұға етудің пайдалары туралы қырық хадис топтастырылған. Кітап игі ниетті оқырманға арналады.

Кіріспе

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ

إِنَّ الْحَمْدَ لِلَّهِ، نَحْمَدُهُ وَنَسْتَعِينُهُ، وَنَسْتَغْفِرُهُ وَنَسْتَهْدِيهِ، وَنَعُوذُ بِهِ مِنْ شُرُورِ أَنْفُسِنَا، وَسَيِّئَاتِ أَعْمَالِنَا، مَن يَهْدِهِ اللهُ فَلاَ مُضِلَّ لَه، وَمَن يُضْلِلْ فَلاَ هَادِيَ لَه، وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى رَسُولِ اللهِ، وَآلِهِ وَصَحْبِه.

Барлық мадақ Аллаға тән, біз Оны мадақтаймыз, Одан жәрдем, жарылқау һәм һидаят сұраймыз. Оның атымен нәпсілеріміздің кесапаттарынан, істеріміздің кесірлерінен сақтанамыз. Алла кімді тура жолға бастаса, оны ешкім адастыра алмайды, ал кімді адастырса, оны тура жолға салушы жоқ. Салауат пен сәлем Алланың елшісіне, оның әулеті мен сахабаларына болсын!

Зікірлердің қасиеті туралы 40 хадис

Бірінші хадис

الْحَدِيثُ الأَوَّلُ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: يَقُولُ اللهُ تَعَالَى: «أَنَا عِنْدَ حُسْنِ ظَنِّ عَبْدِي بِي، وَأَنَا مَعَهُ إِذَا ذَكَرَنِي فِي مَلأٍ ذَكَرْتُهُ فِي مَلأٍ خَيْرٌ مِنْهُمْ، وَإِنْ تَقَرَّبَ إِلَىَّ شِبْراً تَقَرَّبْتُ إِلَيْهِ ذِرَاعاً، وَإِنْ تَقَرَّبَ إِلَىَّ ذِرَاعاً، تَقَرَّبْتُ إِلَيْهِ بَاعاً، وَإِنْ أَتَانِي يَمْشِي أَتَيْتُهُ هَرْوَلَةً». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Әбу Һурайрадан жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.): «Аллаһ тағала: «Мен пендемнің Мен туралы ойлаған жақсы ойындамын. Ол Мені жария түрде зікір етсе, Мен де оны одан да жақсы жария түрде есіме түсіремін. Ол Маған бір сүйем жақындаса, Мен оған бір шынтақ жақындаймын. Ол Маған бір шынтақ жақындаса, Мен оған бір құлаш жақындаймын. Ол Маған аяңдап келсе, Мен оған асыға басып жетемін», – дейді», – деген. Бұхари риуаят еткен.

Екінші хадис

الْحَدِيثُ الثَّانِي

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ أَكْثَرُ دُعَاءِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِي الْآخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

Әнес сахаба (р.а.) былай дейді: «Пайғамбардың (с.а.с.) көп айтатын дұғасы мынадай еді: «Раббымыз! Бізге дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер һәм бізді тозақ азабынан сақта!». Бұхари риуаят еткен.

Оқылуы: «Раббәнәә әәтинә фид-дуния хәсәнәтәу-уа фил-аахирати хәсәнәтәу-уа қина ъәзәәбән-наар».

Үшінші хадис

الْحَدِيثُ الثَّالِثُ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «مَنْ قَالَ: لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، فِي يَوْمٍ مَائَةَ مَرَّةٍ كَانَتْ عَدْلُ عَشَرَ رِقَابٍ وَكُتِبَ لَهُ مَائَةَ حَسَنَةٍ وَمُحِيَتْ عَنْهُ مَائَةَ سَيِّئَةٍ وَكَانَ حِرْزًا لَهُ مِنَ الشَّيْطَانِ يَوْمَهُ ذَلِكَ حَتَّى يُمْسِيَ وَلَمْ يَأْتِ أَحَدٌ بِأَفْضَلَ مِنْهُ إِلاَّ رَجُلٌ عَمِلَ أَكْثَرَ مِنْ ذَلِكَ».مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Кімде-кім бір күнде «Жалғыз, серігі болмаған Алладан басқа тәңір жоқ, барлық билік Онікі, барлық мадақ Онікі әрі Ол барлық нәрсеге Құдіретті» деп жүз мәрте айтса, ол он құлды азат еткендей болады, оған жүз жақсылық жазылады және оның жүз жамандығы өшіріледі. Ол дұғасы оған сол күні кешке дейін шайтаннан қорған болады. Сол күні дәл сол адамдай жақсылық жасаған адам болмайды, тек кім көбірек айтса, сол ғана артық бола алады». Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

Оқылуы: ««Лә иләәһә иллаллааһу уахдәһу ләә шәриикә ләһу, ләһул-мулку уа ләһул-хамду уа һуа ъәләә кулли шәйин қадиир».

Төртінші хадис

الْحَدِيثُ الرَّابِعُ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «مَنْ قَالَ سُبْحَانَ اللهِ وَبِحَمْدِهِ فِي يَوْمٍ مَائَةَ مَرَّةٍ حُطَّتْ خَطَايَاهُ، وَإِنْ كَانَتْ مِثْلَ زَبَدِ الْبَحْرِ». مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім бір күні «Алла пәк әрі мақтаулы» деп жүз мәрте айтса, оның күнә-қателіктері, тіпті, теңіздің көбігіндей болса да кешіріледі», – деген. Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

Оқылуы: «Субханаллаһи уа бихамдиһи».

Бесінші хадис

الْحَدِيثُ الْخَامِسُ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «كَلِمَتَانِ خَفِيفَتَانِ عَلَى اللِّسَانِ، ثَقِيلَتَانِ فِي المِيزَانِ، حَبِيبَتَانِ إِلَى الرَّحْمَنِ: سُبْحَانَ اللهِ وَبِحَمْدِهِ، سُبْحَانَ اللهِ العَظِيمِ». رَوَاهُ البُخَارِيُّ وَمُسْلِمٌ.

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша Пайғамбар (с.а.с.): «Тілге жеңіл, амал таразысында ауыр һәм Аса Мейірімді Аллаға сүйікті екі сөз бар: «Алла пәк әрі мақтаулы, Ұлы Алла пәк», – деген. Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

Оқылуы: «Субханаллаһи уа бихамдиһи уа субханаллаһил-ъазыйм».

Алтыншы хадис

الْحَدِيثُ السَّادِسُ

عَنْ أَبِي بَكْرٍ الصِّدِّيقِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّهُ قَالَ لِرَسُولِ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: عَلِّمْنِي دُعَاءً أَدْعُو بِهِ فِي صَلاَتِي. قَالَ: «قُلِ اللَّهُمَّ إِنِّي ظَلَمْتُ نَفْسِي ظُلْمًا كَثِيرًا وَلاَ يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلاَّ أَنْتَ، فَاغْفِرْ لِي مَغْفِرَةً مِنْ عِنْدِكَ، وَارْحَمْنِي، إِنَّكَ أَنْتَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ». مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.

Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) Алланың елшісінен (с.а.с.): «Маған намазымда тілек тілейтін бір дұға үйретіңізші», – деп сұрағанда, ол (с.а.с.): «Былай деп айт: «Уа, Алла! Шындығында мен өз-өзіме көп зұлымдық қылдым, ал күнәні Өзіңнен басқа ешкім де кешіре алмайды. Ендеше мені Өз тарапыңнан жарылқаумен жарылқап, рахым қыл. Ақиқатында Сен Аса Кешірімдісің һәм Мейірбансың», – деген. Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

Оқылуы: «Аллааһуммә иннии заламту нәфсии зұлмән кәсииран, уа ләә йағфируз-зунуубә иллә әнтә, фағфирлии мағфиратәм-мин ъиндикә, уархамнии иннәкә әнтәл-ғафуурур-рахиим».

Жетінші хадис

الْحَدِيثُ السَّابِعُ

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُمَا قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ عِنْدَ الْكَرْبِ: «لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ الْعَظِيمُ الحَلِيمُ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ رَبُّ العَرْشِ العَظِيمِ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ رَبُّ السَّمَاوَاتِ وَرَبُّ الأَرْضِ وَرَبُّ الْعَرْشِ الْكَرِيمِ‏»‏‏.‏ مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.

Ибн Аббастың (р.а.) айтуынша Алланың елшісі (с.а.с.) басына қайғы-қасірет, уайым-мұң тап болғанда былай дейтін: «Ұлы һәм Мүләйім Алладан басқа құдай жоқ. Ұлы аршының Иесі Алладан басқа құдай жоқ. Көктердің Раббысы, жердің Раббысы һәм ардақты аршының Иесі Алладан басқа құдай жоқ». Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

Оқылуы: «Ләә иләәһә иллаллааһул-ъазыймил-халиим, ләә иләәһә иллаллааһу раббул-ъаршил-ъазыйм, ләә иләәһә иллаллааһу раббус-сәмәәуәәти уа раббул-арди, уа раббул-ъаршил-кәриим».

Сегізінші хадис

الْحَدِيثُ الثَّامِنُ

عَنْ مُعَاذٍ بْنِ جَبَلٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَخَذَ بِيَدِهِ، وَقَالَ: «يَا مُعَاذُ، وَاللهِ، إِنِّي لَأُحِبُّكَ، فَقَالَ: أُوصِيكَ، يَا مُعَاذُ، لاَ تَدَعْنَ فِي دُبُرِ كُلِّ صَلاَةٍ تَقُولُ: اَللَّهُمَّ أَعِنِّي عَلَى ذِكْرِكَ وَشُكْرِكَ وَحُسْنِ عِبَادَتِكَ». رَوَاهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ وَأَحْمَدُ وَابْنُ حِبَّان وَالْحَاكِمُ.

Мұғаз ибн Жәбәлден (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) оның қолынан ұстап тұрып былай деген: «Уа, Мұғаз! Уаллаһи, мен сені жақсы көремін. Саған мынан өсиет етемін, уа, Мұғаз! Әрбір намаздың соңында мына сөздерді тастамай айтып жүр: «Уа, Алла! Өзіңді зікір етуім үшін, Өзіңе шүкір етуім үшін һәм Өзіңе жақсы құлшылық қылуым үшін маған жәрдем бергейсің!». Әбу Дәуіт, Нәсәи, Ахмет, Ибн Хиббан және Хаким риуаят еткен.

Оқылуы: «Аллааһумма, аъиннии ъәләә зикрика, уа шукрика уа хусни ъибәәдәтика».

Тоғызыншы хадис

الْحَدِيثُ التَّاسِعُ

عَنْ شَدَّادٍ بْنِ أَوْسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ كَانَ يَقُولُ فِي صَلاَتِهِ: «اَللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الثَّبَاتَ فِي الأَمْرِ، وَالْعَزِيمَةَ عَلَى الرُّشْدِ، وَأَسْأَلُكَ شُكْرَ نِعْمَتِكَ، وَحُسْنَ عِبَادَتِكَ، وَأَسْأَلُكَ قَلْباً سَلِيماً وَلِسَاناً صَادِقاً، وَأَسْأَلُكَ مِنْ خَيْرٍ مَا تَعْلَمُ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا تَعْلَمُ، وَأَسْتَغْفِرُكَ لِمَا تَعْلَمُ». رَوَاهُ النَّسَائِيُّ وَأَحْمَدُ.

Шәддад ибн Әустен (р.а.) жеткен риуаят бойынша Алланың елшісі (с.а.с.) намазында былай дейтін: «Уа, Алла! Өзіңнен істе табанды болуды, саналылыққа құлықты болуды сұраймын! Нығметіңе шүкір етуді, Өзіңе жақсы құлшылық қылуды сұраймын! Сау жүректі және шыншыл тілді сұраймын! Өзің білетін қайырлылықты сұраймын! Өзің арқылы өзің білетін жамандықтан сақтанамын! Өзің білетін күнәларым үшін Өзіңнен кешірім тілеймін». Нәсәи, Ахмет риуаят еткен.

Оқылуы: «Аллааһумма, иннии әс\’әлукәс-сәбәәтә фил-әмри, уал-ъазимәтә ъәләр-рушди, уа әс\’әлукә шукра ниъмәтика, уа хусна ъибәәдәтика, уа әс\’әлукә мин хайрин мәә тәъләму, уа әъуузу бикә мин шәррин мәә тәъләму, уа астағфирука лимәә тәъләму».

Оныншы хадис

الْحَدِيثُ العَاشِرُ

عَنْ أَنَسٍ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا كَرَّ بِهِ أَمْرٌ، قَالَ: «يَا حَيُّ، يَا قَيُّومُ! بِرَحْمَتِكَ أَسْتَغِيثُ». رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ.

Әнес ибн Мәліктің (р.а.) айтуынша Алланың елшісі (с.а.с.) басына бір іс түскенде былай дейтін болған: «Уа, Мәңгі Тірі! Уа, Істі Меңгеруші! Рахымың арқылы маған жәрдем етуіңді сұраймын!». Термези риуаят еткен.

Оқылуы: «Йаа, Хаййу! Йаа, Қаййууму! Бирахматика әстәғиису».

Он бірінші хадис

الْحَدِيثُ الحَادِي عَشَرَ

عَنْ أَسْمَاءَ بِنْتِ عُمَيْسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهَا قَالَتْ: قَالَ لِي رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : أَلاَ أُعَلِّمُكَ كَلِمَاتٍ تَقُولِينَهَا عَنِ الْكَرْبِ أَوْ فِي الْكَرْبِ؟ «اللهُ، اللهُ رَبِّي لاَ أُشْرِكُ بِهِ شَيْئاً». رَوَاهُ النَّسَائِيُّ وَأَبُو دَاوُدَ وَابْنُ مَاجَه وَأَحْمَدُ.

Асма бинт Умайстың (р.а.) айтуынша Алланың елшісі (с.а.с.) оған былай деген: «Саған басыңа қайғы-мұң түскенде айтатын сөздерді үйретейін бе? «Алла! Менің Раббым – Алла! Оған ешқандай серік қоспаймын!». Нәсәи, Әбу Дәуіт, Ибн Мәже, Ахмет риуаят еткен.

Оқылуы: «Аллааһу! Аллааһу Раббии! Ләә ушрику биһи шәй\’ән!».

Он екінші хадис

الْحَدِيثُ الثَّانِي عَشَرَ

عَنْ عَبْدِ اللهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «مَنْ كَثُرَ هَمُّهُ فَلْيَقُلْ: اللَّهُمَّ إِنِّي عَبْدُكَ اِبْنُ عَبْدِكَ، اِبْنُ أَمَتِكَ، نَاصِيَتِي بِيَدِكَ، مَاضٍ فِيَّ حُكْمُكَ، عَدْلٌ فِيَّ قَضَاؤُكَ. أَسْأَلُكَ بِكُلِّ اسْمٍ هُوَ لَكَ سَمَّيْتَ بِهِ نَفْسَكَ، أَوْ أَنْزَلْتَهُ فِي كِتَابِكَ، أَوْ عَلَّمْتَهُ أَحَداً مِنْ خَلْقِكَ، أَوِ اسْتَأْثَرْتَ بِهِ فِي عِلْمِ الغَيْبِ عِنْدَكَ: أَنْ تَجْعَلَ القُرْآنَ رَبِيعَ قَلْبِي، وَجَلَاءَ هَمِّي وَغَمِّي، مَا قَالَهَا عَبْدٌ قَطْ إِلاَّ أَذْهَبَ اللهُ غَمَّهُ، وَأَبْدَلَهُ بِهِ فَرَجاً». رَوَاهُ أَحْمَدُ وَابْنُ حِبَّان.

Абдулла ибн Масғұдтан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Кімнің қайғы-мұңы көбейсе, былай десін: «Уа, Алла! Шындығында мен Сенің құлыңмын, құлыңның ұлымын, күңіңнің ұлымын. Кекілім Өзіңнің қолыңда, Маған деген үкімің жүруде, маған жазған тағдырың әділ. Сенің Өзіңе ғана тән барлық есімдеріңмен: Өзіңді атаған есіміңмен, не Кітабыңда түсірген, не жаратылысыңның біреуіне үйреткен, не Өзіңнің дәргейіңдегі ғайып ілімінде жасырған есіміңдеріңмен сұраймын: Құранды жүрегімнің серігі, қайғымды, қайғы-мұңымды, уайымымды кетіруші қыла гөр!». Осы сөздерді қандай да бір пенде айтса, Алла оның мұңын кетіреді де, оның орнын қуанышпен ауыстырады». Ахмет, Ибн Хиббан риуаят еткен.

Оқылуы: «Аллааһуммә иннии ъабдук, ибну ъабдик, ибну әмәтик, наасиатии бийәдик, маадин фиййә хукмук, ъадлун фиййә қадаа’ук. Әс’әлукә бикуллисмин һуә ләкә: сәммәйтә биһи нәфсәк, әу әнзәлтәһу фии китәәбик, әу ъәлләмтәһу әхәдән мин халқик, әуистә’сәртә биһи фии ъилмил-ғайби ъиндәк ән тәджъәләл-қур’әәнә рабииъә қалбии, джәләә’ә һәммии уа ғаммии».

Он үшінші хадис

الْحَدِيثُ الثَّالِثُ عَشَرَ

عَنِ الْعَبَّاسِ بْنِ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللهِ، عَلِّمْنِي شَيْئاً أَسْأَلُ اللهَ عَزَّ وَجَلَّ، قَالَ: «سَلِ اللهَ الْعَافِيَةَ»، فَمَكَثَ أَيَّاماً ثُمَّ جِئْتُ فَقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللهِ، عَلِّمْنِي شَيْئاً أَسْأَلُ اللهِ عَزَّ وَجَلَّ، فَقَالَ لِي: «يَا عَبَّاس، يَا عَمَّ رَسُولِ اللهِ، سَلِ اللهَ الْعَافِيَةَ فِي الدُّنْيَا وَالآخِرَةِ». رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ، وَأَحْمَدُ، وَابْنُ مَاجَه.

Аббас ибн Абдулмутталиб (р.а.) былай дейді: «Бірде Алланың елшісіне (с.а.с.): «Уа, Расулалла! Маған Даңқты һәм Ұлы Алладан сұрайтын бір нәрсе (дұға) үйретші», – дедім. Сонда ол (с.а.с.): «Аллаһтан есендік сұра», – деді. Арада бірнеше күн өтті. Сосын мен қайта келіп, тағы да: «Уа, Расулалла! Маған Даңқты һәм Ұлы Алладан сұрайтын бір нәрсе (дұға) үйретші», – дедім. Сонда Ол (с.а.с.) маған: «Уа, Аббас! Уа, Алла елшісінің көкесі! Алладан дүние мен ақыреттің есендігін сұра», – деді. Термези, Ахмет, Ибн Мәже риуаят еткен.

Оқылуы: «Аллааһумма, иннии әс\’әлукәл-ъаафиа фид-дуниәә уал-аахира».

Он төртінші хадис

الْحَدِيثُ الرَّابِعُ عَشَرَ

عَنِ الأَغَرِّ الْمُزَنِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «إِنَّهُ لَيُغَانُ عَلَى قَلْبِي وَإِنِّي لَأَسْتغْفِرُ اللَّهَ فِي الْيَوْمِ مِئَةَ مَرَّةٍ». رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

Ағарр әл-Музәниден (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Расында менің жүрегім жабылып қалады да, сол үшін Алладан күніне жүз мәрте кешірім тілеймін». Мүслім риуаят еткен.

Оқылуы: «Астағфируллааһ» (жүз рет).

Он бесінші хадис

الْحَدِيثُ الْخَامِسُ عَشَرَ

عَنْ شَدَّادٍ بْنِ أَوْسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «سَيِّدُ الإِسْتِغْفَارِ أَنْ يَقُولَ الْعَبْدُ: اَللَّهُمَّ أَنْتَ رَبِّي، لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ، خَلَقْتَنِي وَأَنَا عَبْدُكَ، وَأَنَا عَلَى عَهْدِكَ وَوَعْدِكَ مَا اسْتَطَعْتُ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا صَنَعْتُ، وَأَبُوءُ لَكَ بِنِعْمَتِكَ عَلَيَّ وَأَبُوءُ بِذَنْبِي، فَاغْفِرْ لِي فَإِنَّهُ لاَ يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلاَّ أَنْتَ، مَنْ قَالَهَا مِنَ النَّهَارِ مُوقِناً بِهَا فَمَاتَ مِنْ يَوْمِهِ قَبْلَ أَنْ يُمْسِيَ، فَهُوَ مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ، وَمَنْ قَالَهَا مِنَ اللَّيْلِ وَهُوَ مُوقِنٌ بِهَا، فَمَاتَ قَبْلَ أَنْ يُصْبِحَ، فَهُوَ مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ». رَوَاهُ أَحْمَدُ وَأَبُو دَاوُدَ وَابْنُ مَاجَه، وَابْنُ حِبَّان، وَالْحَاكِمُ.

Шәддад ибн Әустен (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Жарылқау тілеудің төресі пенденің былай деп айтуы: «Уа, Алла! Сен менің Раббымсың, Сенен өзге Құдай жоқ, Сен мені жараттың әрі мен Сенің құлыңмын. Күшім жеткенше Сенің сертің мен уәдеңе амал етемін. Өзіңмен істеген жамандықтарымнан сақтанамын. Өзіңе нығметтеріңмен қайтатын боламын және күнәммен бірге қайтамын. Сонда Сен мені кешір, өйткені күнәларды Сенен басқа ешкім де кешіре алмайды». Кімде-кім осы сөздерді күндіз айқын иланған түрде айтып, сол күні кеш батқанша өліп кетсе, ол – жұмақтық. Және кім осы сөздерді түн мезгілінде айқын иланған түрде айтып, таң атқанша өліп кетсе, ол – жұмақтық». Ахмет, Әбу Дәуіт, Ибн Мәже, Ибн Хиббан, Хаким риуаят еткен.

Оқылуы: «Аллааһумма әнтә раббии, ләә иләәһә илләә әнтә, халақтәни уа әнә ъабдук, уа әнәә ъаләә ъаһдикә уа уаъдикә мәстәтаъту, әъуузу бикә мин шәрри ма санаъту, уа әбу’у ләкә биниъмәтикә ъаләййә, уа әбуу’у бизәнби фағфирли фа’иннәһу ләә йағфируз-зунуубә илләә әнтә».

Он алтыншы хадис

الْحَدِيثُ السَّادِسُ عَشَرَ

عَنْ عَبْدِ اللهِ بْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُمَاأَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «مَنْ لَزِمَ الإِسْتِغْفَارَ جَعَلَ اللهُ لَهُ مِنْ كُلِّ ضِيقٍ مَخْرَجًا وَمِنْ كُلِّ هَمٍّ فَرَجًا وَرَزَقَهُ مِنْ حَيْثُ لاَ يَحْتَسِبُ». رَوَاهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ وَابْنُ مَاجَه، وَالْحَاكِمُ.

Абдулла ибн Аббастан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Кімде-кім истиғфар айтуды әдетке айналдырса, Алла оған әрбір қиындықтан шығатын, әрбір қайғыдан құтылатын жол жасайды әрі оған ойламағн жерден ризық береді». Әбу Дәуіт, Нәсәи, Ибн Мәже және Хаким риуаят еткен.

Он жетінші хадис

الْحَدِيثُ السَّابِعُ عَشَرَ

عَنْ جُوَيْرِيَّةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهَا أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ خَرَجَ مِنْ عِنْدِهَا بُكْرَةً حِينَ صَلَّى الصُّبْحَ وَهِيَ فِي مَسْجِدِهَا ثُمَّ رَجَعَ بَعْدَ أَنْ أَضْحَى وَهِيَ جَالِسَةٌ، قَالَ: «مَا زِلْتِ عَلَى الْحَالِ الَّتِي فَارَقْتُكِ عَلَيْهَا؟»، قَالَتْ: نَعَمْ، قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «لَقَدْ قُلْتُ بَعْدَكِ أَرْبَعُ كَلِمَاتٍ ثَلاَثَ مَرَّاتٍ لَوْ وَزَنْتِ بِمَا قُلْتِ مُنْذُ الْيَوْمِ لَوَزُنَتْهُنَّ: سُبْحَانَ اللهِ وَبِحَمْدِهِ عَدَدَ خَلْقِهِ وَرِضَاءَ نَفْسِهِ وَزِنَةَ عَرْشِهِ وَمِدَادَ كَلِمَاتِهِ». رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

Мұсылмандардың анасы Жуәйриядан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) оның үйінен таңғы намазын оқып шыққанда, Жуәйрия (р.а.) намаз оқитын жерінде намаз оқып, зікір етіп қалады. Сосын Пайғамбар (с.а.с.) сәске уақытында қайта келсе, Жуәйрия әлі отыр екен. Пайғамбар (с.а.с.) одан: «Мен кеткеннен бері осылай отырсың ба?» – деп сұрайды. Жуәйрия (р.а.): «Иә», – деп жауап береді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Мен осы жерден кеткен кезде төрт сөзді үш мәрте айттым. Егер сол сөздерді таңертеңнен бері айтқан сөздеріңмен салыстырып көрсең, олар сен айтқан сөздерден басым түсер еді. Олар сөздер мыналар: «Алланы жаратылыстарының санындай, Өзі разы болғанындай, Аршысының салмағындай, сөздерінің ұзақтығындай мөлшерде пәктеп, мадақтаймын», – дейді. Мүслім риуаят еткен.

Оқылуы: «Субхааналлааһи уа бихамдиһи ъадада халқиһи, уа ридаа’а нәфсиһи, уа зинәтә ъаршиһи, уа мидәәдә кәлимәәтиһи».

Он сегізінші хадис

الْحَدِيثُ الثَّامِنُ عَشَرَ

عَنْ سَعْدٍ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: كُنَّا عِنْدَ رَسُولِ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ: «أَيَعْجِزُ أَحَدُكُمْ أَنْ يَكْسِبَ كُلَّ يَوْمٍ أَلْفَ حَسَنَةٍ؟» فَسَأَلَهُ سَائِلٌ مِنْ جُلَسَائِهِ: كَيْفَ يَكْسِبُ أَحَدُنَا أَلْفَ حَسَنَةٍ؟ قَالَ: «يُسَبِّحُ مَائَةَ تَسْبِيحَةً، فَيُكْتَبُ لَهُ أَلْفُ حَسَنَةٍ، أَوْ يُحَطُّ عَنْهُ أَلْفُ خَطِيئَةٍ». رَوَاهُ مُسْلِمٌ .

Сағыд ибн Әбу Уаққас (р.а.) былай дейді: «Бірде біз Алланың елшісінің (с.а.с.) жанында отырдық. Ол (с.а.с.) бізге: «Сендердің бірің әрбір күні мың жақсылық жасауға шамасы жетпей ме?» – деді. Онымен бірге отырғандардың бірі: «Сонда ол қалайша мың жақсылық жасай алмақ?» – деп сұрады. Сонда Алланың елшісі (с.а.с.): «Ол жүз мәрте тәсбих айтады да, оған мың жақсылық жазылады, не оның мың қателігі кешіріледі», – деді». Мүслім риуаят еткен.

Оқылуы: «Субхааналлааһи» (жүз мәрте).

Он тоғызыншы хадис

الْحَدِيثُ التَّاسِعُ عَشَرَ

عَنْ أَبِي مُوسَى الأَشْعَرِيِّ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ لِي رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : «يَا عَبْدَ اللهِ بْنُ قَيْسٍ، أَلاَ أَدُلُّكَ عَلَى كَنْزٍ مِنْ كُنُوزِ الْجَنَّةِ؟ فَقُلْتُ: بَلَى، يَا رَسُولَ اللهِ، قَالَ: قُلْ لاَ حَوْلَ وَلاَ قُوَّةَ إِلاَّ بِاللهِ». مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.

Әбу Мұса әл-Ашғари (р.а.) былай дейді: «Бірде Алланың елшісі (с.а.с.) маған: «Уа, Қайысұлы Абдулла! Мен саған жұмақ қазыналарының бірін айтып берейін бе?» – деді. Мен: «Әрине, уа, Расулалла!» – дедім. Сонда ол (с.а.с.): «Алладан басқа күш те, қуат та жоқ» деп айт», – деді». Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

Оқылуы: «Ләә хәулә уа ләә қууатә илләә билләәһ».

Жиырмасыншы хадис

الْحَدِيثُ الْعِشْرُونَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «مَنْ صَلَّى عَلَيَّ وَاحِدَةً صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ عَشَرًا». رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Кімде-кім маған бір мәрте салауат айтса, оған Алла он мәрте салауат айтады». Мүслім риуаят еткен.

Оқылуы: «Саллаллааһу ъәләә сәйидинә Мухаммад».

Жиырма бірінші хадис

الْحَدِيثُ الحَادِي وَالْعِشْرُونَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «لِأَنْ أَقُولَ: سُبْحَانَ اللهِ وَالْحَمْدُ لِلَّهِ وَلاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ وَاللهُ أَكْبَرُ، أَحَبُّ إِلَيَّ مِمَّا طَلَعَتْ عَلَيْهِ الشَّمْسُ». رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.): «Мен үшін «Алла пәк, мадақ Алланыкі, Алладан басқа құдай жоқ, Алла ұлық» деп айту күннің жарығы түскеннің бәрінен де сүйкімді», – деген. Мүслім риуаят еткен.

Оқылуы: «Субхааналлааһ, уәлхамдулилләәһ, уа ләә иләәһә иллаллааһу уаллааһу әкбар».

Жиырма үшінші хадис

الْحَدِيثُ الثَّانِي وَالْعِشْرُونَ

عَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «دَعْوَةُ ذِي النُّونِ، إِذْ دَعَا وَهُوَ فِي بَطْنِ الْحُوتِ: «لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ سُبْحَانَكَ إِنِّي كُنْتُ مِنَ الظَّالِمِينَ»، فَإِنَّهُ لَمْ يَدْعُ بِهَا رَجُلٌ مُسْلِمٌ فِي شَيْءٍ قَطُّ إِلَّا اسْتَجَابَ اللَّهُ لَهُ». رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِيُّ وَأَحْمَدُ وَالْحَاكِمُ.

Сағыд ибн Әбу Уаққастан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Балық иесінің (Жүніс пайғамбардың) балықтың ішінде жатып қылған дұғасы – «Уа, Алла! Сенен өзге құдай жоқ, Сен пәксің, шынында мен залымдардан болдым». Осыны қайсыбір мұсылман қандай да бір нәрседе дұға қылсс, Алла оның дұғасын қабыл етеді», – деген. Термези, Нәсәи, Ахмет және Хаким риуаят еткен.

Оқылуы: «Ләә иләәһә илләә әнтә, субхаанакә иннии кунту миназ-заалимиин».

Жиырма үшінші хадис

الْحَدِيثُ الثَّالِثُ وَالْعِشْرُونَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ، قََالَ: كَانَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: اَللَّهُمَّ أَصْلِحْ لِي دِينِي الَّذِي هُوَ عِصْمَةُ أَمْرِي، وَأَصْلِحْ لِي دُنْيَايَ الَّتِي فِيهَا مَعَاشِي، وَأَصْلِحْ لِي آخِرَتِي الَّتِي فِيهَا مَعَادِي، وَاجْعَلِ الحَيَاةَ زِيَادَةً لِي فِي كُلِّ خَيْرٍ، وَاجْعَلِ المَوْتَ رَاحةً لِي مِنْ كُلِّ شَرٍّ». رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаят бойынша Алланың елшісі (с.а.с.) мынадай дұға айтатын: «Уа, Алла! Ісімнің ең қайырлысы – дінімді оңалтқайсың, тіршілігімнің ордасы – дүниемді оңалтқайсың, қайтатын жағым – ақыретімді оңалтқайсың! Өмірімді мен үшін әрбір қайырлылықтан үстеме орны қыл, өлімді әрбір жамандықтан рахат орны қыл». Мүслім риуаят еткен.

Оқылуы: «Аллааһуммә аслих лии диинилләзии һуа ъисмату әмрии, уа аслих лии дуниайәлләтии фииһә мәъәәшии, уа аслих лии аахиратилләтии фииһә мәъәәди, уаджъәлил-хайаатә зийәәдәтән лии фии кулли хайр, уаджъәлил-мәутә раахәтән лии миң кулли шәрр».

Жиырма төртінші хадис

الْحَدِيثُ الرَّابِعُ وَالْعِشْرُونَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ، قََالَ: كَانَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَسِيرُ فِي طَرِيقِ مَكَّةَ فَمَرَّ عَلَى جَبَلٍ يُقَالُ لَهُ جَمَدَانِ، فَقَالَ: سِيرُوا هَذَا جَمَدَانَ سَبَقَ الْمُفَرِّدُونَ، قَالُواْ: وَمَا الْمُفَرِّدُونَ، يَا رَسُولَ اللهِ؟ قَالَ: الذَّاكِرُونَ اللهِ كَثِيراً وَالذَّاكِرَاتُ». رَوَاهُ مُسْلِمٌ .

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) Меккенің жолында кетіп бара жатып Жумдан деп аталатын таудың қасынан өтеді. Сонда ол (с.а.с.): «Мына Жумданмен жүріңдер. Дараланғандар озды!» – дейді. Сахабалар: «Уа, Алланың елшісі! Дараланғандар деген не?» – деп сұрайды. Сонда Алланың елшісі (с.а.с.): «Олар – Алланы көп зікір ететін ерлер мен әйелдер», – дейді. Мүслім риуаят еткен.

Жиырма бесінші хадис

الْحَدِيثُ الْخَامِسُ وَالْعِشْرُونَ

عَنْ عَبْدِ اللهِ بْنِ بُسْرٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَجُلاً قَالَ: يَا رَسُولَ اللهِ، إِنَّ شَرَائِعَ الإِسْلاَمِ قَدْ كَثُرَتْ عَلَيَّ فَأَخْبِرْنِي بِشَيْءٍ أَتَشَبَّثُ بِهِ، قَالَ: لاَ يَزَالُ لِسَانُكَ رُطْباً مِنْ ذِكْرِ اللهِ». رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ، وَابْنُ مَاجَه وَأَحْمَدُ، وَابْنُ حِبَّان، وَالْحَاكِمُ.

Абдулла ибн Бусрден (р.а.) жеткен риуаятта бір кісі: «Уа, Расулалла! Мен үшін Исламның шарттары көп болып кетті. Маған жармасуыма лайықты нәрсе туралы айтыңызшы», – деді. Сонда Алланың елшісі (с.а.с.) былай деді: «Олай болса, тілің Алланы зікір етуден босамасын!». Термези, Ибн Мәже, Ахмет, Ибн Хиббан және Хаким риуаят еткен.

Жиырма алтыншы хадис

الْحَدِيثُ السَّادِسُ وَالْعِشْرُونَ

عَنْ أَبِي الدَّرْدَاءِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «أَلاَ أُنَبِّئُكُمْ بِخَيْرِ أَعْمَالِكُمْ، وَأَزْكَاهَا عِنْدَ مَلِيكِكُمْ، وَأَرْفَعِهَا فِي دَرَجَاتِكُمْ ، وَخْيْرٌ لَكُمْ مِنْ إِعْطَاءِ الذَّهَبِ وَالْفِضَّةِ، وَأَنْ تَلْقَوْا عَدُوَّكُمْ، فَتَضْرِبُواْ أَعْنَاقَهُمْ، وَيَضْرِبُواْ أَعْنَاقَكُمْ؟». قَالُوا: وَمَا ذَاكَ يَا رَسُولَ اللهِ ؟ قَالَ: «ذِكْرُ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ». رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ وَابْنُ مَاجَه وَالْحَاكِمُ.

Әбу Дардадан (р.а.) жеткен риуаятта бірде Пайғамбар (с.а.с.) сахабаларынан: «Мен сендерге істеріңнің ең бір қайырлысы туралы, Иелеріңнің алдындағы ең бір тазасы, дәрежелеріңнің ең биігі, алтын-күміс бергендеріңнен де, дұшпандарыңмен жолығып, соғысқаннан да қайырлы бір іс туралы айтайын ба?» – деп сұрайды. Сахабалар: «Ол не еді, уа, Расулалла?» – деп сұрайды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Ол – даңқты һәм ұлық Алланы зікір етіп, еске алу», – деп жауап беерді. Термези, Ибн Мәже, Хаким риуаят еткен.

Жиырма жетінші хадис

الْحَدِيثُ السَّابِعُ وَالْعِشْرُونَ

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُمَا قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُومُ مِنْ مَجْلِسٍ حَتَّى يَدْعُوَ بِهَؤُلاَءِ الدَّعَوَاتِ لِأَصْحَابِهِ: «اللَّهُمَّ اقْسِمْ لَنَا مِنْ خَشْيَتِكَ مَا تَحُولُ بِهَا بَيْنَنَا وَبَيْنَ مَعْصِيَتِكَ، وَمِنْ طَاعَتِكَ مَا تُبَلِّغُنَا بِهَا جَنَّتكَ وَمِنَ الْيَقِينِ مَا تُهَوِّنُ بِهِ عَلَيْنَا مَصَائِبَ الدُّنْيَا، وَمَتِّعْنَا بِأَسْمَاعِنَا وَأَبْصَارِنَا وَقُوّاَتِنَا مَا أَحْيَيْتَنَا وَاجْعَلْهُ الْوَارِثَ مِنَّا وَاجْعَلْ ثَأْرَنَا عَلَى مَنْ ظَلَمَنَا وَانْصُرْنَا عَلَى مَنْ عَادَانَا وَلا تَجْعَلْ مُصِيَبتَنَا فِي دِينِنَا وَلا تَجْعَلِ الدُّنْيَا أَكْبَرَ هَمِّنَا وَلا مَبْلَغَ عِلْمِنَا وَلا تُسَلِّطْ عَلَيْنَا مَنْ لا يَرْحَمُنَا». رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ والْحَاكِمُ.

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Алланың елшісі (с.а.с.) бір отырыстан тұрған кезде сахабалары үшін мына дұғаларды оқитын: «Уа, Алла! Бізге асылық істер пен біздің арамызда тосқауыл болатын Өзіңе деген қорқынышты, жәннатыңа жеткізетін Өзіңе мойынсұнуды, дүние тауқыметтерін түкке тұрғысыз қылып көрсететін айқын иманды бөліп бер! Сондай-ақ, құлағымыз бен жанарларымыз, күш-қуатымыз арқылы тірі кезімізде нығметтеріңді қызықтауды нәсіп ет! Бізді жәннаттың мирасқорлары ете гөр! Бізге зұлымдық жасағандардан кегімізді қайтар! Жауласқандарымызға қарсы бізге медет пен жеңіс бере гөр! Бәле-сынақтарды дінімізге жіберме, дүние істерін ең басты уайымымыз һәм бар білгеніміз ете көрме! Бізге мейірім қылмайтындарды басшы қыла көрме!». Термези, Хаким риуаят еткен.

Оқылуы: «Аллааһуммақсим ләнәә мин хашиатика мәә тәхуулу биһәә бәйнәнәә уа бәйнәә маъсиәтикә, уа мин тааъатикә маа тубәллиғунәә биһәә джәннәтәкә, уа минәл-йақиини мәә туһәууину биһи ъәләйнәә масаа’ибәд-дуниәә, уа мәттиънәә би’әсмәәъинәә, уа ‘әбсааринәә, уа қууәәтинәә мәә ‘әхиәйтәнәә, уаджъәлһул-уаарисә миннәә, уаджъәл сә’ранәә ъәләә мән заламәнәә, уансурнәә ъәләә мән ъәәдәәнәә, уа ләә тәджъәл мусиибәтәнәә фии диининәә, уа ләә тәджъәлид-дуниәә ‘әкбара һәмминәә, уа ләә маблаға ъилминәә, уа ләә тусаллит ъәләйнәә мән ләә йархамунәә».

Жиырма сегізінші хадис

الْحَدِيثُ الثَّامِنُ وَالْعِشْرُونَ

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَنَّهُ كَانَ يَدْعُو بِهَذَا الدُّعَاءِ: «اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِي خَطِيئَتِي، وَجَهْلِي، وَإِسْرَافِي فِي أَمْرِي كُلِّهُ، وَمَا أَنْتَ أَََعْلَمُ بِهِ مِنِّي، اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِي مَا قَدَّمْتُ وَمَا أَخَّرْتُ وَمَا أَسْرَرْتُ وَمَا أَعْلَنْتُ، وَأَنْتَ الْمُقَدِّمُ وَأَنْتَ الْمُؤَخِّرُ وَأَنْتَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ». مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.

Әбу Мұсадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) мына дұғамен тілек тілейтін болған: «Уа, Алла! Менің қателіктерімді, білместігімді, бүкіл істерімдегі шектен шығуымды әрі мендегі Өзің білетін барлық нәрселерді кешіруіңді сұраймын. Уа, Алла! Менің алдыңғы күнәларымды да, кейінгі күнәларымды да, жасырын істегенімді де, жария істегенімді де кешір! Сен алға жіберушісің һәм Сен артқа қалдырушысың әрі Сен әрбір нәрсеге құдіреттісің». Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

Оқылуы: «Аллааһуммағфирлии хатии’әтии уа джәһлии, уа исраафии фии әмрии куллиһи, уа мәә әнтә әъләму биһи миннии. Аллааһуммағфирлии мәә қаддәмту уа мәә аххарту, уа мәә әсрарту уа мәә әъләнту, уа әнтәл-муқаддиму уа әнтәл-му’аххиру, уа әнтә ъәләә кулли шәй’ин қадиир».

Жиырма тоғызыншы хадис

الْحَدِيثُ التَّاسِعُ وَالْعِشْرُونَ

عَنْ عَمَّارٍ بْنِ يَاسِرٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: «اَللَّهُمَّ بِعِلْمِكَ الغَيْبِ، وَقُدْرَتِكَ عَلَى الخَلْقِ، أَحْيِنِي مَا عَلِمْتَ الحَيَاةَ خَيْراً لِي، وَتَوَفَّنِي إِذَا عَلِمْتَ الوَفَاةَ خَيْراً لِي، اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ خَشْيَتَكَ فِي الغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ، وَأَسْأَلُكَ كَلِمَةَ الحَقِّ فِي الرِّضَا وَالغَضَبِ، وَأَسْأَلُكَ القَصْدَ فِي الغِنَى وَالفَقْرِ، وَأَسْأَلُكَ نَعِيماً لَا يَنْفَدُ، وَأَسْأَلُكَ قُرَّةَ عَيْنٍ لَا تَنْقَطِعُ، وَأَسْأَلُكَ الرِّضَا بَعْدَ القَضَاءِ، وَأَسْأَلُكَ بَرْدَ العِيشِ بَعْدَ الْمَوْتِ، وَأَسْأَلُكَ لَذَّةَ النَّظَرِ إِلَى وَجْهِكَ، وَالشَّوْقَ إِلَى لِقَائِكَ، فِي غَيْرِ ضَرَّاءَ مُضِرَّةٍ، وَلَا فِتْنَةٍ مُضِلَّةٍ، اللَّهُمَّ زَيِّنَّا بِزِينَةِ الِإيْمَانِ، وَاجْعَلْنَا هُدَاةً مُهْتَدِينَ». رَوَاهُ النَّسَائِيُّ وَأَحْمَدُ وَالْحَاكِمُ.

Аммар ибн Ясирдің (р.а.) айтуынша Алланың елшісі (с.а.с.) мынадай дұға айтатын: «Уа, Алла! Өзіңнен ғайыпты білетін білімің арқылы, жаратылысқа деген құдіретің арқылы сұраймын: маған өмірді қайырлы деп білсең мені тірі қыл, ал маған өлімді қайырлы деп білсең өлімді бер. Уа, Алла! Мен Сенен көмес болғанда да, жария болғанда да Өзіңнен қорқуды сұраймын, разылықта да, ашу кезінде де ақиқат сөзді айтуымды сұраймын, байлықта да, таршылықта да қарапайым болуымды сұраймын. Өзіңнен таусылмайтын нығметті сұраймын, Өзіңнен аяқталмайтын көзайымды нәрселерді сұраймын, Өзіңнен тағдыр-талайға разылық етуімді сұраймын, Өзіңнен өлімнен соң қоңыр салқын тіршілікті сұраймын, Өзіңнен Өзіңнің дидарыңа қарау қызығын, Өзіңнің ешқандай зиян-зарарсыз, адастырушы сынақтарсыз кездесуіңе деген ынтықтықты сұраймын. Уа, Алла! Бізді иман әшекейлерімен безендір, бізді тура жолда жүруші әрі тура жолға бастаушылардан ет». Нәсәи, Ахмет, Хаким риуаят еткен.

Оқылуы: «Аллааһуммә биъилмикәл-ғайб, уа қудратикә ъәләл-халқ, әхиинии мәә ъәлимтәл-хайәәтә хайран лии, уа тәуәффәнии изәә ъәлимтәл-уәфәәтә хайран лии. Аллааһуммә иннии әс’әлукә хашиатәкә фил-ғайби уаш-шәһәәдә, уа әс’әлукә кәлимәтәл-хаққи фир-ридаа уал-ғадаб, уа әс’әлукәл-қасдә фил-ғина уал-фақр, уа әс’әлукә нәъиимән ләә йәнфәд, уа әс’әлукә қурратә ъайнин ләә тәнқатиъ, уа әс’әлукар-ридаа бәъдәл-қадаа, уа әс’әлукә бардәл-ъииши бәъдәл-мәут, уа әс’әлукә ләззәтән-назари иләә уаджһик, уаш-шәуқа иләә лиқаа’ик, фи ғайри дарраа’a мудирратин, уа ләә фитнәтин мудыйллатин. Аллааһуммә зәйиннә бизиинәтил-иимәән, уаджъәлнәә һудәәтән муһтәдиин».

Отызыншы хадис

الْحَدِيثُ الثَّلاَثُونَ

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُمَا، قَالَتْ: كَانَ مِنْ دُعَائِهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَوْلُهُ: «اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ مِنَ الخَيْرِ كُلَّهُ: عَاجِلَهُ وَآجِلَهُ، مَا عَلِمْتُ مِنْهُ وَمَا لَمْ أَعْلَمْ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ الشَّرِّ كُلِّهِ عَاجِلِهِ وِآجِلِهِ، مَا عَلِمْتُ مِنْهُ وَمَا لَمْ أَعْلَمْ. اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ مِنْ خَيْرٍ مَا سَأَلَكَ عَبْدُكَ وَنَبِيُّكَ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا اسْتَعَاذَ بِكَ مِنْهُ عَبْدُكَ وَنَبِيُّكَ. اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الجَنَّةَ، وَمَا قَرَّبَ إِلَيْهَا مِنْ قَوْلٍ أَوْ عَمَلٍ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ النَّارِ وَمَا قَرَّبَ إِلَيْهَا مِنْ قَوْلٍ أَوْ عَمَلٍ، وَأَسْأَلُكَ أَنْ تَجْعَلَ كُلَّ قَضَاءٍ قَضَيْتَهُ لِي خَيْراً». رَوَاهُ أَحْمَدُ، وَابْنُ مَاجَه، وَابْنُ حِبَّان، وَالْحَاكِمُ.

Айша анамыз (р.а.) былай дейді: «Пайғамбардың (с.а.с.) дұғасының бірі мынадай еді: «Уа, Алла! Мен Өзіңнен барлық қайырлылықты: алдыңғысын, кейінгісін, білетінімді, білмейтінімді сұраймын және Өзіңмен барлық жамандықтан: алдыңғысынан, кейінгісінен, білетінімнен, білмейтінімнен сақтанамын. Уа, Алла! Өзіңнен құлың әрі Пайғамбарың сұраған жақсылықты сұраймын әрі Өзіңмен құлың әрі Пайғамбарың сақтанған нәрселерден сақтанамын. Уа, Алла! Өзіңнен жәннатты әрі оған жақындататын сөзді немесе амалды сұраймын және Өзіңмен тозақтан әрі оған жақындататын сөзден немесе амалдан сақтанамын, Өзіңнен маған жазған әрбір жазмышыңды қайырлы етуіңді сұраймын». Ахмет, Ибн Мәже, Ибн Хиббан, Хакимдер риуаят еткен.

Оқылуы: «Аллааһуммә иннии әсәлукә минәл-хайри кулләһу: ъааджиләһу уа әәджиләһу, мәә ъәлимту минһу уа мәә ләм әъләм, уа әъуузу бикә минәш-шәрри куллиһи: ъааджиләһу уа әәджиләһу, мәә ъәлимту минһу уа мәә ләм әъләм. Аллааһуммә иннии әсәлукә мин хайрин мәә сәәләкә ъабдукә уа нәбиййук, уа әъуузу бикә мин шәрри мәстәъәәзә бикә минһу ъабдукә уа нәбиййук. Аллааһуммә иннии әсәлукәл-джәннәтә уа мәә қаррабә иләйһәә мин қаулин әу ъамалин, уа әъуузу бикә минән-наари уа мәә қаррабә иләйһәә мин қаулин әу ъамалин, уа әсәлукә ән тәджъәлә куллә қадааин қадайтәһу лии хайран».

Отыз бірінші хадис

الْحَدِيثُ الحَادِي وَالثَّلاَثُونَ

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُمَا قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ زَوَالِ نِعْمَتِكَ، وَتَحَوُّلِ عَافِيَتِكَ، وَفُجَاءَةِ نِقْمَتِكَ، وَجَمِيعِ سَخَطِكَ». رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша Алланың елшісі (с.а.с.) мынадай дұға айтатын: «Уа, Алла! Өзіңнің атыңмен маған деген нығметіңнің жойылуынан, есендігіңнің ауысып кетуінен, өшіңнің келіп қалуынан, барлық ашу-ызаңнан сақтанамын». Мүслім риуаят еткен.

Оқылуы: «Аллааһуммә иннии әъуузу бикә мин зәуәәли ниъмәтик, уа тәхәуули ъаафиәтик, уа фуджәә’әти ниқмәтик, уа джәмииъи сахатик».

Отыз екінші хадис

الْحَدِيثُ الثَّانِي وَالثَّلاَثُونَ

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «مَنْ قَالَ رَضِيتُ بِاللهِ رَبًّا، وَبِالإِسْلاَمِ دِينًا، وَبِمُحَمَّدٍ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ رَسُولاً، وَجَبَتْ لَهُ الْجَنَّةُ». رَوَاهُ أَبُو دَاوُدَ، وَابْنُ حِبَّان، وَالْحَاكِمُ.

Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) айтуынша Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Кімде-кім «Алланы Раббы деп, Исламды дін деп, Мұхаммедті (с.а.с.) елші деп қабыл алып, разы болдым» деп айтса, оған жұмақ міндетті болады». Әбу Дәуіт, Ибн Хиббан, Хаким риуаят еткен.

Оқылуы: «Радыйту билләәһи раббән, уа бил-исләәми диинән, уа бимухаммәдин саллаллааһу ъаләйһи уа сәлләмә расуулән».

Отыз үшінші хадис

الْحَدِيثُ الثَّالِثُ وَالثَّلاَثُونَ

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «مَنْ سَبَّحَ اللهَ فِي كُلِّ دُبُرِ صَلاَةٍ ثَلاَثاً وَثَلاَثِينَ، وَحَمِدَ اللهَ ثَلاَثاً وَثَلاَثِينَ، وَكَبَّرَ اللهَ ثَلاَثاً وَثَلاَثِينَ، فَتِلْكَ تِسْعٌ وَتِسْعُونَ، وَقَالَ تَمَامَ الْمَائَةِ: لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ، وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، غُفِرَتْ خَطَايَاهُ وَإِنْ كَانَتْ مِثْلَ زَبَدِ الْبَحْرِ». رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Кімде-кім әрбір намаздан соң Алла Тағалаға отыз үш мәрте тәсбих айтып, отыз үш мәрте тахмид айтып, отыз үш мәрте тәкбір айтып, сол тоқсан тоғызды «Кімде-кім бір күнде «Жалғыз, серігі болмаған Алладан басқа тәңір жоқ, барлық билік Онікі, барлық мадақ Онікі әрі Ол барлық нәрсеге Құдіретті» деген сөзбен жүзге жеткізсе, оның күнә-қателіктері теңіздің көбігіндей болса да кешіріледі». Мүслім риуаят еткен.

Оқылуы: «Субхааналлаһ (33 рет), әлхамдулилләәһ (33 рет), Аллааһу әкбар (33 рет); Лә иләәһә иллаллааһу уахдәһу ләә шәриикә ләһу, ләһул-мулку уа ләһул-хамду уа һуа ъәләә кулли шәйин қадиир».

Отыз төртінші хадис

الْحَدِيثُ الرَّابِعُ وَالثَّلاَثُونَ

عَنِ النُّعْمَانِ بْنِ بَشِيرٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «الدُّعَاءُ هُوَ الْعِبَادَةُ». رَوَاهُ الأَرْبَعَةُ.

Нұғыман ибн Бәширден (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Дұғ

Question: ҚАЙТАР КҮНГЕ ДАЙЫНДЫҚ

Answer:

ҚАЙТАР КҮНГЕ ДАЙЫНДЫҚ

(нақыл сөздер, ғибраттар)

Имам Хафиз Әбул-Фадл Ахмад ибн Али ибн Хажар әл-Асқалани

(һижри 773-852 ж.ж.)

بِسْــمِ ٱللهِ الرَّحْمٰنِ الرَّحِيـمِ

Автор туралы

Аты-жөні және шежіресі: Имам әрі хафиз, қазылардың қазысы, діннің жарық жұлдызы Әбул-Фадл Ахмад ибн Али ибн Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Али ибн Махмұд ибн Ахмед ибн Хажар ибн Ахмед әл-Кәнәни яғни, Кәнән тайпасынан шыққан, әл-Асқалани яғни, ата-бабасы Палестинадағы Асқалан қаласынан шыққан, сонан соң әл-Мысри әрі әл-Қаһири яғни, Мысырда, Қаһира (Каир) шаһарында туылған. Соңғы лақабы –– әш-Шафиғи яғни, шафиғи мазһабын ұстанған.

Туған жері және жылы: Һижри 773 жылдың шағбан айының он екісі күні Мысырда туылған.

Білімді талап қылуы: Ибн Хажар ғылым жолында аянбай ізденді. Нәтижесінде көптеген ғылымдардың шегіне жетіп, баға жетпес еңбектер жазып кетті. Жалған хадис таратушыларға қарсы күресті. Саналы ғұмырын хадистерді оқып, зерттеп, басқаларға оқытып, осы салада еңбектер жазуға арнады. Сол замандағы ғалымдар ибн Хажардың хадис саласындағы аса білімдарлығына куә болып, оған хадис іліміндегі «хафиз» атағының берілуіне бірауыздан келісті. Зерттеушілер түрлі ғылымды жетік меңгерген ибн Хажарды жан-жақты, энциклопедиялық ғұламалар қатарына жатқызады. Өйткені ол хадис ілімімен қоса, фиқһ, араб грамматикасы мен әдебиеті сияқты ғылым салаларын да терең меңгеріп, бұл салаларда да құнды еңбектер жазып қалдырған.

Ұстаздары: Ибн Хажар өз заманындағы атақты ғұламардан тәлім-тәрбие алды. Айтар болсақ, ас-Садр ас-Сифти, әл-Жамал ибн Заһира, әш-Шәмс ибн әл-Қаттан, ән-Нур әл-Адами, Сиражуддин әл-Балқини, Иззуддин ибн Жамаға, әл-Һаммам әл-Хауаризми, әл-Фәйрузабади, әл-Мухиб ибн Һишам, әл-Бәдр әл-Биштәки, Әбу Али аз-Зифтауи, ән-Нур әл-Бирмаси, әт-Тәннухи, әз-Зәйн әл-Ирақи т.б.

Шәкірттері: Ибн Хажардың көптеген шәкірттері де өзі секілді ислам өркениетінің дамуында өшпес із қалдырған. Олардың арасында Зәкәрия ибн Мухаммад әл-Ансари, Шәмсуддин Мухаммад ибн Абдуррахман ас-Сахауи, әл-Жамал Ибраһим әл-Қалқашанди, әш-Шараф Абдулхақ ас-Сунбати, әл-Бурһан әл-Буқағи, әл-Изз ибн Фаһд тағы басқа ғұламалар бар.

Еңбектері: Ибн Хажар еңбектерінің ең бірегейі ― Бұхаридың Сахихына жасаған түсіндірмесі ― әл-Фатхул-Бари. Онан кейінгі тізбекте сахабалар антологиясы әл-Исаба фи Тәмииз ас-Сахаба, Инбаһ әл-Ғамр би әнбә’и әл-Амр, Тақриб әт-Тәһзиб, Тәһзиб әт-Тәһзиб, Таажил әл-Мәнфаа би рижали әл-Ә’имәти әл-Арбаа, Булуғ әл-Марам мин Әдилләти әл-Ахкам, әд-Дирая фи тахриж Ахадис әл-Һидая, Раф әл-Иср ан құдати Миср, әд-Дурәр әл-Кәминә фи Аайан әл-Ми’ати әс-Сәминә, Лисан әл-Мизан, әл-Маталиб әл-Алия би зауа’ид әл-Мәсәнид әс-Сәмәния, Нухбат әл-Фикәр фи Мусталах Әһли әл-Әсәр, әл-Қаул әл-Мусәддәд фи әз-Зубб ан Муснад әл-Имам Ахмад кітаптары келеді.

Қайтыс болуы: Ибн Хажар һижри 852 жылдың Зул-Хижжа айының он сегізі күні жұмадан сенбіге қараған түні дүниеден өтті. Алла Тағала оған рахым еткей! Артында қалдырған мол мұрасын мұсылмандардың өз игіліктеріне жаратуларын нәсіп еткей! Әмин.

Кітап туралы: Асқаланидың қосымша ізгі амалдар тақырыбы саласында жазылған, негізінен, ғибраттар мен нақыл сөздерді қамтыған бұл кітабының алғашқы аты «Әл-Истиидәд ли йәумил-миаад» яғни, «Қайтар күнге дайындық» болса да, мұсылман әлемінде «Мунаббиһат» яғни, «Ескертулер» деген атпен де мәшһүр болған.

بِسْــمِ ٱللهِ الرَّحْمٰنِ الرَّحِيـمِ

Екілік бап

Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Екі қасиеттен абзал ештеңе жоқ: Аллаға иман келтіру мен мұсылмандарға пайда келтіру. Екі нәрседен асқан қасиетсіздік жоқ: Аллаға серік қосу мен мұсылмандарға зарар беру».

****

Пайғамбар (с.а.с.) басқа хадисінде былай деген: «Ғалымдардың мәжілістеріне қатысып, даналардың сөздеріне құлақ қойыңдар. Алла Тағаланың жауын арқылы құнарсыз топыраққа жан бітіргеніндей хикметтер арқылы өлі жүректер тіріледі».

****

Әбубәкір (р.а.) былай дейді: «Қабірге жол азықсыз (ізгі амалдарсыз) кірген адам ашық теңізде кемесіз қалғанмен бірдей».

****

Омар (р.а.) былай дейді: «Дүние даңқы малмен, ақырет даңқы ізгі амалмен шығады».

****

Осман (р.а.) былай дейді: «Дүниені ойлаумен жүректі кір басады, ақыретті ойлаумен жүректі нұр басады».

****

Әли (р.а.) былай деген: «Білім жолында іздену жәннатты іздеумен тең, күнә жолында жорту тозаққа асыққанмен тең».

****

Яхия ибн Муғаз былай дейді: «Асыл жанды пенде Аллаға асылық танытпас, шын данагөй дүниені ақыреттен жоғары қоймас».

****

Ағмаш былай дейді: «Кімнің байлығы тақуалық болса, оның тапқан діни пайдасын сипаттауға тіл жетпес, ал кімнің байлығы тек дүние болса, оның тартқан зиянын сипаттауға тіл жетпес».

****

Суфиян Сәури былай депті: «Нәпсіқұмарлықпен болған күнәнің кешірілуіне үміт бар, бірақ тәкаппарлықпен болған күнәның кешірілуіне жоқ. Оның себебі, Ібілістің күнәсі тәкаппарлықтан болатын, ал Адам Атаның күнәсінің негізі құмарлықтан еді».

****

Кейбір зәһид-тақуалардан қалған мынадай сөз бар: «Кімде-кім күліп жүріп күнә қылса, Алла оны жылатып тозаққа кіргізеді. Кімде-кім Алла жолында жылап ғибадат етсе, Алла Тағала оны күлдіріп жәннатқа кіргізеді».

****

Кейбір даналар былай депті: «Кішкентай күнәларға салғырт қарама. Өйткені үлкен күнәлар кішкентай күнәлар арқылы көбейіп шығады».

****

Пайғамбар (с.а.с) былай деген екен: «Қайта-қайта істелінген күнә кішкентай болмас, жарылқау тіленген күнә үлкен болмас».

****

Ескіден қалған мынадай сөз бар: «Алланы танушының бар қамы Алланы мадақтау болса, зәһид-тақуаның мұңы – дұға. Оның себебі Алланы танушының бар мұңы – Раббысы, тақуаның бар мұңы – жеке басы».

****

Бағзы даналардан мынадай сөз қалыпты: «Кімде-кім Алладан артық жақыным бар деп ойласа, ол оның Алла жөніндегі танымының аздығын білдіреді. Кімде-кім өзінің нәпсісінен асқан дұшпаным бар деп ойласа, ол оның өзінің нәпсісін танымағандығы».

****

Әбубәкір (р.а.) «Адамдардың істеген істері себебінен құрылықта да, теңізде де бүлінушілік шықты» (Рум, 41) деген аяттағы құрылықты тіл, ал теңізді жүрек деп түсіндіріп: «Пенденің тілі бұзылса, адамдар жылайды, ал егер жүрегі бұзылса, періштелер жылайды», – деген екен.

****

Ескілерден қалған мынадай сөз бар: «Нәпсіқұмарлық патшаларды құл етеді. Ал, сабырлылық құлдарды патша етеді». Жүсіп пен Зылиханың қыссасы бұған айқын мысал емес пе?

****

Ескіден қалған тағы бір нақыл мынадай: «Ақылы көшбасшысы болып, нәпсісі тұтқыны болғанға нұр жаусын! Керісінше, нәпсісі көшбасшысы болып, ақылы тұтқыны болған қандай қасырет!».

****

Даналар былай депті: «Күнәлардан тыйылғанның жүрегі жұмсарар, арамды жеуді тоқтатып, тек адалмен азықтанғанның ой-пікірі тазарар».

****

Алла Тағала пайғамбарларының біріне былай уахи етіпті: «Бұйырған нәрселеріме бойсұн, айтқан кеңестеріме қарсы шықпа».

****

Даналар айтқан мынадай нақыл сөздер бар: «Адам ақылы Алланың разылығын іздеп, қаһарынан аулақтауымен толысады».

****

«Бекзат жан үшін жат жер жоқ, надан үшін Отан жоқ».

****

«Аллаға бойсұнып жақындаған пенде адамдар арасында ғаріп (бөтен) болар».

****

«Тәннің қозғалысы оның тірі екендігін білдіргені сияқты Аллаға бойсұнып, әрекет ету Алланы танудың айғағы».

****

Пайғамбар (с.а.с) былай деген: «Барлық күнәлардың түп негізі – дүниені жақсы көруден, барлық бүліктердің түп негізі – үшір мен зекет бермеуден».

****

Бұрынғылардан қалған нақыл сөздер:

«Өзінің кемшілігін мойындаушы әрдайым мақтаулы. Өйткені кемшілікті мойындай білу – көркем қасиет».

****

«Нығметке шүкірсіздік ету – күнә, ақымақпен бірге болу – қасірет».

****

Бір ақын былай деп бәйіт айтқан екен:

Бауырым! Дүниеге мас болып, бойкүйездікке ұрындың,

Қалмағайсың ғапілетте, салғанша ажал құрығын.

Өлім айтып келмейді, қабірде жолдас – амалың

Дүниеде сабыр қыл, жеткенше уақыт – ажалың.

****

بِسْــمِ ٱللهِ الرَّحْمٰنِ الرَّحِيـمِ

Үштік бап

Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Кім ертемен тұрғанда тіршіліктің тарлығына арызданып тұрса, онысы Раббысының тағдырына арызданумен тең. Дүние үшін өкініп тұрған Аллаға ашуланып тұрғанмен тең. Кімде-кім бір байға оның байлығы үшін жағымпазданса, дінінің үштен бірі кетеді».

****

Әбубәкір Сыддық (р.а.) былай деген: «Үш нәрсеге үш нәрсемен жетуге болмайды. Байлықққа арманмен, жастық шаққа боянумен, мықты денсаулыққа дәрі-дәрмекпен».

****

Омар (р.а.) былай деген: «Адамдармен жақсы мәміле жасай алу – ақылдың жартысы, жақсы сұрақ қоя білу – білімнің жартысы, істі жақсы басқара алу – тіршілік етудің жартысы».

****

Осман (р.а) былай деген: «Кімде-кім дүниені тастаса, Алла оны жақсы көреді, кімде-кім күнәларды тастаса, оны періштелер жақсы көреді, кімде-кім мұсылмандардың мал-мүлкіне сұқтануды қойса, оны мұсылмандар жақсы көреді».

****

Әли (р.а.) былай депті: «Дүние нығметін сұрасаң Исламнан артық нығмет жоқ, шұғылданатын іс сұрасаң тағат-ғибадаттан артық амал жоқ, ал, ғибрат боларлық нәрсе сұрасаң өлімнен артық ғибрат жоқ».

****

Абдолла ибн Масғұд былай деген: «Біреулер нығмет-байлықпен мас, біреулер жалған мақтау-дәріптеумен мас, ал енді біреулер күнәларын ешкім білмегеніне мәз».

****

Дәуіт пайғамбар (а.с.) былай деген: «Зәбур кітабында мынадай нақыл бар: «Ақылды пенде үш нәрсемен айналыссын: ақыретіне азық дайындасын, осы дүниенің тіршілігін қылсын, рахат-ләззатқа адал жолмен жетсін»».

****

Әбу Һурайраның (р.а.) риуаятында Пайғамбар (с.а.с.) былай деген екен: «Пендені құтқаратын үш нәрсе, қирататын үш нәрсе, дәрежесін көтеретін үш нәрсе, күнәларын жуатын үш нәрсе бар. Құтқаратын үш нәрсе:

Оңашада да, жарияда да Алладан қорқу;
Кедейлікте де, байлықта да жақсы ниетте болу;
Разылықта да, ашуда да әділ болу.
Ал үш қирататын нәрсе:

Қатты сараңдық;
Созылмалы әуейілік;
Өзіне-өзі таң қалу.
Дәрежені көтеретін үш нәрсе:

Сәлемдесу;
Адамдарды тамаққа шақыру;
Жұрт ұйықтап жатқанда намаз оқу.
Күнәні жуатын үш нәрсе:

Суық түндерде дәрет алу;
Жамағат намаздарына бару;
Намаздан соң келесі намазды күту».
****

Жебірейіл періште (а.с.) Пайғамбарымызға (с.а.с.) былай депті: «Ей, Мұхаммед! Қалағаныңша өмір сүр, бірақ түбінде сен о дүниеліксің. Қалағаныңды сүй, бірақ түбінде сен одан ажырайсың. Қалаған іс-әрекетіңді істе, бәрінің де жазасы бар».

****

Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Қиямет күні ешқандай көлеңке жоқ, адамдар шақырайған күннің астында тұрғанда Алла Тағала тек үш адамға Өзінің Аршысының астында көлеңке береді. Олар:

Мәкруһ істері үшін дәрет алушы;
Қараңғы уақыттарда (құптан,таң намаздарында) мешітке барушы;
Аш қалған адамды тамақтандырушы».
****

Ибраһим пайғамбардан (а.с.) Алла Тағала қандай қасиетің үшін сені дос тұтты деп сұрағанда ол: «Үш қасиетім арқылы:

Алланың ісін барлық істерден жоғары қойғаным;
Алла Тағала жүктеген нәрселерге ден қойғаным;
Түскі асымды да, кешкі асымды да тек қонақпен бірге ішкенім арқылы», – деген екен.
****

Даналар былай депті: «Қайғы-мұңнан үш нәрсемен арылуға болады: Алланы зікір етумен, Алланың уәлилерімен кездесумен, даналардың сөздерімен».

****

Хасан Басри былай депті: «Әдебі жоқтың білімі жоқ, сабыры жоқтың діні жоқ, тақуалығы жоқтың мейірімі жоқ».

****

Бәни Исраилда бір жігіт білім іздеп шығыпты. Оның бұл ісі сол кездегі пайғамбарға жетіп, ол әлгі жігітке былай деп хат жазыпты: «Ей, жігітім! Мен саған үш қасиет туралы насихат айтамын. Оларда бұрынғылардың да, соңғылардың да ілімі бар:

Оңашада да, жарияда да Алладан қорық;
Жұртқа тіліңді тигізбе, олар туралы тек жақсы сөйле;
Алдыңдағы асыңның адал жолмен келуіне мұқият бол».
Осыдан кейін әлгі жігіт білім іздеуге шықпаған екен.

****

Бәни Исраилда сексен сандық кітап жинап, бірақ сол ілімнен пайда алмаған бір кісі болыпты. Сонда Алла Тағала сол замандағы пайғамбарға былай уахи етіпті: «Әлгі кітап жинаушыға айт! Қанша көп жинасаң да мына үш нәрсені істемей білімің еш пайда бермейді:

Дүниені сүйме, ол мүміннің мекені емес;
Шайтанмен дос болма, ол мүміннің досы емес;
Ешкімге зарар берме, ол мүміннің ісі емес».
****

Әбу Сүлеймен Дарани мінәжаттарында былай дейді екен: «Ия, Иләһім! Менен күнәларым туралы сұрасаң, мен Сенен кешірімің туралы сұраймын. Менің сараңдығым туралы сұрасаң, мен Сенің жомарттығың туралы сұраймын. Ал тозағыңа кіргізсең, мен тозақтағыларға Сені жақсы көретінім туралы айтамын

****

Бұрынғылардан қалған нақыл сөз: «Адамдардың ең бақыттысы – жүрегі таза, денесі сабырлы, қолындағы барға қанағат етушісі».

****

Ибраһим Нахағи былай депті: «Сендерден бұрынғылар үш нәрсемен сәтсіздікке ұшырады: көп сөйлеу, көп тамақ ішу, көп ұйықтау».

****

Яхия ибн Муғаз ар-Рази былай деген: «Дүниені өзін тастамай тұрып тастаған, өлмей тұрып ізгі амал жасаған, Раббысына кездеспей тұрып Оның разылығына жеткен адам сау болсын».

****

Әли (р.а.) былай депті: «Алланың жолын, Пайғамбарының жолын, әулиелерінің жолын ұстамаған пенде барлық нәрседен мақұрым қалады». Одан Алланың жолы туралы сұрағанда: «Сырды жасыра білу», – депті. Ал Пайғамбарының жолы туралы сұрағанда: «Адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу», – депті. Әулиелерінің жолы туралы сұрағанда: «Адамдардың жәбірлеуіне шыдау», – деген екен.

****

Бізден бұрынғылар үш нәрсені өсиет етіп қалдырыпты:

– Кімде-кім ақыретіне амал істесе, Алла Тағала оның дінін де, дүниесін де өз кепілдігіне алады.

– Ішкі дүниесін жақсартқанның Алла Тағала сыртқы (жария) дүниесін де жақсартады.

– Алла Тағала Өзімен арадағы байланысын түзеткен пенденің адамдармен байланысын да дұрыстайды.

****

Әли (р.а.) былай деген екен: «Алла Тағала алдында адамдардың жақсысы бол, нәпсі үшін адамдардың жаманы бол, адамдар үшін адамдардың біреуі бол».

****

Алла Тағала Ұзайыр пайғамбарға былай уахи етіпті: «Ей, Ұзайыр! Бір кішкене күнә жасап қойсаң, сен оның мардымсыздығына қарама, кімнің алдында кінәлі екеніңді ойла. Егер аздаған жақсылыққа қол жеткізсең, оның аздығын ойлама, оны кім бергенін ойла. Егер бір бәлеге тап болсаң, ол үшін Мен туралы бүкіл халыққа арызданба. Өйткені, Маған жамандықтарың туралы хабар жеткенде сен туралы періштелеріме арызданбаймын ғой».

****

Хатим әл-Асам былай деген екен: «Құдайдың құтты күні маған шайтан келіп: «Бүгін не жейді екенсің? Не киеді екенсің? Қайда тұрар екенсің?» – деп азғырады. Ал мен оған: «Ішер асым – өлім. Киер киімім – кебін. Тұратын орным – қабір» деп жауап беремін».

****

Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Кім күнәнің қараңғылығынан шығып, бойсұну, құлшылық жолына түссе, Алла оны мал-мүліксіз де байытады, себепсіз де қолдайды, туыс-таныссыз да абыройын арттырады».

****

Бірде Пайғамбар (с.а.с.) сахабаларына (р.а.) шығып: – Қалай тұрдыңдар? – деп сұрапты. Сонда олар (р.а.): – Аллаға мүмін болып тұрдық, – деп жауап беріпті. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): – Имандарыңның белгісі қандай? – деп сұрапты. Сахабалар (р.а.): – Бәле-жалаға сабыр, жағдайға шүкірлік, тағдыр-қазаға разылық білдіреміз, – депті. Сонда Расулалла (с.а.с.): – Қағбаның Иесімен ант етейін, сендер нағыз мүмінсіңдер, – деген екен.

****

Алла Тағала пайғамбарларының біріне мынадай уахи түсіріпті: «Кімде-кім Маған Мені сүйген кейіпте жолықса, оны жәннатыма кіргіземін. Кімде-кім Маған қорқулы күйде жолықса, оны тозағымнан алыстатамын. Кімде-кім Маған ұялған түрде жолықса, жазушы періштелерге оның күнәларын ұмыттырамын».

****

Абдолла ибн Масғұд былай деген: «Алланың парыз еткен нәрселерін орында, сонда адамдардың ең құлшылығы көбі боласың. Алланың харам еткен нәрселерінен тыйыл, сонда адамдардың ең тақуасы боласың. Алланың берген несібесіне қанағат қыл, сонда ең бай адам боласың».

****

Салих әл-Марқади бір ескі жұрттың үстіне өтіп бара жатып: «Сенің алғашқы елің қайда? Сені тұрғызған құрылысшыларың қайда? Сенің кейінгі тұрғындарың қайда?» – деп сұрапты. Сонда: «Олардың іздері жоғалды, денелері топырақтың астында шіріп кетті, олардан бар қалған нәрсе ― мойындарындағы амалдары», – деген дауыс естілген екен.

****

Әли (р.а.) былай деген екен: «Кімнен үстем болсаң, сен оның әміршісісің, кімге кіріптар болсаң, сен оның тұтқынысың, кімге тәуелді болмасаң, сен оның теңдесісің».

****

Яхия ибн Муғаз былай депті: «Дүниенің барлығын тәрк ету бәрін алумен тең. Кім оны бүтіндей тастаса, бүтіндей иелік еткен болады. Кім оны бүтіндей алса, одан бүтіндей айрылған болады.Оған қол жеткізу – оны тәрк етуде, одан айрылу – оны алуда».

****

Ибраһим әл-Әдһәмге: «Тақуалыққа (зуһдке) қалай жеттің?» – деп сұрағанда ол: «Үш нәрсемен: қабірге қарасам, қараңғы екен, онда жалғыз болады екенмін, ақырет жолы алыс екен, ал менде жол азық жоқ екен, Жаббар Ие қазылық қылады екен, ал пенде Оның алдында ешқандай айғақ келтіре алмайды екен».

****

Арифтердің (Алланы танушылардың) ұлысы Шибили өзінің мінәжаттарында былай дейді екен: «Ия, Иләһім! Өзіңе пақырлығым мен дәрменсіздігіме қарамастан Өзіңе барлық жақсылықтарымды ұсынуды жақсы көремін. Ия, Ием! Маған мұқтаж еместігің сияқты жамандықтарымды өзіме қалдыруды қалайша ұнатпайсың?».

****

Шибилидің басқа сөздері: «Аллаға жақын болғың келсе нәпсіңнен аулақта», «Раббыңа деген сүйіспеншіліктің тәттілігін сезінсең, одан айрылудың ащы дәмін де сезер едің».

****

Суфиян әс-Сәуриге Аллаға сүйіспеншілік қалай болатындығы туралы сұрақ қойылғанда ол: «Әдемі жүздерден, сыңғырлаған дауыстардан, шешен сөздерден алыстау арқылы болады», – деген екен.

****

Ибн Аббас былай деген екен: «Зуһд (тақуалық) сөзі үш әріптен тұрады: зай: «зәд лил маъад» – о дүниеге жол азық, һа: «һудән лид-дин» – дініңе жолбасшы, дәл: «тәркуд-дүниә» – дүниені тәрк ету».

****

Басқа жерде былай деген екен: «Зуһд (тақуалық) үш әріптен құралған: зай: «тәркуз-зинә» – әшекей-зейнетті тастау, һа: «тәркул-һауа» – әуейілік, нәпсіқұмарлықты тастау, дәл: «тәркуд-дүниә» – дүниені тәрк ету».

****

Хамид әл-Ләффафқа бір кісі келіп, одан өсиет-кеңес айтуын сұрапты. Сонда Хамид: «Дініңе кітаптың сыртындай мұқаба жаса», – депті. Әлгі кісі: «Ол қалай?» – деп сұрағанда Хамид: «Тек зәру нәрселерді ғана сөйлеу, дүниеден тек зәру нәрселерді ғана алу, адамдармен тек зәру қарым-қатынастарда ғана араласу. Ал зуһд-тақуалықтың түп негізі үшеу – үлкен-кіші екендігіне қарамай харам нәрселерден аулақтау, жеңіл-қиындығына қарамай парыздарды орындау, аз-көптігіне қарамай дүниені өзінің тұрғындарына қалдыру», – деген екен.

****

Лұқман Хакім өзінің ұлына былай өсиет етіпті: «Ей, ұлым! Адам баласы үш бөліктен тұрады: үштен бірі Алланікі, үштен бірі өзінікі, үштен бірі құрт-құмырсқанікі. Алланікі болғаны – рухы.Өзінікі болғаны – амалы. Ал құрт-құмырсқаға болғаны – денесі».

****

Әли (р.а.) былай депті: «Үш нәрсе есте сақтау қабілетін жақсартып, сілекейді тоқтатады: мисуак, ораза, Құран оқу».

****

Кәғб әл-Ахбар (р.а.) былай депті: «Мүміннің үш қорғаны бар: мешіт, Алланы зікір ету, Құран оқу».

****

Бағзы даналар былай деген екен: «Алла Тағала үш нәрсені тек сүйген құлына береді: кедейлік, ауру, сабыр».

****

Адамдар Ибн Аббастан күндердің, айлардың және амалдардың ең хайырлылары туралы сұрағанда ол: «Күндердің қайырлысы – жұма, айлардың қайырлысы – рамазан, амалдардың қайырлысы – уақытында өтелген парыз намаз», – деген екен.

****

Ибн Аббастың аталмыш жауабын адамдардан естіген Әли (р.а.): «Бұл сұрақтар Батыс пен Шығыстың ғұламалары мен даналарына, фақиһтарына қойылса да нақ Ибн Аббастың жауабындай жауап бере алмас еді. Солай болса да бұған менің қосарым: амалдардың қайырлысы – Алла қабыл еткені, айлардың қайырлысы – Аллаға қайтып, шынайы тәубе жасаған айың, ал күндердің қайырлысы – дүниеден аман-сау мүмін ретінде шығып, Алла Тағалаға қайтатын күнің», – деген екен.

****

Бір шайыр мынадай бәйіт айтыпты:

Кезегімен күн мен түн қысқартуда аз ғұмырын пенденің

Әуейілікті қой, бауырым, ақылдан қазір кенде кім?

Дүниеге салма көңілді, алданба қызыл-жасылға,

Отан болмас ол мүмінге, айналар түбі жасынға.

Өлместен бұрын амал қыл, құтқар қара басыңды,

Сенбе дос пен жақынға, бірі де қалмас қасыңда.

****

Бұрынғыдан қалған нақыл сөз: «Алла бір пендесіне хайыр қаласа, оның дін туралы түсінігін арттырады, дүниеде тақуа етеді, өзінің күнәларын көрсетеді».

****

Расулалла (с.а.с.) былай дейді:

«Сендердің дүниелеріңнен маған үш нәрсе сүйкімді болды: хош иісті сулар, әйелдер, әсіресе намаз көзімнің қарасындай болды».

Сол кезде Пайғамбардың (с.а.с.) жанында сахабалар отыр еді. Әбубәкір (р.а.) тұрып: «Рас айтасың, Расулалла! Маған да дүниеден үш нәрсе сүйікті көрінді: Расулалланың жүзіне қарау, Расулалланың жолында малымды жұмсауым, қызымның Расулалламен бірге болуы», – деді.

Одан соң Омар тұрып: «Рас айтасың, Әбубәкір! Маған да дүниеде үш нәрсе сүйкімді көрінді: ізгілікке бұйыру, жамандықтан тыю, көнетоз киім», – деді.

Одан соң Осман (р.а.) тұрып: «Рас айтасың, Омар! Маған да бұл дүниеде үш іс сүйкімді көрінді: аш қалғандарға тамақ беру, жалаңаштарды киіндіру, Құран оқу», – деді.

Одан кейін Әли (р.а.) тұрып: «Рас айтасың, Осман! Маған да бұл дүниеден үш нәрсе сүйкімді көрінді: қонаққа қызмет көрсету, ыстық жазда ораза ұстау, Алла жолында қылышпен соғысу», – деді.

Бұлар осылай отырғанда Жебірейіл періште (а.с.) келіп былай дейді: «Алла Тәбәрәкә уа Тағала мына сұхбаттарыңды естіп мені сендерге жіберді. Менен осы дүние өкілі болсам не істер едің деп сұрауларыңды бұйырды».

Сонда олар: «Иә, Жебірейіл, сен осы дүниеде пенде болсаң не істер едің?» – деп сұрайды.

Сонда Жебірейіл (а.с.): «Үш іспен айналысқан болар едім: адасушыларды тура жолға салу, мейірім-шапағаттан күдер үзген өзге жұрттықтарға мейірімділік көрсету, жағдайы қиын көп балалы жанұяларға жәрдемдесу», – деген екен.

Сосын Жебірейіл (а.с.) былай дейді:

«Ұлы даңқтың Иесі Алла Тағала пенделерінен үш қасиетті жақсы көреді: шамасы келгенше Аллаға көп бойсұну, күнәсі үшін өкініп жылау, таршылыққа сабыр ету».

****

Даналардан қалған сөз: «Алланы танудың жемісі үшеу: Алла Тағаладан ұялу, Алла жолында сүю, Алламен бірге болуды қалау».

****

Пайғамбар (с.а.с.) былай деді: «Алланы танудың негізі – сүйіспеншілік, айқын сенімнің белгісі – ақылдылық, негізі – тақуалық пен Алланың тағдырына разылық».

****

Суфиян ибн Уяйна былай дейді: «Кім Алланы жақсы көрсе, оны Алла жақсы көргендер жақсы көреді. Алла жақсы көргендер жақсы көрсе, ол да тиісінше, олардың Алла жолында жақсы көрген нәрселерін жақсы көреді. Алла жолында жақсы көрген нәрселерді жақсы көруші өзі туралы адамдардың білмегенін қалайды».

****

Пайғамбар (с.а.с.) былай депті: «(Аллаға, Пайғамбарға деген) Махаббаттың шынайылығы үш нәрседе көрінеді:

– сүйіктісінің сөзін басқаның сөзінен жоғары қою;

– сүйіктісімен бірге болуды басқалармен бірге болудан артық көру;

– сүйіктісінің разылығын басқалардың разылығынан жоғары қою».

****

Уаһб ибн Мунаббиһ әл-Йәмәни былай деген екен: «Тәуратта мынадай сөз бар: сараң дүниені билесе де нағыз пақыр, Аллаға бойсұнушы құл болса да дәрежесі биік, қанағатшыл аш болса да бай».

****

Кейбір даналардан қалған мынадай сөз бар: «Алланы таныған пенде үшін жұртпен араласу қызық емес. Кім дүниені таныса, ол үшін дүниеге құмарту болмас. Кім Алла Тағаланың әділдігіне нық сенсе, оның алдына даугерлер бармас».

****

Зун-Нун әл-Мисри былай депті: «Әрбір қорқушы қашады, әрбір сүюші іздейді, ал әрбір Алламен бірге қалуды (зікір, ғибадатты) қалаушы өз нәпсісіне жат болар».

****

Зун-Нунның басқа сөздері: «Алланы танушы тұтқындай болар, жүрегі көрер болар, Алла үшін амалы ерен болар», «Алланы танушы опалы болар, жүрегі зерек, амалы кіршіксіз болар».

****

Әбу Сүлеймен Дарани былай депті: «Дүние мен ақыреттегі бүкіл ізгіліктің түп негізі – Алладан қорқу. Дүниенің кілті – тою. Ақыреттің кілті – аш болу».

****

Даналардан қалған нақыл сөз: «Ғибадат бір кәсіпке ұқсайды: ісханасы – оңаша болу, қаржылық қоры – тақуалық, соңғы пайдасы – жәннат».

****

Мәлик ибн Динар былай деген: «Нағыз мүміндерден болуың үшін үш нәрсені үш нәрсемен қайтар: тәкаппарлықты кішіпейілділікпен, сараңдықты қанағатпен, қызғанышты насихатпен».

****

Төрттік бап

Расулалла (с.а.с.) Әбу Зәрға (р.а.) былай деген екен: «Ей, Әбу Зәр! Кемеңді жаңала, шындығында, теңіз тұңғиық терең. Жол азығыңды жақсылап әзірле, сапарың тым ұзақ. Алатын жүгіңді жеңіл ал, жолда өтуі қиын асу бар. Амалыңды шын ықыласыңмен істе, Ұлы Сыншы әрдайым бақылауда».

****

Бір шайыр былай деген екен:

Тәубе ету күнәлардан парыз болса,

Күнәны тәрк етпек лайықтырақ.

Сабыр ету әрдайым қиын болса,

Көп сауаптан айрылу айып бірақ.

Замананың жылдамдығы бір ғажайып,

Ғапылдығы пенделердің ғажап бірақ.

Қуаныштар келетін күндер жақын,

Өлім келер күн бірақ жақынырақ.

****

Кейбір даналар былай деген екен: «Төрт нәрсе жақсы, ал төрт нәрсе олардан да жақсырақ. Ұят ерлер үшін жақсы, әйел заты үшін одан да жақсы. Әр адамның әділ болғаны жақсы, алайда әміршілердің әділ болғаны одан да жақсы. Қарт адамның тәубеге келгені жақсы, алайда жас жігіттің тәубе еткені одан да жақсы. Байлардың жомарт болуы жақсы, алайда кедейдің жомарттығы одан да жақсырақ».

****

Даналар тағы былай деген екен: «Төрт нәрсе жаман, ал тағы төрт нәрсе одан да жаман. Жас жігіттің күнә істегені жаман, ал қарттың күнә жасауы одан да жаман. Сауатсыздың дүниеге берілгені жаман, алайда, ғалым адамның дүниеге берілуі одан да жаман. Барлық адамдардың ғибадатқа салғырт қарауы жаман, алайда ғұламалар мен шәкірттердің салғырт қараулары тіпті жаман. Байлардың тәкаппар болғаны жаман, кедейдің тәкаппар болғаны одан өткен жаман».

****

Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Жұлдыздар аспандағыларға (періштелерге) аманат, егер жұлдыздар жойылса ондағылар да жойылар еді. Менің әулетім үмметіме аманат, егер олар құрыса үмметім де құрып кетер еді. Мен сахабаларыма аманатпын. Егер маған бірдеңе болса сахабаларым да жойылар еді. Таулар жер бетіндегілерге аманат, егер таулар жойылса жер бетіндегілер де құрып кетер еді».

****

Әбубәкір Сыддық былай деген екен: «Төрт нәрсенің қателігін толықтыратын төрт нәрсе бар. Намаздың толықтырушысы – сәһу сәждесі, оразаның толықтырушысы – пітір садақасы, қажылықтың толықтырушысы – фидия, иманды толықтырушы – жиһад».

****

Абдолла ибн Мүбәрак былай деген: «Кім күніне он екі рәкәғат сүннет намазын оқыса ерікті намаздың ақысын өтеген болады, кім әр айдан үш күн ораза тұтса нәпіл оразаның ақысын өтеген болады. Кім күніне жүз аят оқыса Құран оқудың ақысын өтеген болады. Кім әр жұмада бір дирхем садақа берсе садақаның ақысын өтеген болады».

****

Омар (р.а.) былай дейді: «Төрт теңіз бар: әуейілік – күнәнің теңізі, нәпсі – құмарлықтың теңізі, өлім – пенделер өмірінің теңізі, қабір – өкініштердің теңізі».

****

Осман (р.а.) былай дейді: «Құлшылықтың тәтті дәмін төрт нәрсе арқылы таттым: біріншісі – Алланың парыздарын орындау, екіншісі – Алла харам еткен нәрселерден аулақ болу, үшіншісі – Алла Тағаладан сауап алу үшін халайықты ізгілікке бұйыру, төртіншісі – Алланың қаһарынан сақтану үшін жаман істерден тыю».

****

Осман (р.а.) тағы былай деген: «Төрт нәрсенің сырты артықшылық, іші парыз. Ізгі адамдармен бір болу – артықшылық, ал олардың ізімен жүру – парыз. Құран оқу – артықшылық, онымен амал істеу – парыз. Қабірді зиярат ету – артықшылық, ал қабір әлеміне дайындалу – парыз. Әл үстінде жатқан аурудың жағдайын білу – артықшылық, ал оның соңғы өсиетіне құлақ асу – парыз іс».

****

Әли (р.а.) былай деген: «Жәннатқа асыққан қайырлы іс жасауға асығар. Тозақтан қорыққан құмарлықтардан тыйылар. Өлімнің келетініне көзі анық жеткенге ләззат қалмас. Дүниені жақсы танығанға оның тауқыметтері жеңіл көрінер».

****

Пайғамбар (с.а.с.) былай депті: «Намаз – діннің тірегі, үндемеу абзалырақ, садақа Раббының ашуын басады, үндемеген абзалырақ, ораза – тозақтан қорғар қалқан, үндемеген абзалырақ, жиһад – діннің биігі, үндемеген абзалырақ».

****

Алла Тағала Бәни Исраилдағы бір пайғамбарға былай уахи етіпті: «Жаман сөздер айтпай, үндемесең, Мен үшін ораза тұтқандайсың, дене мүшелеріңмен күнә жасамасаң, Мен үшін ғибадат қылғандайсың; халайықтан ештеңе дәметпеуің Мен үшін садақа бергеніңдей, мұсылмандарға зарарың тигізбесең, Мен үшін жиһадқа шыққандайсың».

****

Абдолла ибн Масғұд (р.а.) былай депті: «Төрт нәрсе жүректі қарайтады: ашқарақтықпен мөлшерден тыс көп тамақ ішу, залымдармен бірге жүру, өткен күнәларды ұмыту, амал етпей, есекдәмелі үміт ету. Төрт нәрсе жүректі нұрландырады: тамақты тоймай ішу, ізгілермен бірге жүру, өткен күнәларды ұмытпау, амал етіп үміттену».

****

Хатим әл-Асам былай депті: «Кім төрт нәрсесіз төрт нәрсеге жеттім десе, онікі жалған. Тыйымдарынан тыйылмай, Алла Тағаланы жақсы көремін деу – өтірік. Жарлы-жақыбайды ұнатпай, Пайғамбарды (с.а.с.) жақсы көремін деу – өтірік. Садақа бермей жәннатты жақсы көремін деу – өтірік. Күнәларынан тыйылмай, тозақтан қорқамын деу – өтірік».

****

Пайғамбар (с.а.с.) былай депті:

«Сорлылықтың белгісі төртеу:

1. Алланың алдында сақтаулы тұрған өткен күнәларын ұмыту;
2. Қабыл болғанын білмей бұрынғы жақсылықтарын айту;
3. Дүниеде өзінен жоғары тұрғанға қарап өкіну;
4. Діни жағынан өзінен төменге қарап шүкірлік ету.
Сонда Алла Тағала: «Мен оны қалап едім, бірақ ол мені қаламады, сондықтан оны тәрк еттім» дейді.

Бақыттылықтың белгісі төртеу:

1. Өткен күнәларды еске алып тұру;
2. Өткен жақсылықтарын ұмыту;
3. Өзін діни тұрғыдан өзінен жоғары адаммен салыстыру;
4. Дүниелік халін өзінен төмен адаммен салыстырып, шүкірлік ету».
****

Кейбір хакімдердің айтуынша иманның төрт нышаны бар. Олар: тақуалық, ұят, шүкірлік, сабырлылық.

****

Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Төрт биік бар: дауаның биігі, әдептің биігі, ғибадаттың биігі, арманның биігі.

Дауаның биігі – аз тамақ ішу.
Әдептің биігі – аз сөйлеу.
Ғибадаттың биігі – күнәнің аз болуы.
Арманның биігі – сабырлық».
****

Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Пенденің өне бойындағы төрт жауһар бар. Бұл төртеуін төрт нәрсе кетіреді. Бұл төрт жауһар: ақыл, дін, ар-ұят, жақсы іс. Ақылды кетіретін нәрсе – ашу-ыза, дінді құртатын нәрсе – қызғаныш, ар-ұятты құртатын нәрсе – нәпсі, жақсы амалды құртатын нәрсе – ғайбат сөз».

****

Пайғамбар (с.а.с.) тағы былай деген: «Жәннаттағы төрт нәрсе жәннаттың өзінен артық:

Жәннатта мәңгілік қалу жәннаттан артық.
Періштелердің қызмет жасауы жәннаттан артық.
Пайғамбарлармен көрші тұру жәннаттан артық.
Алла Тағаланың разылығы жәннаттан артық.
Ал, тозақтағы төрт нәрсе тозақтың өзінен де жаман:

Тозақта мәңгілік қалу тозақтан жаман.
Періштелердің кәпірлерді ұрып-соғуы тозақтан жаман.
Тозақта шайтанмен көрші болу тозақтан жаман.
Тозақтағы Алланың қаһары тозақтан жаман».
****

Бір хакімнен «халың қалай» деп сұрағанда ол: «Иемммен татумын, нәпсіммен аразбын, халайықпен ыстық ықыластымын, дүниемен тек зәру жағдайда кездесемін», – деген екен.

****

Хакімдердің бірі төрт кітаптан төрт сөз таңдап алған екен. Тәураттан «Кім Алланың бергеніне разы болса, дүниеде де, ақыретте де жаны жай табады» деген сөзді, Інжілден: «Кім құмарлықтарын, нәпсісін жеңсе, екі дүниеде де абыройлы болады» деген сөзді, Забурдан: «Кім адамдардан аулақтаса дүниеде де, ақыретте де құтылады» деген сөзді, Құраннан «Кім тілін сақтаса дүниеде де, ақыретте де аман-сау болады» деген нақыл сөздерді таңдаған екен.

****

Абдолла ибн әл-Мүбәрәк былай деген екен: «Бір дана кісі хадистерді оқып шығып оның ішінен қырық мыңын таңдап алыпты. Сосын оның арасынан төрт мыңын таңдап алыпты. Сосын оның ішінен төрт жүзін таңдапты. Сол төрт жүзден қырық таңдапты. Сосын сол қырықтан төртін таңдап шығарған екен. Олардың біріншісі: «Қандай жағдайда да әйелге сенбе», екіншісі: «Қандай жағдайда да малмен мақтанба», үшіншісі: «Асқазаныңа ауыр келетіндей ас ішпе», төртіншісі: «Өзіңе пайда бермейтін білім жинама».

****

Мұхаммед ибн Ахмед «Мырза, нәпсісін жеңген және салихалылардан шыққан пайғамбар ретінде» (Әли Имран,39) деген Жақия пайғамбар жайындағы аят туралы: «Алла Тағала Жақияны Өзінің құлы болса да «мырза» деп атауының сыры ол төрт нәрсені жеңген болатын: нәпсісін, Ібілісті, тілін және ашуын», – деген екен.

****

Әли (р.а.): «Дін мен дүние аман-сау болады, егер төрт жағдай сақталынса: байлар ке-дейлерге сараңдық танытпаса, ғалымдар білгендеріне амал қылса, сауатсыздар білмеген-деріне тәкаппарлық танытпаса (үйренсе), кедейлер дүние үшін ақыретін сатпаса», – деген.

****

Пайғамбар (с.а.с.): «Алла Тағала Қиямет күні төрт түрлі топқа төрт адамды дәлелге келтіреді: байларға Дәуітұлы Сүлейменді (а.с.), құлдарға Жүсіпті (а.с.), ауруларға Аййубты (а.с.), кедейлерге Исаны (а.с.)», – деген екен.

****

Сағыд ибн Біләл былай деген: «Пенде күнә жасаса да Алла Тағала оның төрт нәрсесін үзбейді: оның ризығы тоқтатылмайды, денсаулығына зиян етілмейді, күнәсі халайыққа жария етілмейді және жазасын тез арада татпайды».

****

Хатим ибн әл-Асам былай деген екен: «Кімде-кім төрт нәрсені төрт нәрсе үшін доғарса жәннатқа кіреді. Қабір үшін ұйқыны, амал таразысы үшін мақтаншақтықты, сират көпірі үшін демалуды, жәннат үшін құмарлықты».

****

Хамид әл-Ләффаф былай деген: «Төрт нәрсенің жолын қате ойлап, кейін дұрысын таптық. Байлық дүние жинауда деп ойлап едік, сөйтсек нағыз байлық қанағатта жатыр екен. Жан тыныштығы бай-қуатты тұруда деп ойласақ, керісінше, мал-мүліктің азында екен. Қызық-ләззатты нығметтерден іздеп жүрсек, ол деннің саулығында екен. Ризық-несібені жердің бетінен іздеп жүрсек, оның кілті аспанда екен».

****

Әли (р.а.) былай деген: «Төрт нәрсенің азы да көп: ауру, кедейлік, от, дұшпандық».

****

Хатим ибн әл-Асам былай деген екен: «Төрт нәрсенің қадірін төрт адам білер. Жастықтың қадірін қарт білер. Аман-саулықтың қадірін бәлеге ұшырағандар білер. Денсаулықтың қадірін науқас білер. Өмірдің қадірін өлілер білер».

****

Шайыр Әбу Нуас былай деген екен:

Күнәларым қарап тұрсам зор екен,

Рахым-мейірі Раббымның кеңірек.

Үміттенбеймін амалыма жасаған,

Рахметіне үміттенем көбірек.

Жаратушым бір Алла нақ Ием,

Құлымын мен бой ұсынып, бас ием.

Кешірімі рахметінен болады,

Кешірмесе пенде гүлдей солады.

****

Пайғамбар (с.а.с.) былай деген екен: «Қиямет күні амалдар таразыға қойылып, тартылады. Намаз оқушылар келтіріліп, олардың амалдары таразыны басып, намаздарының қайырын көреді. Сонан соң ораза тұтушылар әкелініп, амалдары таразыны басып, оразаларының қайырын көреді. Сонан соң қажылық жасаушылардың амалдары тартылып, қажылықтарының қайырларын көреді. Осыдан соң бәлеге (ауру, кемістік) ұшырап, сабыр еткендер әкелінеді. Олардың амалдары таразыға тартыл-майды, қарыздары да есептелінбейді. Бәлемен сыналып, одан иманмен шыққандары үшін оларға есепсіз сауап жазылады. Сонда олардың мұндай есепсіз сауапқа ие болғандарын көрген бәлеге ұшырамағандар солар сияқты болмаған екенбіз деп өкінеді».

****

Кейбір хакімдер былай депті: «Адам баласы төрт рет тоналады. Өлім періштесі жанын тартып алады. Артында қалғандар мал-мүлкін бөлісіп алады. Қабірде қалған денесін құрт-құмырсқа талайды. Қиямет күні зияны тиген даугерлері істеген жақсылықтарын тонайды».

****

Бағзы даналардан қалған сөз: «Құмарлықты мақсат тұтқанға әйел керек, есепсіз мал-мүлікті мақсат еткен үшін арам айла керек, мұсылмандарға пайда тигізуді мақсат еткен үшін олармен араласу керек, ғибадатты мақсат еткен үшін білім керек».

****

Әли (р.а.) былай деген екен: «Төрт түрлі жағдайда төрт істі істеу қиын. Ашу үстінде кешірім жасау, жоқшылықта жомарттық жасау, оңашада күнә іс істемеу, өзі қорқатын немесе тәуелді кісісінің бетіне шындықты айту».

****

Зәбур кітабында Алла Тағала Дәуітке (а.с.) былай уахи етіпті: «Ақылды пенденің төрт түрлі сағаты болады: бір сағатында Раббысына мінәжат етеді, бір сағатында өзіне-өзі есеп береді, бір сағатында өзінің айыбын бетіне басатын достарына барады, тағы бір сағатында нәпсісін адал жолмен дүние қызығына қандырады».

****

Даналардан қалған сөз: «Төрт түрлі ғибадат бар: берген сертте тұру, шектерден асып кетпеу, жоққа сабыр ету, барға қанағат қылу».

****

بِسْــمِ ٱللهِ الرَّحْمٰنِ الرَّحِيـمِ

Бестік бап

Пайғамбар (с.а.с.) былай деген екен: «Кім бес нәрсені құрметтемесе бес нәрседен құр қалады.

Кім ғалымдарды құрметтемесе діннен құр қалады.
Кім әміршілерді құрметтемесе дүниесінен құр қалады.
Кім көршілерін құрметтемесе көп пайдадан құр қалады.
Кім күштілерді құрметтемесе олардың қолдауынан құр қалады.
Кім өзінің жанұясын құрметтемесе тыныш өмірден құр қалады».
****

Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Үмметіме бір заман келеді. Сонда олар бес нәрсені жақсы көріп, бес нәрсені ұмытады.

Дүниені жақсы көреді, ақыретті ұмытады.
Үлкен үйлерді жақсы көреді, қабірді ұмытады.
Мал-мүлікті жақсы көреді, Есеп күнін ұмытады.
Көп әйелі, баласы болғанын жақсы көреді, әділдікті ұмытады.
Нәпсілерін жақсы көреді, Алланы ұмытады.
Олар менен емес және менің оларға қатысым жоқ».

****

Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Алла Тағала кімге бес нәрсені берсе үстеме ретінде тағы да бес нәрсе береді:

Кімге шүкіршілік қасиет берсе оның ризығын үстемелейді;
Кімге дұғагөйлік қасиет берсе оның дұғасын қабыл етеді;
Кімге истиғфар – жарылқану тіленетін қасиет берсе оған кешірім жасайды;
Кімге тәубешілік қасиет берсе оның тәубесінің қабыл болуын даярлайды;
Кімге садақа берушілік қасиет берсе оның садақасын қабыл алуды даярлайды».
****

Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) былай дейді: «Бес нәрсе қараңғылық, бес нәрсе сол қараң-ғылықты сейілтетін шамшырақ: дүниені жақсы көру – қараңғылық, тақуалық оның шамшырағ


© Kimiya Kitani

Return to Top ▲Return to Top ▲