Жас буынға бағыт-бағдар

7-қараша күні «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат Петропавл темір жол көлігі колледжінде Дін істер басқармасының ұйымдастыруымен өткен «дөңгелек үстелге» қатысты. Отырыста колледж студенттеріне «Жат ағымдар және олардың өрескел қателіктері» турасында сөз қозғалды.

Сондай-ақ олардың елімізде пайда болу себептері, мақсаттары осы орайда «Қызылжар» ораталық мешіті тарапынан  атқарылып жатқан шаралар турасында әңгіме өрбіді. Отырыс соңында студенттер тарапынан ағымдарға қатысты әр түрлі сауалдар қойылып, тұшымдас жауап алынды. Отырсқа елуге тарта студенттер қатысты

Return to Top ▲Return to Top ▲