Қала, аудан имамдарының жиналысы

Ағымдағы жылдың 4 тамыз күні «Қызылжар» орталық мешітінде қала, аудан  имамдарының жарты жылдық және   өткен қасиетті Рамазан айындағы атқарылған іс-шаралары туралы есеп беру жиналысы өтті. Жиын барысында  қала, аудан  имамы өздерінің біліктіліктерін арттыру мақсатында берілген тапсырмаларды бейнеролик арқылы және  электронды нұсқа  түрінде  тапсырды.Өңіріміздің Бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы  имамдарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта  кеткен кейбір кемшіліктердің орнын толтырып, атқарған істеріне жеке баға берілетіндігін  баса айтты.  Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тікелей тапсырмасы бойынша  аудандық, ауылдық жерлерде уағыз-насихат жұмыстарын жандандырып, жат ағымдардың алдын алуды,   тұрмысы төмен отбасылардың оқушы балаларына жаңа оқу жылына қарсы демеушілер арқылы қайырымдылық шаралар өткізуді тапсырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

Return to Top ▲Return to Top ▲