Шал ақын ауданындағы айт мерекесі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің «Қызылжар» орталық мешітінің Бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы Солтүстік Қазақстан өңіріндегі Шал ақын ауданына Ораза Айт мерекесімен және «Сейдахмет Хазрет» мешітінің ашылғанына он жыл толуымен құттықтау үшін арнайы іс сапармен барды. Ораза Айтқа тұспа тұс келген, мешіттің он жылдығы да халыққа көтеріңкі көңіл сыйлаған үлкен мерекеге айналды. Мереке барысында аудан әкімі М.Қ. Омаров халықты айтулы шарамен құттықтады.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен «дін мен дәстүр» жылы сабақтастығын ұштастыра отыра мешіт ауласында киіз үйлер тігіліп, терме-жырлар орындалып, төрт түрлі салмақта, қазақша күрес ойындары өтті. Ауыр салмақтағы балуандар түйе балуан атағына бақ сынасты. Салмақ күресі жеңімпаздарына мешіт атынан сыйлықтар берілді. Түйе балуан иесіне қара мал тарту етілді.изменен Мерекеге орай облысымыздың «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы жиналған қауымды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан Қасиетті Ораза Айт мерекесімен құттықтап, «Дін мен дәстүр» кітаптарын халыққа сыйға тартып, Алланың ақ жолынан таймаған, халық жанашырларына және асыл дініміз Исламның қанат жайып өрлеуіне үлес қосқан азаматтарға мақтау қағаздары мен алғыс хаттарын табыс етті.измененный «Сейдахмет Хазрет» мешіт имамының бастамасымен аудандағы жағдайы төмен мектеп оқушыларына 100 мың теңге көмек ретінде берілді.

Return to Top ▲Return to Top ▲