ҚҰРАН КӘРІМ БОЙЫНША ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН СӘТТІ АЯҚТАҒАН ИМАМДАРҒА СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен оқу бағдарламасы аясында облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде Құран Кәрім бойынша арнайы дәрістер ұйымдастырылды. Білім жетілдіруге бағытталған бұл оқуға қала және аудан мешіттерінің имамдары қатысты.

Аталған дәрістердің негізгі мақсаты – имамдардың Құран ілімі саласындағы білімдерін тереңдетіп, діни қызмет сапасын арттыру. Бағдарлама барысында қатысушылар Құран оқу қағидалары, тәжуид ережелері және діни уағыз жүргізудің маңызды бағыттары бойынша дәрістер тыңдады.

Дәрісті облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Мұхаммадсолих Мирзаев жүргізді. Ұстаз қатысушыларға Құран Кәрімді дұрыс оқу мен оны насихаттаудың маңыздылығы жөнінде кеңінен түсіндіріп, тәжірибелік сабақтар өткізді.

Жиын соңында оқу бағдарламасын толық әрі нәтижелі аяқтаған имамдарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен арнайы сертификаттар табысталды.

Return to Top ▲Return to Top ▲