ТҮРКІСТАНДА ӨТКЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНДА СҚО ШӘКІРТТЕРІ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Түркістан қаласында қыздар арасында өткен V республикалық Құран жарысында Солтүстік Қазақстан облысының атынан қатысқан шәкірттер жоғары нәтиже көрсетті.

Байқауда 5 пара бойынша сынға түскен Зулфукарова Мумина мен 10 пара бағыты бойынша өнер көрсеткен Хадиршаева Зинира жүлделі II орынға ие болды.

Шәкірттердің бұл жетістігі — табандылық пен үздіксіз ізденістің нәтижесі. Ұстаздарының еңбегі мен шәкірттердің ынта-жігері республикалық деңгейдегі додада өз жемісін берді.

Жас қарилардың алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, Құран ілімін терең меңгере беруіне тілектеспіз.

Return to Top ▲Return to Top ▲