“Бір айда бір кітап оқы” жобасы аясында Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен “Korkem soz” оқырмандар клубы құрылды. Тұсаукесерге облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы – Хамзат Қажымұратұлы Әділбеков арнайы қатысып, кітап оқудың маңызы, білімнің адам өміріндегі орны туралы құнды насихат айтты.
Korkem soz оқырмандар клубы – жамағаттарды кітап оқуға баулу, жастар арасында кітап оқу медениетін қалыптастыруды көздейді.
Мұнда біз:
– Ай сайын бір кітап тандап, оқимыз.
– Кітап мазмұны бойынша сұрақ – жауаптар мен ой қозғайтын сауалдар қоямыз.
– Өз ой – пікірімізді, алған әсерімізді еркін түрде ортаға саламыз.
– Жеке даму, мотивация және рухани тақырыптар аясында әңгіме өрбітеміз.
– Белсенді оқырмандарға шағын сыйлықтар қарастырымыз.
Толық ақпаратты @qyzyljar.jastary парақшасынан біле аласыздар!



