«AGROMINERALSSK» ЖШС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ИЕСІ УАҚЫПНАМА АЛДЫ

Петропавл қаласында орналасқан «AgroMineralsSK» ЖШС компаниясының иесі Танатканов Самат Козыевич игі ниетпен уақыпнама алды.Уақыпнаманы Абдулла Мухаммад Қасымханұлы, СҚО бойынша Уақып қорына жауапты маман, ресми түрде табыстады.

Самат Козыевич ауыл шаруашылығы саласында, атап айтқанда жер өңдеу мен егін шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштар мен арнайы қоспалар өндіру және жеткізу бағытында еңбек етіп келеді. Ол осы кәсібінен түсетін табысының бір бөлігін уақып жолына арнап, ислам дінінің өркендеуіне үлес қосуға ниет білдірді.

Бұл сауабы үзілмей жалғасатын жария садақаның көркем үлгісі.
Осы игі қадамы үшін Уақып қоры Танатканов Самат Козыевичке шынайы алғысын білдіреді. Алла Тағала жасаған амалының сауабын еселеп, кәсібіне береке, табысына молшылық, отбасына амандық пен тыныштық нәсіп етсін!

Return to Top ▲Return to Top ▲