Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде жамағатқа арналған «Қажылық міндет, ұмра сүннет» атты семинар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында “Қажылық және ұмра” бөлімінің СҚО бойынша жауапты өкілі Мухаммадсолих Мирзаев қажылықтың парыздары, оны орындау тәртібі, ихрамның шарттары сияқты маңызды тақырыптарды жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ, ұмраның сүннет ретіндегі маңызы мен оның мұсылманның рухани тәрбиесіндегі орны туралы кеңінен сөз қозғады.
Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық әрі нақты жауаптарын алды.

