ОБЛЫСТЫҚ «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНЕН КІТАП СЫЙЛЫҒЫ

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханаға барып, ҚМДБ-ның баспасынан шыққан бірқатар кітаптарды сыйға тартты.

Мақсат — діни-рухани кітаптар қорын толықтырып, кітапхана оқырмандарын мол әдебиетпен қамтамасыз ету. Мұндай бастамалар арқылы кітапханаға келушілерге рухани тәрбиелік бағыттағы әдебиеттерге қолжетімділік артады.

Алдағы уақытта да мешіт пен кітапхана арасында серіктестік жалғасын табатын үміт бар. Оқырмандар үшін жаңа еңбектер ұсынылатын болады.

Return to Top ▲Return to Top ▲