1.Жалпы ережелер мен пайдаланатын терминдер
1.1. Осы ережелер Қазақстан мұсылмандары діни бсақармасының тарапынан ресми жолдама алып, шетелдік діни оқу орындарында білім алуға ниеттенген азаматтардың арасында қалыптасатын қатынастарды реттеу мақсатында шығарылған.
1.2. Ереженің негізгі мазмұны – қазақстандық азаматтардың шетелдік діни оқу орындарында бақылаусыз шығуына жол бермеу, Ханафи мәзһабы мен Матрудия ақидасына негізделген діни оқу орындарын бітіріп келген азаматтардың болашақта жұмысқа орналасуына көмектесу болып табылады.
1.3. Көрсетілген ережелер өз бетінше шет елдердегі діни оқу орындарда оқуға ниет танытқан азаматтарға арналған.
1.4. Осы ережелерде келесідей терминдер пайдаланады :
• теологиялық оқу орны- діни қызметкерлерді дайындайтын және діни білім беретін орта және оқу орындары;
• талапкер- шетелдік теологиялық оқу орнына түсуге ниеттенген азамат;
• ханафи мәзһабы – алғашқы құрылған сунниттік фиқһ мектебі. Бұл мәзһаб Имам Ағзам Әбу Ханифаға тән болғандықтан, Ханафи мәзһабы деп аталады;
• нострификация – шетелдік мемлекеттердің жоғарғы және арнайы орта білім бергендігі туралы құжаттарын мойындау процедурасы;
• жолдама- бір жаққа бағытталған адамға берілетін ресми куәлік;
• жолдама құжаттары – белгілі бір тәртіпке сәйкестірілген, талапкерге қатысты мәліметтерді сипаттайтын құжаттар;
• сараптама – ғылым , техника,өнер, т.б. салаларда арнайы таным, білім мен білік талап ететін қандай да бір мәселеге зерттеу жүргізу;
• ҚМДБ сараптау комиссиясы – ҚМДБ-ның бөлім меңгерушілері немесе олардың орынбасарларынан құрылған, талапкердің оқуға жарамдылығын, білімі мен біліктілігін тексеру арқылы қорытынды шығаратын комиссия.
2. Оқуға жолдама алуға қажетті құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және талапкерлерді сараптамадан өткізу.
2.1. Талапкер шетелдік оқу орнына шығу үшін келесідей құжаттарды ұсыну қажет;
1. ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфтидің атына жазылған өтініш;
2. Ата – анасының, немесе заңды қақоршысының қарсы еместігін дәлелдейтін арызы.
3. Жергілікті әкімшіліктердің рұқсат қағазы;
4. Толық емес орта немесе орта білім алғандығы туралы дипломның көшірмесі;
5. Жергілікті Ішкі істер басқармасынан арнайы алдын алу есептерінде тұрмағандығы туралы анықтама, учаскелік полиция қызметкерінен мінездеме;
6. Жергілікті наркологиялық және жүйке арулары диспансерлерінің есептері бойынша анықтама;
7. Тұрғылықты мекені немесе тіркелу мекні туралы анықтама (адрестік бюро анықтамасы);
8. Сотталмағандығы туралы анықтама;
9. Фотосурет – 3,5*4,5- 4дана;
10. Төлқұжатының және жеке куәлігінің көшірмесі;
11. Жергілікті ҚМДБ өкіл имамының ұсынысы;
2.2. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды толық жинағаннан кейін талапкер ҚМДБ-ның орталық апараттарына келіп, сараптау комиссиясының тексеруінен өтіп, оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.
2.3. Сараптау комиссия мүшелері талапкерге сұрақ қою, тестілеу, сұхбаттасу немесе басқадай заңды әрекеттер арқылы оның білім деңгейін, психологиялық төзімділігін, шетелдік оқуға жарамдылығын анықтап, арнайы бланкіге қол қою арқылы өзінің пікірін білдіреді.
2.4.Талапкер шетелдік діни оқу орнын таңдау барысында Ханафи мәзһабы мен Матрудия ақидасына негізделген діни оқу орнына түсу қажет. ҚМДБ-ның діни саясатына қайшы келетін шетелдік теологиялық оқу орындарына жолдама берілмейді.
2.5. Талапкер діни оқу орнына жолдама алған кезінде Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес шетелге шығу (виза) мәселелерін толық шешіп, өзіне ұсыныс берген ҚМДБ өкілі имамына хабарлауы қажет.
2.6. Талапкер қысқа мерзімді емесе ұзақ мерзімді демалыс уақытында елге оралған кезінде өкіл имамға жолығып, сабақ процесі мен басқадай маңызды тұрмыстық мәселелер бойынша мәліметтерімен бөлісу қажет. Өкіл имам өз тарапынан аталған мәліметтерді топтастырып, ҚМДБ орталық аппаратына хабарлама жолдап отырады.
2.7. Шетелдік теологиялық оқу орнын бітіріп келген талапкер ҚМДБ-ның құрамында жұмыс істеу үшін шетелдік дипломын нострификациядан өткізіп, қосымша сараптау комиссиясымен сұхбаттасудан өтеді. Оның нәтижесі бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады.
2.8. Осы ережелерде көрсетілген талаптармен келіспеген талапкерге шетелдік теологиялық оқу орнына жолдама берілмейді.
ҚМДБ-ның Діни оқу-ағарту бөлімі
,