Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, Әйел қыздар секторының ұйымдастыруымен еліміздің барлық аймақтарында 3 мамыр күні «Жақсылықта жарысайық!» қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.
Атаулы игі іске Солтүстік Қазақстан облыстық Қызылжар орталық мешітінің Әйел қыздар секторының мүшелері де белсене атсалысты.
Алла-Тағала «Ар-Рахман сүресінде, «Жақсылықтың жақсылықтан басқа қайтарымы бар ма?» дейді. Расында, адамның ең жақсысы басқаларға пайдалы болғаны. Ал амалдардың ішіндегі ең сүйіктісі, адамның жүрегіне қуаныш сыйлауы. Қызылжар орталық мешітінде өткен «Жақсылықта жарысайық» қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен 248 000 мың теңге қаражат еліміздің су тасқынынан зардап шеккен аймақтарына көмекке жұмсалатын болады.
Солтүстік Қазақстан облыстық Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі