«Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен шәкірттер арасында Құран оқу жарысы ұйымдастырылды.
Солтүстік Қазақстан облыстық, Қызылжар орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы жас құраншыларға жарыстың шартын түсіндіріп, сәттілік тіледі.
Мұндай рухани шара биыл үшінші рет өткізіліп отыр.Жарысқа 5 жас пен 24 жас аралығындағы 70 үміткер шәкірт бақтарын сынады. Жарыстың ең жас қатысушысы Нашкенова Сафия 5 жаста. Ол 10 сүрені жатқа біледі. Нақтырақ айтсақ, жарысқа қатысушылар 5 номинация бойынша бақтарын сынады. Қазылар алқасының шешімімен 2 пара бойынша Зульфукарова Мумина, 1 пара бойынша Төлеухан Азамат, Жарты пара бойынша Амиров Загир, 10 сүре бойынша Нашкенова Сафия жеңімпаз деп танылды
Жарыстың ұтысына жалпы 1 миллион теңге шығарылған.
Жүлдегерлер шарттта берілген номинациялар бойынша ақшалай сыйлықтарды қанжығаға байлады.
Солтүстік Қазақстан облыстық Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі