БАС ИМАМ ІС-САПАРМЕН Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Хамзат Әділбеков іс-сапармен Ғ.Мүсірепов ауданында болды.

Сапар аясында аталған ауданның әкімі Серік Мұхамадиевпен жүздесіп, діни ахуал талқыға салынды.

Кейін Хамзат Қажымұратұлы Ғ.Мүсірепов ауданының имам-молдаларының білімі мен біліктілігін жетілдіру мақсатында «Уағызшының тұлғалы келбеті» тақырыбында семинар өткізді.

Жұмыс күні соңында жергілікті ақсақалдармен бас қосып, бірқатар мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, жамағатпен кездесу өткізіп, «Уақыт құндылығы» тақырыбында уағыз жүргізді.

Return to Top ▲Return to Top ▲