Қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Азамат Сәрсенов «Qyzyljar» телеарнасының «Руханият» бағдарламасына қатысып, сұхбат берді.
Азамат Амандықұлы сұхбат барысында тәкаппарлық жайында әңгімеледі. Яғни, тәкаппарлықтан қалай арылу керек? Адам өзінде тәкаппарлық қасиеттің бар-жоғын қалай анықтаса болады?-деген басқа да сұрақтарға жауап берді.
«Жалпы мұсылман адам тәкаппарлық қасиеттен өте аулақ болу керек. Кімде-кімнің жүрегінде тәкаппарлықтың белгісі бар болатын болса, ол адам жәннатқа кіре алмайды.»,- деп атап өтті сұхбатында.