«Отбасы берекесі» шарасы өтті

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің «Әйел қыздар» бөлімі «Отбасы берекесі» атты іс-шарасын өткізді. Оның барысында көрермендер арасында 3 қатысушы таңдалып алынды.

Олар шара аясында «таныстыру», «кеспеге арналған қамыр илеу», «қамырды жаю», «кеспеге арнап кесу», «өз өнерімен бөлісу» сынды кезеңдерде өзара мықтыны анықтады. Сондай-ақ, аталмыш шараға келген жандар арасында да сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылды. Іс-шараның қорытындысы бойынша үздік атанғандар грамоталармен марапатталды. Айта кетейік, осы сынды сайыстар алдағы уақытта да өткізілетін болады.

Return to Top ▲Return to Top ▲