Петропавл қалалық “Нұр” мешіті кезекті «Ашық есік» күнін ұйымдастырып, «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында танымдық іс-шара өткізді. Онда қалалық мешіттің найб имамы Қадырбек Шәріпов ер шәкірттерге арнап сонау заманнан бері жалғасып келе жатқан дәстүрлі дініміз бен әдет-ғұрпымыздың мән-маңызы туралы әсерлі уағыз айтты. Қатысушылар наиб имамға өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, толыққанды жауап алды.