Петропавл қалалық “Нұр” мешітінде «Дін және дәстүр сабақтастығы» атты «Ашық есік» күні өтті. Аталмыш шараға мешіттің найб имамы Қадырбек Шәріпов пен қалалық мешіттің әйел шәкірттері қатысты. Дін мен қазақы дәстүрлер сабақтасығын паш етуді көздеген шара барысында наиб имам сәбиді қырқынан шығарудың мәні мен пайдасы туралы уағыз айтты. Қатысушылар қызықтырған сұрақтарын ортаға салып, толыққанды жауап алды.