Бүгін Елордамыздағы «Астана» медресе колледжіне жаңа басшы тағайындалды. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы медресе ұжымымен кездесіп, жаңа басшы Сматаев Ибрагим Келдібайұлын таныстырып өтті. Еңбек жолын Ақмола өңіріндегі ауылдық мешіттерден бастап, Астана қаласының мешіттерінде, «Зекет» қорының Астана өкілдігінде жемісті түрде жалғастырған Ибрагим Келдібайұлының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, көпшілікті Бас мүфти бұйрығымен таныстырды.
Наурызбай қажы Тағанұлы ұстаздар ұжымына да өз алғысын білдіріп, білім жолындағы жаңа жетістіктерді бағындыруға шақырды. Ілім іздеген шәкірттерге 2007 жылы айқара ашылған бірегей білім ордасына 2016 жылы колледж мәртебесі берілген болатын. Діни оқу ордасындағы білім жүйесі мен біліктілікті барынша дамытып, ұжымдаса жемісті еңбек атқаруға үндеді. «Астана» медресе колледжінің бұрынғы директоры Бекзат Ақжігітовке осы жылдар ішінде атқарған қарымды қызметі үшін ізгі тілегін білдіріп, басқа қызметке ауысуына орай жаңа қызметтік табыстар тіледі.
Сматаев Ибрагим Келдібайұлы 1989-1991 жылдары Астана мешітінде діни сауат ашып, 1992-1996 жылдары Түркиядағы «Имам хатиб» медрсесінде тәмамдаған. 2015-2018 ж.ж Ресейдің Қазан қаласындағы Ислам университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша білім алған.
1991-1992 ж.ж Ақмола облысы, Изобильное ауылының Бас имамы, 1996 – 2005 ж.ж Ақмола облысы, Аршалы ауданының Бас имамы, 2005-2006 ж.ж Ақмола облысы Орталық мешітінің іс-басқарушысы, 2006-2015 ж.ж Астана қаласы «Төлебай» мешітің Бас имамы, 2015-2017 ж.ж «Нұр Астана» орталық мешітінің іс-басқарушысы, 2017 жылдан осы уақытқа дейін ҚМДБ-ның «Зекет» Корпоративтік қорының Астана қаласы бойынша өкілдігінің директоры қызметін абыроймен атқарып келді.