«Қызылжар» орталық мешіті жанындағы жергілікті ақпарат насихат тобы Рамазан айының қарсаныңда облыс аудандарында насихат жұмыстарын жүргізді. Соның бір тобы Тайынша ауданының Қарағаш, Теңдік, Чкаловка, Зеленый Гай ауылдарының, Тайынша аудандық орталық мешіті жамағатымен кездесті. Кездесуде  «Қызылжар» орталық мешітінің азаншысы Кеңес Қарамысов ҚМДБ ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының  Рамазан айымен құттықтауы оқып, Үндеуде айтылған ізгі амалдар жайлы халыққа түсіндірді. Сондай ақ, жиында «Рамазан айының артықшылығы» тақырыбында уағыз айтылып, жастардың білімге ықыластарын ояту арқылы діни оқу орындарына шақырылды. Мешіт жамағаты Оразаға қатысты сұрақтарын қойып, жауап ала алды.

DSC02464.jpg (640×480)

Return to Top ▲Return to Top ▲