7 имам әйгілі әл-Әзһарда білімін шыңдайды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Мысыр Араб Республикасының әл-Әзһар университеті арасындағы ғылыми ынтымақтастық келісімге сәйкес, 7 имам 3 айлық білім жетілдіру курсында ілім алуға аттанды. Cоның ішінде СҚО өңірінен «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Қайыргелді Руслан аталған тізімге ілікті
Діни басқармада Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиевтің төрағалығымен мәжіліс өтіп, Мысырда білім алатын имамдарға нұсқаулықтар мен бағыт-бағдар берілді. ҚМДБ Оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев дін қызметкерлеріне сәттілік тілеп, тиісті кеңестерімен бөлісті.
«Әйгілі әл-Әзһар университетінде білім алу – үлкен абырой һәм жауапкершілік. Сондықтан оқуда белсенділік танытып, талмай ілім алуларыңызға тілектеспін», – деді Ғылымбек Мәжиев.
Айта кетейік, еліміздің әр аймағынан келген 7 имам арнайы куәлік алады. 

Return to Top ▲Return to Top ▲