Бөлім басшысы Қызылжарда

ҚМДБ қайырымдылық және уахып істері бөлімінің басшысы Тұрдыбаев Камалжан Бекбосынұлы Солтүстік Қазақстан облысы  Петропавл қаласындағы іс-сапарында III аймақтық имамдар форумында ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз Сатыбалдыұлының құттықтау сөзін жеткізіп, «Жеті рухани қазықтың» имандылық құндылығы бойынша «Тәрбиенің түп қазығы – имандылық» тақырыбында баяндама жасады.

Аталмыш игі іс-шарамен қатар бөлім басшысы СҚО «Қызылжар» орталық мешітіне қарасты қайырымдылық мекемесінде болып, білім талапетушілерге батасын берді. Петропавл қалалық телеарнасындағы «Руханият» бағдарламасына сұхбат беріп, іс-сапар «Қызылжар» қалалық мешітінің жамағатыменен кездесумен аяқталды .

Return to Top ▲Return to Top ▲