Әйел – қыздар секторының ұйымдастыруымен сайыс


17.02.2019 жылы «Қызылжар» орталық мешітінде әйел – қыздар секторының ұйымдастыруымен «Ал, қанекей, қыздар – ай!» атты аспаздық сайыс өтті. Сайысқа мешіттің сауат ашу курсының шәкірттері қатысты. Үш кезеннен тұратын сайыста қыздар аспаздық қабілеттерін көрсетіп, тез әрі дәмді тағамдарды жасауға тырысты. Әділ қазылар алқасы ең жылдам, дәмді, әсемделген тағамдарды жасаған қатысушыларға сыйлықтар, алғыс хаттар табыс етті.

Return to Top ▲Return to Top ▲