ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНМЕН ҮЗДІКСІЗ ОЙНАҒАН ҚЫЗ ЖАНАРЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

Қытай елінің тұрғыны ұялы телефонындағы ойындарға беріліп кеткені соншалық, оның бұл құмарлығы бір көзінен айырылуға әкеліп соққан. 21 жастағы бойжеткенге офтальмолог дәрігер «көздің ішкі тор қабығындағы артерия окклюзиясы деген анықтама қойып отыр.

Әдетте, бұл дерт жасы келген жандарда байқалатынын ескерсек, өрімдей қыздың жанарынан айырылуы смартфон ойындарының «арқасы» екені сөзсіз.

«Әдетте, менің демалыс күндерім былай өтетін: таңғы алтыда оянып, тамақтанып болғасын смартфонымдағы ойындарға кірісемін. Сол отырғаннан сағат төрттерге дейін тапжылмайтынмын. Сосын барып оны-мұны жеп, ойынға қайта кірісетінмін. Кейде, тіпті, ойынға берілгенім соншалық, тамақтануды ұмытып кететінмін», – дейді жанарынан айырылған қытай қызы.

Return to Top ▲Return to Top ▲