Ұлыбританияда шариғат шәлісі мектеп формасына енгізілмек

Тұңғыш рет Ұлыбританияда мұсылманның шариғат шәлісі ресми түрде мектеп формасының бір бөлігіне айналады.  Англияның солтүстік-батысында орналасқан Ланкаширдегі Сэр Джон Серсби мектебінің әкімшілігі сабаққа ыңғайсыз орамалмен қатысуға мәжбүр болып жүрген мұсылман қыздарға қамқорлық жасады.

Сол себептен арнайы бірыңғай хиджаб үлгісін құру туралы шешім қабылданды. Енді мектеп әкімшілігі оқушылармен және олардың ата-аналарымен жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар олардың барлық пікірлері мен тілектерін қабылдауға дайын.

muftiyat.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲