Қызылжарлық қыз-келіншектер акцияны қолдады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасы бойынша «Қызылжар» орталық мешіті су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жәрдем көрсету мақсатында «Көмек керуені» қайырымдылық акциясын жариялаған болатын. Оған үн қосып, қол ұшын беріп жатқан азаматтар ақшалай да, заттай да көмек көрстеуде.

Ал жұма күні «Қызылжар» орталық мешітінің «Әйелдер-қыздар» секторы мен «Әжелер мектебі» бірлесе отырып, «Бір уыс мейірім» деген тақырыпта қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Оның баннеріне «Жақсылық жасауда өзара жарысыңдар» («Бақара» сүресі, 148-аят) деп тектен-тек жазылған жоқ. Онда олар өздері дайындаған тағамдарды және қолөнер бұйымдарын да ұсынды.

Түскен қаржы су тасқынынан  зардап шеккен тұрғындарға табыс етіледі.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

dsc04092 dsc04096 dsc04102 dsc04119 dsc04123 dsc04142 dsc04151

Return to Top ▲Return to Top ▲