Қызылжардағы Құрбан айт.

Солтүстік Қазақстан облысында Құрбан айттың алғашқы күнінде Qurban2020.kz сайты арқылы қашықтықтан құрбандыққа тапсырыс берілгендерге қызмет жасалды. Атап айтар болсақ, уәкілеттік арқылы өңір бойынша 12 ірі қара мал, 215 қой, 4 ешкі шалынып, 515 мұқтаж отбасыларына және 6 арнайы мекемелерге мешіт қызметкерлері мен еріктілер арқылы  үйлестірілді.

Жылда көпшілік үшін бірнеше мал сою алаңы жұмыс істесе, осы жылы бұл мақсатқа Жұмысшы кентінде арнайы жер қарастырылды. Арнайы мал сойылу алаңы барлық санитарлық талаптар бойынша жарақтандырылып, қасапханада 10 қасапшы жұмысқа тартылды.

Return to Top ▲Return to Top ▲