«Қызылжардағы» Қадір түні(ФОТО)

    «Кімде-кім Қадір түнінде шынайы иманмен, сауабынан үміт етіп ғибадат қылса, оның бұрынғы күнә-қателіктері кешіріледі», – деген хадисте (Бухари, Мүслім) қадір-қасиеті белгіленген киелі түнде қызылжарлықтар да қарсы алды. Қадір түні және екі айт сайын «Қызылжар» орталық мешітіне сыймай кететін жамағат көбеймесе, азаймапты: бұл жолы да лық  толтырды. Әсіресе, әйелдер жамағатының көптігі соншама – мешіт баспалдақтары да бос болмады.

Бір өзі мың айға татитын Қадір  түніне орай облыстық әкімдік жайған ауызашар дастарқанынан олардың бәрі дәм татты.

fm__1372

dsc06999

dsc07002

dsc07007

dsc07010

 dsc07019

Онда облыс қажыларының, ардагерлердің және мұсылман диаспораларының өкілдері лебіздерін білдірді. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы Қадір түні туралы уағыз-насихат айтты.

dsc07013

fm__1405

fm__1395

fm__1408

fm__1414

fm__1455

dsc06974

dsc06981

dsc06984

dsc06988

dsc06991

dsc06993

    Бұл күнгі тарауық намазында жамағаттың есінде қалған оқиға болды. Рамазан айының басынан бері  Құранды үзбей хатым еткен үш қари қасиетті кітапты толық аяқтады. Хатым батасы жасалғаннан кейін үш қариға ҚМДБ өкілдігінің Алғыс хаттары тапсырылды. Өңір орталығындағы төрт мешітте Құран хатым түсірген жеті қаридің барлығы да осындай марапатқа ие болды.

dsc07021

fm__1509

fm__1525-2

fm__1532-2

fm__1534

fm__1539-3

fm__1547

fm__1552-2

fm__1557

Қадір түні тартымды өтті. «Қызылжар» орталық мешітінің астында да, үстінде де ерлер мен әйелдер жамағаттары қызықты викторинаға қатысты. Оның жүлдегерлеріне сыйлықтар тапсырылды. Рамазан айына қатысты толып жатқан мәселелердің жауаптары көрсетілген буклеттерге ие болған Қызылжар жамағаты Қадір түнін таң бозарғанша мешітте өткізді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲