ҚАЛАЛЫҚ «МУХСИН» МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Қалалық «Мухсин» мешітінің бас имамы Абылай Құрсақов оқушылармен кезекті кездесу өткізді. Бұл жолы басқосу №25 орта мектепте ұйымдастырылды. Оның барысында Абылай Құрмашұлы «Ихсан ілімі» тақырыбында уағыз насихат жүргізіп, отаншылдық, шыншылдық, еңбекқорлық, діннің қоғамға деген әсері жайында айтты.

Жалпы, аталмыш жиынға 20-дан астам оқушы қатысты. Олар мешіт қызметкеріне түрлі сұрақтар қойып, тұшымды жауаптарын алды. Айта кетейік, осы сынды шаралар алдағы уақытта жалғасын табады.

Return to Top ▲Return to Top ▲