Уалихан ауданындағы қайырымдылық іс-шара

05.02.2015ж. СҚО, Уалихан ауданы «Қожахмет хазрет» орталық мешітінің иманы Шакенов У.А. ,алқа мүшелері Галимов Д. және Смагулов Қ.  қайырымдылық іс-шара өткізді. Кішкенекөл ауылының түрғыны Ильясов Ерлан, 2011 жылдан бері үш қыз баланы анасыз өзі жалғыз өсіріп, тәрбиелеп отыр .Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)бір хадисінде «үш қыз тәрбиелеп жеткізген, қияметте жұмақта болады» деген екен.Осы заманда қыздарын өзі тәрбиелеп, оқытып отырған әке некен саяқ.  Осы азаматтың тұрмысымен танысу барысында үйінде жағатын көмірі жоқ екендігі анықталып, көмір базасының бас маманы Жакишев Жетпісбай тегін екі тонна көмір жеткізіп берді. «Нұр» дүкенінде орналасқан кәсіпкерлер өз тарапынан үш қызды киіммен, аяқ киімдермен қамтамасыз етіп, барлығы 45 мың тенге көлемінде қай-рымдылық жасады: қысқы куртка, жылы кеудешелер, бас киімдер, қыздарға арналған шалбарлар, аяқ киімдер сатып алынды. Қайрымдылық жасаған Шарипова А., Ахметова Н.,Хусаинова Н., Талипова А., Махамбетова Г., Мукашева А. ТемирбаеваА., ЖантлеуваА., Утебаева А. Осы азаматшыларға Аллаһ разы болсын дейміз. Мешіт тарапынан 4кг  қойдың еті мен 5 кг тәттілер апарып берілді.

  

Return to Top ▲Return to Top ▲