Қазақ хандығы: Бас мүфти тарихшы-профессормен пікір алмасты

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиевті қабылдады.

Кездесу барысында Қазақ хандығының қалыптасуындағы діннің рөлі мен қазіргі уақыттағы діни хал-ахуал талқыланды.

Сонымен қатар, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қазіргі қызметі, нақты айтқанда дін мен дәстүрімізді зерттеп-насихаттауға бағытталған жұмыстары мен діни салада қолға алынып жатқан жобалары жөнінде әңгімеледі.

Тарихшы Мәмбет Құлжабайұлы Діни басқарманың «Дін мен дәстүр» бастамасы аясында ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар мен діни, рухани мұраларымызды зерттеп, зерделеу жұмыстарын қолдайтынын және болашақта мұндай игілікті істерге атсалысатынын жеткізді.

Кездесуде Алаштанушы ғалым: «Алаш орда азаматтары елдік мәселелерді талқылайтын келелі жиындарды Құран оқумен бастаған. Ұлт жанашырлары дін мемлекеттің ұйытқысы, халықты біріктіруші күш деп түсінген. Тарихтың қай кезеңізде болмасын Ислам дін халықтың ел болып ұйысуы жолында қызмет етті»,-деді.

muftyat.kz

muftyat.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲