Шаңғыдан жарыс ұйымдастырылды

Петропавлда «БАРКИ» ықшам ауданында СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен шаңғы жарысы өтті. Оған жоғары оқу орындары мен колледж студенттері және мешіт шәкірттері  қатысты.

Аязды, ашық ауа райы – шаңғы жарысын өткізу үшін таптырмас күн. Оның үстіне жарыс жолы да арнайы жақсылап дайындалған.  Жоғары оқу орнының және  колледждің студенттері білім ордаларының үмітін арқалап келген. Аралас эстафета еркін стильде өтті. Қашықтық 2 шақырым. Жарыс төрешілерінің айтуынша командалар өте жақсы дайындықпен келген.

Студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, қысқы спорт түрлерін дамытуға үлес қосу бағытында осы іс-шара ұйымдастырылды.

Return to Top ▲Return to Top ▲