“ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ” МЕДАЛІМЕН НАГРАДТАЛДЫ


Пандемия басталғалы бері облыстық “Қызылжар” орталық мешіті медициналық жабдық алуға зор үлес қосты.

Демеушілік көмектерді жұмылдыру арқылы, орталық мешіт ауруханаларға жасанды желдеткіш аппарат, оттегі концентраттарын жеткізді. Осынау игі істің басында кәсіпкер Сермұхамет Оралұлы жүрді.

Жомарт жан оттегі концентраттарын өз қаржысына сатып алды. Қасиетті жұма күні облыстың бас имамы Хамзат Қажымұратұлы Сермұхамет Оралұлына “Халық алғысы” медалін табыс етті.

Return to Top ▲Return to Top ▲