СҚО «Қарттар біздің қазынамыз»

ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруменен Петропавл қаласының мешіттерінде халықаралық қарттар күніне орай «Қарттар біздің қазынамыз», «Кәрінің бары – игі» атты мерекелік шара өткізілді.

Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы
ақ сақалды аталармен ақ жаулықты аналарға сыйлықтар таратылды.

Дін қызметкерлерінің ықылас-ілтипатына риза болған қарттарымыз берекелі мерекенің жоғары деңгейде аталып өтуіне үлес қосқан қала мешіттерінің имамдарына алғыс білдіріп, ақ баталарын берді.

Return to Top ▲Return to Top ▲