СҚО бойынша имам-молдалар сараптамадан өтті

ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан  облысы бойынша қала, аудан және ауыл имам,  молдалары сараптамадан өтті. ҚМДБ-ның құрамында Бас мүфтидің көмекшісі Балтабай Мекежанов бастаған бөлім басшылары Нұрбек Әуезханұлы және Сенсызбай Құрбанұлы бар сараптама кқмиссиясы өңірімізге келіп, жүзге тарта имам-молдалардың білімдерін тексерді.

Сараптаманың төрағасы Бас мүфтидің кеңесшісі Балтабай Мекежанов өз сөзінде имам-молдаларға сараптаманың ерекшелігі туралы және имам-молдалардың алдымен компюьтермен тест тапсырып, кейін ауызша сұрақтарға жауап беретінін түсіндіріп оларға сәттілік тіледі. Ең бастысы, бұл сараптамадан кейін имамдардың біліктілігі анықталып, әркім өзінің біліміне сай қызметінде жоғарылай алады. Бірақ, сынақты нашар тапсырғандардың имамдық қызметінің төмендеуі мүмкін екенін де жоққа шығаруға болмайды, -дейді сараптама комиссиясы.

Return to Top ▲Return to Top ▲