СУРРОГАТ АНАҒА ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАЙТЫН ЗАҢ БЕКІТІЛДІ

Жақын арада Түркия мемлекетінде суррогат ана қызметіне заңмен тыйым салынып, қылмыстық жаза тағайындалатын болмақ. Бұл жайында елдің Денсаулық сақтау министрлігі бастама көтеріп, «Ағза мүшелерін сақтау, өсіру және трансплантациялау» заңына өзгерістер енгізуді сұрап отыр.

Аталмыш заң жобасын бұзғандарға 2 мен 5 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Заң жобасында, атап айтқанда, жасанды жолмен ұрықтандырылған жұмыртқа жасушаны суррогат ананың жатырына орналастыруға тыйым салынған.

Ал, жасанды ұрықтандыру процесінің өзі тек ресми некеде тіркелген жұбайларға рұқсат етіледі.

Muslim.kz сайтынан

Return to Top ▲Return to Top ▲