Солтүстік Қазақстан облысында мәуліт мерекесі аталып өтті

«Көркем мінездердің кемелі» деген атау алған рухани кеш Н. Погодин атындағы театрда өтті. Пайғамбарымыздың туған айына, яғни мәуліт айына орай өткізілген мерекелік кешке қала тұрғындары, қарттар да, жастар да қалыспай келіп тамашалады.

Аталған кеште ҚМДБ уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы бастап уағыз айтып, артынша адам жанына әсерлі қойылымдар, арнайы хадистермен қатар, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар айтылды.
Кеш соңында арнайы ардагерлерге алғыс айтылып, марапатталды. Атап өтелік, «ұлағатты ұстаз» номинациясымен 32 жыл қызмет қылған Райхан Сыздықова апайымыз марапатталса, 46 жыл С. Мұқанов атындағы кітапханада аянбай тер төгіп, қазақ туындыларын таратқан Майра Тұрғынқызына «үздік кітапханашы» номинациясы берілді. Маңдай терімен әрекеттеніп, әдемі жетістіктерге жеткен Айтжанов Болат Қайрошұлына «еңбек адамы» атауы берілді.

Ең қуантарлығы – орындалған ардагерлер арманы. Ардагер имам Садвакасов Балтабай Шаймұратұлы мен Құранын қасынан қалдырмаған Раушан Кәрібайқызына Ұмра қажылығына жолдама берілді.

Осындай әсерлі кеш соңы қала тұрғындарына арналып жайылған аспен аяқталды.

Return to Top ▲Return to Top ▲