Рухани тәрбие- құндылық мәні

Рухани адамгершілік тәрбие- жемқорлықтың алдын алудың негізі. Осындай атаумен «Қызылжар» облыстық орталық мешітінде жиын өтті.

Тағылымды шараға өңірдің бас имамы, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері мен теологтар қатысып, қоғамдағы бармақ басты көз қысты мәселесі, сондай-ақ, рухани тәрбие және парасаттылық пен адалдық тақырыптары кеңінен талқыланды.Айта кетейік, өңірде жуық арада «Sabr» қоғамдық ұйымы құрылмақ. Аталмыш ұйым ақпараттық-ағартушылық және жастарға рухани тәлім-тәрбие беру бағытында жұмыс істейтін болады.

Return to Top ▲Return to Top ▲