РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен  17-19 сәуір күндері Алматыда Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ІХ республикалық Құран жарысы өтеді. Осыған орай  «Қызылжар»  орталық мешіті өңірлік іріктеу кезеңін ұйымдастырып,  республикалық деңгейде Солтүстік Қазақстан облысы намысын қорғаймын дегендердің арасынан үздіктерді анықтады.

Іріктеу кезеңіне қатысуға отызға жуық астаналық және Ақмола облысының жастары – қарилар медресесінің шәкірттері  ниет білдірген. ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай сайысты алғысөзбен бастап, қатысушыларға сәттілік тіледі. 

– «Сендердің ең қайырлыларың  Құранды үйреніп, үйреткендерің», –  деп Алла Елшісі Сахих Бухари өсиет еткендей,  қазіргі таңда әсіресе жастар арасында Қасиетті кітапты оқып, оны жатқа білуге деген ниет пен қызығушылық  күннен-күнге артып келеді. Еліміз бойынша өтетін Құран жарысы осындай жастарды демеп,  оларға қолдау көрсетудің, сондай-ақ көпшілікті имандылыққа ұйытып, ізгілікке баулудың  бір жолы болып отыр.  Биыл тоғызыншы рет өтетін Құран сайысы Абай Құнанбаевтың – 175 жылдығымен және ҚМДБ-ның  құрылғанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан да ол биылғы айтулы іс-шаралардың біріне айналмақ, – деді ол.

Байқау шартына  сәйкес іріктеуге қатысушылар Құран Кәрімді мәнерлеп және 30, 20 және 10 парасын жатқа оқулары тиіс болды.  Сайыс талаптарының орындалуын «Қауам ад-Дин әл-Итқони әл-Фараби ат-Түркістани»  республикалық қарилар даярлау орталығының директоры Сәдуақас қари Олжабайұлы және оның орынбасары Жеңіс қари және Атбасар медресесінің ұстазы Абдусалам Еділбайұлы қадағалады. Олар қатысушылардың оқу мәнері мен техникасына, дауыс ырғағына жіті мән берді.  Осылайша сыннан сүрінбей өткендер тізімі белгілі болып, үміткерлер арасынан республикалық Құран жарысына жолдама алғандардың есімі жарияланды. Олар: «30 пара» аталымы бойынша сайысқа түскен – Абдулғаппар Тұрсынов, «20 пара» бойынша бақ сынаған – Әлібек Қылышбек және Құранның 10 парасын жатқа оқыған  – Мырзабек Хамитов және мәнерлеп оқу бойынша үздік атанған – Әнуар Құмабаев.  «Қызылжар» орталық мешітііңн бас имамы  Кенжетай қажы Дүйсенбай жеңімпаздарды құттықтап, бірінші, екінші және үшінші орын алған қариларға ақшалай сыйлықтар табыс етті.  Сайысқа қатысушылар үшін дастарқан жайылды.  

ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі.

Return to Top ▲Return to Top ▲