Мұсылман қыз Швеция сақшысы болмақ

Швецияның сақшылар дайындайтын мектебінде 26 жасар Донна Эльджаммаль есімді мұсылман қызы дәріс алуда. Доннаның басты ерекшелігі – ол сабаққа хижабпен қатысады. Бұл оның болашақ жұмысына еш кедергі келтірмейді. Өйткені осыдан бірнеше жыл бұрын аталған ел сақшылардың киімін жаулықпен немесе тюрбанмен толықтыруға рұқсат беретін заң қабылдаған болатын.
«Кішкентайымнан адамдарға көмектесуді, әділетсіздіктің жолын кесуді қалап өстім. Тіпті сол кезден бастап сақшы болуды армандадым. Хижаб киюім арманыма қолбайлау болмайды деп сенемін. Себебі Швеция көпмәдениетті ел. Мұнда әртүрлі ұлт пен сенім өкілдері тату-тәтті өмір сүруде», – деген Д. Эльджаммаль мұсылман киімінің қызметіне еш кедергісі жоқтығын да айтып өтті.
Швецияға келген алғашқы мұсылман отбасыларының өкілі болып табылатын Донна жергілікті Питтео қаласында туып-өскен. Сондай-ақ, ол бұған дейін түрме қызметінде жұмыс істеп, біраз тәжірибе жинақтаған.

 

Еламан Қоңыровislam-orkenieti.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲