Мұсылман зираттарының маңайында тазалық жұмыстары жүргізілді

29 сәуір күні  «QAMQOR-SHARAPAT»  салттық қызмет көрсету орталығының бастамасымен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2023 жылғы жоспарлы жұмыстары бойынша «Өткенге құрмет-тіріге міндет» жобасы аясында Қызылжар өңіріндегі барлық мұсылмандар зираттарының маңайына тазалық жұмыстары жүргізілді. Қызылжар орталық және қалалық мешітінің қызметкерлері және жамағат, сондай ақ, Бескөл ауылының тұрғындары Бескөлдегі мұсылман зиратының басына жиналды.  Сауапты іске бір кісідей жұмылып, зират маңайын қоқыстардан тазартты.

Return to Top ▲Return to Top ▲