Мешіт ауласы қардан тазартылды

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ауласында қар тазалау жұмыстары жүргізілді.  

Биыл қыс қаһарына мінді. Әсіресе ақпанның ақ түтек бораны көпшілікті әбігерге салды. Мысалы, соңғы тәулікте бір айлық көлемдегі қар жауды. Сондықтан мешіт қызметкері «Жастар ісі» секторының маманы Мақсат Жұмажановтың  ұйымдастырумен мешіт айналысы ақ ұлпадан толығымен тазартылды. Игі іске қаланың ерікті жастары ат салысты. Қар түскен сайын жиналып қалатын қалың қарды тазалау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Return to Top ▲Return to Top ▲