Мешітке экскурсия жасады

Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектебінің бір топ оқушылары облыстық «Қызылжар» орталық мешітіне арнайы экскурсия жасады.

Мешіт қызметкері, «Жастар ісі» секторының маманы Мақсат Жұмажанов жас жеткіншектерді қарсы алып, мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырып, балалардың сан алуан сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, Мақсат Аманжолұлы жат ағымның зардабы мен Әбу Ханифа мәзхабы бойынша дұрыс намаз оқудың жолын да түсіндіріп берді. Экскурсия соңында алған әсерлерімен бөліскен оқушылар алдағы уақытта да Алла үйіне келетіндерін жеткізді.

Return to Top ▲Return to Top ▲